Бағытталған жазуды ұйымдастыру (ертегі желісін құрастыр) Мақсаты: оқушылар жазу ережесін сақтап дұрыс жазуға үйрету жолдары.
Жазуға қойылатын негізгі талаптар. Сөз, сөз тіркесі, сөйлем немесе мәтінге негізделуі Тапсырмалар: Бағытталған жазу сессиясы оқушыларға:
Ойларының жоспардан шығармаға айналуын қамтамасыз етеді.
Жұмысты сыныптың сұраныстарына сай жазуға бағыттау.
Мазмұн мен мағына бойынша жазуға мүмкіндік береді.
Әдістемелік нұсқаулар: Жазу алдында - оқушыларды жоспарлауға және жұмыс жасауға ынталандыру үшін атқарылатын жұмыс түрлерін талда және түсінік бер.
Мысалы:
• Мұғалім жоспарлау мен құрастыру үрдісін құрастырады
• Сөйлем құрылысы мен пунктуацияны дамыту
• Белгілі оқиғаны жүйелі түрде баяндау
• Мақсаттарын айту және тыңдау
• Жалпы сессияда талқыланған шығарма бөлігін жоспарлау
• Ауызша дайындық: әсіресе, жазуға дағдыланбаған оқушылар үшін.
Жазу барысында – оқушылар өздігінен жаза бастайды.
Сессия оқушылардың жетістіктерін атап көрсету үшін және жүйелі жазу қабілетін сынау үшін және білімдерін тереңдету ұшін қолданылуы тиіс.
Мысалы: • Мәтіннің бірінші немесе келесі абзацын баяндап жазып, сынып алдында оқуға шақыру.
• Анық түсіну үшін қайта оқыту
• Кейіпкер ретінде жүйелілікті қолдану
• Жанрға сәйкес сөздік қор, сөз тіркестерін және сөйлемдер пайдалану.
• Табысты шығарма жазу үшін қайта оқып қарау және тексеру. Жазудан кейін – оқушыларға өздерінің шығармасын бағалауға мүмкіндік беру. Бұл өз бетінше немесе жұпта басқа оқушылар арқылы атқарылуы мүмкін.
Мысалы: • Жазбаның мақсатын және бөлімдерін талқылау.
• Оқырманға әсер ету бойынша жұмыстар жасауға бағыт беру.
• Табыс критерийлері бойынша жұмысты бағалау.
Мысалы: Ай мен күн ертегісін қайта жазуды ұйымдастыру. Немесе т.б.ертегілерді ойлап табу.
Бағытталған оқу дегеніміз не ? Бұл бастауыш және орта мектеп оқушылары өзінің жеке жұмысын ("Үй тапсырмасы") мектеп шеңберінде орындаған уақыт. Тек бақылаумен ғана емес, сонымен қатар білікті мұғалімдердің немесе қызметкерлердің көмегімен де орындау.
Қосымша сабақпен шатастырмау керек.
Бағыттылған оқу уақыты түскі тамақтан кейін дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері 14: 30-дан 16: 30-ға дейін жүргізіледі.
Жауапты мұғалім мұнда жұмыс істеу үшін қажетті атмосфераны қамтамасыз етіп оқушыларға кеңес беріп, сұрақтарына жауап береді. Ол нақты қолдау көрсете алады және қандай да бір дұрыс емес түсінікті түсіндірмені жаңарта алады. Ол сондай-ақ дұрыс жұмыс істеу үшін жұмыс орнын ұйымдастыруды, назар аударуды және әдістерді қолдануды талап етеді.