Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
№ 64 Ж.Аймауытов атындағы мектеп-гимназия
Бағыты: Математика
Секция: Математика
Тақырыбы: Теңдеу құру арқылы шығарылатын логикалық есептер
Орындаған: Асан иманғали Еркінбекұлы
5 В сынып оқушысы
Жетекшісі: Жунисбекова Ултуар Дуйсебаевна
№64 мектептің математика пәнінің мұғалімі
Шымкент – 2017
Аннотация
Зерттеу мақсаты: Логикалық есептерді шығару және қолдану
жолдарын зерттей отырып, оқушы білімін, нәтижесін өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
Зерттеу кезеңдері:
Түрлі бағыттағы логикалық есептерді шығару
Өз бетімен есептер шығару
Эксперимент әдістемесі: Логикалық есептерді шығару, өз бетімен есептер құру, интернет жүйесін қарау, баспасөз беттерінен материалдар
жинау арқылы логикалық есепті шеше білуге қызығушылығын арттыра отырып, өз бетімен жұмыстана білуге үйрету
Зерттеу жаңалығы: Негізінен логикалық есептер шығаруда өзінің білім деңгейі көтеріледі. Кең ауқымды есептерді шешуде зерттеу, ойлау қабілетін дамытып, жаңа іс –қимылға жетеледі. Пәндік икемділігі қалыптасты.
Жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы: Ғылыми жұмысты
орындаушы өз талдауларын қорытындылай келіп, жоғарыда келтірілген логикалық есептерді шығару және қолдану жолдарының тиімділігін, олимпиадалық есептерді шешуде,халықтық есептерді шешуде, математика сабағында тақырыпты жеңіл ұғынуға болатынын дәлілдеуге
ұмтылған және мектеп бағдарламасында көбірек беру қажет деп түйін жасайды.
Теориялық және практикалық маңыздылығы: Түрлі бағыттағы логикалық есептердің шығарылу жолдарымен дәлілдеуге ұмтылған. Өзіндік ой қорыту, нақты тұжырым жасау және зерттеу дағдысы оқушы бойында қалыптаса бастаған.
Аннотация
Цель исследования: При исследовании решений логических задач
и пути их применения используются знания, результаты учащихся, чтобы научить его применять их в жизни
Достарыңызбен бөлісу: |