Белгісіз сандарды табуға берілген есептер:
1. Марат ойлаған саннан 3-ті алып, нәтижеге ең үлкен екі таңбалы санды қосқанда 103 шықты. Марат ойлаған санды тап.
Шешуі: (х-3)+99 =103
х-3 =4
х =7
Жауабы: 7 саны
Балымнан «Сыныпта қанша ұл бала бар?»- деп сұрағанда, ол , ұлдардың санынан ең үлкен бір таңбалы санды алып нәтижеге 2 мен 3 цифрлары арқылы жазылған санды қосса, 75-тің 3-ке бөліндісі шығады. Сыныпта неше ұл бала бар?
Шешуі: (х-9)+ 23=75:3
(х-9)+ 23=25
х-9=2
х=11
Жауабы: 11 ұл бала
Дымбілмес бірінші рет сыныптағы қыздардың мұрындарын және ұлдардың құлақтарын санағанда барлығы 41 болды. Дымбілмес екінші рет сыныптағы қыздардың құлақтарын және ұлдардың мұрындарын санағанда барлығы 43 болды. Сыныпта неше қыз, неше ұл бар?
1. 41 (өзін есептеген жоқ)
2. 43 (өзін есептеді)
36 құлақ 18 ұл , 38 құлақ 19 ұл
5 мұрын 5 қыз 5 мұрын 5 қыз
Жауабы: 24
Айгүл мен Айым алма ағашынан 40 алма жұлып алды. Егер олар бірдей алма жесе, онда Айгүлде 15, ал Айымда 9 алма қалады. Айгүл қанша алма жұлып алған?
Достарыңызбен бөлісу: |