The news of research: With oleciding logical puzzles are promoted
levels of knowledge. With deciding difficult puzzles are developed intelligent abilities and lead to new olecides. Inclination to subject is promoted.
The results and ends of word: Pupil of preparing to the scientist work.
aspired to prove logical puzzles and the way of their resings. decide puzzles of Olympic will can assimilate on the lesson of math and doing conclusion that in school programme will need add more puzzles.
Theoric and practice importants: Pupil aspired to prove the ways
different logical puzzles. well minds. making conclusion and exploring abilities are developed on pupil.
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Логикалық есептердің түрлері, шығару, зерттеу жолдары
III.Қорытынды
Кіріспе
Математика абстрактылы пән болғандықтан қай оқушы болмасын бірден қабылдау өте қиын. Математиканы жақсы түсініп алған оқушы алдында тұрған мәселені анық көретін болады. Оның шешімін күні түні іздейді, ақыры табады. Сондықтан кез- келген оқушыны ауызша есептеуден бастап логикалық ойлау қабілетін жетілдіріп шыңдау үшін математика пәнін жан-жақты меңгеруі керек . Математиканы оқыу арқылы мәселені талдай білуге, нақтылауға, ұғымдарды анықтауға, ой қорытулар жасауға, дәлелдеуге тағы басқа іс – жүзінде қадам сайын логикалық білім керек. Математиканың өмірмен байланысы анық. Миды жаттықтыру үшін адамға математиканы үйрену, есеп шығару, математиканың бүкіл заңдарын басқа ғылымдарды оқығанда пайдаланады. Біздің өміріміздегенің бәрі бір – бірімен өзара байланысты. Тіршілік құбылыстарын бір – бірінен бөліп зерттеуге болмайды.
Ой – әрекетті дамыту үшін оқу материалдарына теориялық талдау жасауға, өз бетінше қорытындыға келу айрықша мән беріледі. Өз бетімен, кітаппен жұмыс жасау оқу материалдарының қандай түрлерін есте сақтау керектігін білуге, өз бетінше білімді тәжірибеде пайдалану дағдысын арттыруға мүмкіндік береді. Математика пәні ең бірінші оқушылардың қызығушылығын туғызуды талап етеді. Осы мақсатпен әр тақырыпты бастамас бұрын оқушының қызығушылығы мен белсенділігін арттыру мақсатында немесе сабақ ортасында, соңында шығармашылық есеп ретінде логикалық есептер, не болмаса тапсырмалар беріледі. Математика сабағында оқушының қызығушылығын тудыру үшін логикалық есептерді шығару шығармашылық есеп түрінде бастауыш сыныптан бастап беріледі. Математиканың сан алуан сырын сандар әлемінің қызық құбылысын, осылай өрнектеген сабақ, не сабақтан тыс жұмыс қызықты әрі ұтымды болады. Логикалық тапсырмалар қарапайымнан басталып, біртіндеп қиындап оқушылардың танымдық қызметін белсендіруге назар аударады. Сабақта алған білім дағдысы ойлау барысында қолдану мүмкіндігі оқушының зор ынтасын тудырады, білгенін тереңдетіп, жаңа іс – қимылға жетелейді. Белсенді емес оқушылар жолдастарынан кейін қалмау үшін алға ұмтылады. Логика дегеніміз спортшыға да, бишіге де, жазушығада керек қой. Өз ойыңды, сезіміңді логикалық тұрғыда дұрыс жеткізе білу-үлкен өнер. Сонымен математика сабақтарында оқушының логикалық ойлау қабілетін арттыру-теориялық білімдерін тереңдетуге, практикалық есептеу дағдыларын жетілдіруге, ғылым сырын ұғуға икемдейді. Оқушының шығармашылық іс-әрекетін бейімдейтін, ақыл ойынын дамытатын құралдардың бірі-логикалық есептер. Логикалық ойлау арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығы артады. Білсем, үйренсем дейді, тіпті математикаға қабілеті жақсы, зерек оқушылардың өздері логикалық есептерді құрастырады.
Логикалық есептердің оқу процесіндегі маңызы зор. Мұндай есептер оқушының ойлау қабілетін, математикаға деген қызығушылыған арттыру үшін өте тиімді. Логикалық есептер математикалық олимпиадаларда, әр түрлі жарыстарда жиі қолданылады. Шығармашылық деңгейдегі есептер жоғары сыныптарда да беріледі. Логикалық есептер математикалық олимпиадаларда, түрлі жарыстарда, «Кенгуру» , «ақбота» интеллектуалды ойындарында көп қолданылады. Логикалық есептердің саны да, шығару тәсілдері де алуан түрлі.Мен өзімнің қызыға да, қинала жүріп жинақтап шешімін тапқан осындай логикалық есептердің бірнеше түрлерін ұсынып отырмын.Логикалық есептер әртүрлі тақырыптарда беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |