D) Сәрсенбі
45 = 7*6 + 3 = 42+3
7 1 2 3 4 5 6
Жс Дс Се Ср Бс Жм Сн
42 43 44 45 Жауабы: Сәрсенбі болады.
5–сыныптағы: «Теңдеулер шешу» тақырыбына ұсынылатын есептер:
«Барлығы қанша қарға?»
Келеді ұшып екі қарға,
Топ достарын ертіп талға
Болды елу әлгі жиын
Санағанда демей қиын.
Болмаңыздар әбігер,
Шешімі табылар бәрі бір.
Айтпай есеп шарты кім,
Теңдеу құру тәртібін?
Жауабы: 2+х=50, х=48 қарға
«Кетті бірге нешеуі»
Кездесіп бір топ аңменен,
Болды 30 бас малменен.
Олар кетті қоштасып,
Үш түлкімен достасып.
Теңдеуді ойлап құрыңыз,
Мал санын айта тұрыңыз.
Жауабы: х+3=30, х=27 бас мал.
Шахерезада саны. 1001 түн
Бұл санның ерекшелігі неде?
Мұның ерекшелігі: бұл 1001 саны 7?11?13 сандарына қалдықсыз бөлінеді, немесе 1001=7·11·13 болады. Бірақ бұл санның ерекшелігі бұнда емес. Кез келген үш таңбалы санды 1001-ге көбейткенде шығатын көбейтіндіні осы үш таңбалы санды екі рет қайталап жазса жеткілікті болады. Мысалы: 873 · 1001 = 873873
236 · 1001 = 236236 т.с.с.
Орыстың халық есебі
Жеті шал келе жатты.
Әрқайсысының жеті балдағы бар.
Әр балдақта жеті бұтақ бар.
Әр бұтақта жеті дорба бар.
Әр дорбада жеті самса бар.
Әр самсада жеті торғай бар
Барлық торғай қанша?
Достарыңызбен бөлісу: |