Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования


Абилдаева М.Б., Шорагаева М.Т.  №139 «Ақбөпе» балабақшасы



Pdf көрінісі
бет5/96
Дата08.01.2017
өлшемі14,44 Mb.
#1410
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96

 

Абилдаева М.Б., Шорагаева М.Т. 

№139 «Ақбөпе» балабақшасы КМҚК 

 

 

Қай  заманда  болмасын  адамзат  баласының  алдында  тұратын  ұлы  мақсат 



мұраттарының  ең  бастысы  —  өзінің  өмірін,  тәжірибесін  жалғастыратын  салауатты, 

саналы ұрпақ тәрбиелеу. Себебі, ұрпақ тәрбиесі келешегін берік ететін басты фактор 

болып саналады. 

 

Бүгінгі  таңда  ата  –ана  мен  балабақша  арасындағы  ортақ  мәселе  –  бала  тәрбиесі 



екені баршамызға мәлім. Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын 

күрделі  құбылыс.  Тәрбиенің  ең  алғашқы  негізі  отбасында  қаланып,  балабақшамен 

байланыс  арқылы  одан  әрі  жалғасады.  Баланы  туған  жерге,  елге,  халқына  деген 

сүйіспеншілікке, патриоттыққа тәрбиелеу  – аса жауапты міндеттердің бірі.«Жұмыла 

көтерген жүк жеңіл»дегендей бала тәрбиелеуде осындай міндеттерді іске асырушылар 

– балабақша мен отбасы.Осы екі арнада жүргізілген тәлім тәрбие сабақтаса, ұштаса 

жүргізілгенде ғана мақсатымыз нәтижелі болмақ. 

 

Балабақшада, ата – анамен тәрбиеші айтылған, көрсетілген нәрсеге баланың 

ықылас зейін қойып тындауына ерекше зер салғаны жөн. Отбасы, балабақшада 

үнемі  өнегелі,  ұлағатты  сөздер  айтып,  өзін  әдепті  ұстап,  ізеттілік  жасауды 

түсіндіріп отырған жөн. Сәбиге ерте бастан сәлем десу, қоштасу, үлкенге «сіз» деп 

сөйлеу, қарсы жолыққан кісіге жол беру, үлкенге орындық ұсыну, қателігі үшін 

кешірім сұрау, рұқсатсыз біреудін затын алмау, өзінен кішіге қамқорлық көрсету 

сияқты әдептілік қағидаларын үнемі есіне салып түсіндіріп санасына себезгілеп 

сініріп отырса, баланың ақыл – ойының, мінез қалпының өнегелі жаққа ойыса 

беруіне ықпалы нәтижелі болмақ. 

 

Ғабиден Мұстафин айтқандай: «Ата – ана қадірін білген бала халық қадірін 

білер,  халық  қадірін  білген  бала  ата  –  ананың  да  қадірін  біледі.  Ол  үшін  өз 

халқының  дәстүрін,  мәдениетін,  өнерін  тілін  қадірлеуді  ата  –  ана  және  ұстаз 

болып үйрету керек». 

 

Отбасы тіршілігін, дәстүрі мен рухани бағдарын зерттеу арқылы баланың мінез-



құлық  жағдайларын  анықтауға  болады.  Отбасындағы  тәрбиелеу  жұмыстарымен 

танысқаннан  кейін  алынған  ақпарат    ата-аналарды  балабақша  жұмысына 

қызықтыратын оңтайлы жағдайда құрылу керек. Яғни, ата-ана балабақшада өздерінің 

балаларына деген құрмет пен махабатты сезінуі керек. 



 

 Отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар: 

 

Отбасы  баланы  әлеуметтендірудің  алғашқы  институты  ретінде  қалыптасуының 



физикалық,  психикалық  адамгершілік  саулығының  негіздерін  қалайды.  Баланың 

жетістіктерін қажеттілігін қалыптастырады. Ресми және бейресми ереже, ұстанымдар 

нормалар мен белгілер кешенін анықтайды. Баланың қоғамда өмір сүруге даярлығын 

реттейді  және  бақылайды.  Баланың  әлеуметтік  байланыстар  туралы  ұғымын 

қалыптастырады.  Баланың  мінез  құлқының  жалпы  адамзаттың  моральдық  және 

мәдени  стандарттарына  үйретеді.  Ата-аналардың  немесе  заңды  өкілдердің  баланың 



 

42 


 

жеке  қабілеттеріне,  денсаулық  жағдайларына  дене  бітімінің  даму  деңгейіне  отбасы 

мүмкіндіктеріне сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын таңдауға құқығы бар. 

 

Отбасы тәрбиесінің міндеттері: 

Баланың дене және танымдық дамуы  үшін максималды қауіпсіз жағдайлармен түрлі 

мүмкіндіктер  жасау.  Баланы  эмоционалдық  қолдауды  қамтамассыз  ету.  Баланың 

жақын және басқа адамдармен қарым-қатынас жасауы, олармен берік қарым-қатынас 

орнатудағы  жеке  талаптарын  қанағаттандыру,  тіршілік  іс  әрекеттерінде  қауіпсіздік 

туралы  алғашқы  білімін  қалыптастыру,  өзіне-өзі  қызмет  етуге  және  жақындарына 

көмектесуге  бағытталған  қолданбалы  дағдылар  мен  іскерлікке  үйрету,  тілдік 

қатынастық  дамуын  қамтамассыз  ету,  отбасы  мен  қоғамның  дәстүрлерімен 

құндылықтарына  тәрбиелеу,  бейімімен  қызығушылығын  дамыту.  Отбасы  тәрбиесін 

ұйымдастыру  шарттары;  отбасы  бала  тұлғасын  дамытуда  оның  алғашқы  қоршаған 

ортасын құрады. 

 

Мектеп  жасына  дейінгі  мекеме  педагогтары  мен  ата-аналардың  өзара  бірігіп 

төмендегідей жұмыстарды сапалы, нәтижелі жүзеге асыру қажет: 

 

І.  Ата-аналарды  педагогикалық  үдіріске  тарту  арқылы  бала  тәрбиесінің  мақсат, 



міндеттерінің түсінуіне, бала тәрбиесін ойдағыдай іске асыруына ықпал етеміз. Ата-

ана  баланың  мүмкіндігін  ескеру,  сонымен  қатар  кідіріс  те  болдырмау  керектігін 

түсінеді.  Ата-аналардың  педагогикалық  мүмкіндіктерін  анықтайтын  жағдайлардың 

кешені  өз  деңгейінде  болу  қажет.  Олар  отбасының  тұрмыстық  жағдайы,  құрылысы 

және отбасы мүшелерінің саны, психологиялық жағдайы, мәдени білім деңгейі, ата-

ана өнегесі. 

 

ІІ.  Ата-аналарды  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеттеріне  қатыстырудың  маңызды 



нәтижесі  ата-аналар  өз  балаларының  оларға  тән  емес  ортадағы  қылығын,  оның 

басқалармен  қалай  араласуын,  білім  деңгейін,  құрдастарының  оған  деген  қарым-

қатынасын  зерттей  алады.  Өз  баласының  дамуы  басқалардан  артта  қалған  жоқ  па, 

балабақшада ол үйдегідей емес, өзін басқаша ұстауын еріксіз салыстырады. Бәрін мен 

дұрыс істеймін бе, неге менде тәрбиелеудің өзге нәтижесі қалыптасқан, неге үйрену 

керек  деген  рефлекстік  қызмет  «іске  қосылады».Жыл  бойы  жүргізілетін  жұмыс 

жоспарын  ата-аналармен  бірлесе  отырып  жасаған  тиімді.  Себебі,  ата-аналар  заман 

талабына сай өзекті мәселерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері 

ұсына алады. Сонымен қатар ата-аналардың ұсыныс – тілектерімен санаса отырып ата-

аналарға  арналған  әңгіме-лер  мен  лекциялар,  кеңестер  мен  сұрақ-жауап  кештері, 

тәрбие  жұмысын  алмасу  жөніндегі  конференциялар,  ата-аналарды  педагогикалық 

әдебиеттермен таныстыру әдіс-тәсілдері     қарастырылады. 

 

Ата-аналардың  балабақшадағы  балалардың  өмірін  мейілінше  қызықты  етіп 



өткізуіне  үлес  қосу  үшін  біздің  балабақшада  «Шебер  қолдар»  үйірмесі  жұмыс 

жасайды.  Балаларды  қол  өнердің  кейбір  түрлеріне  үйретсе,  кейбір  ата-аналар 

ертеңгіліктерге бірігіп декорация жасауға, киімдер тігу, атрибуттар дайындау сияқты 

жұмыстарға ат салысады. 

ІІІ.  Балалардың  шығармашылық  қиялы  мен  қабілеттерін  дұрыс  бағытта 

дамыту    үшін  олардың  жас  ерекшеліктері  мен  нақты  дара  ерекшеліктерін  ескере 

отырып қалыптастыру қажет. Балаларға арналған көркем шығармалар баланы шынайы 

болмысты  нақты  әрекетімен  таныстыра  отырып,  оны  көркемдеп  баяндап  баланың 



 

43 


 

сөздік  қорын  молайтып,  тілін  байытамыз.Мектеп  жасына  дейінгі  балалар  бейнелеу 

өнерімен  жалпы  топтық  ұйым-дастырылған  оқу  іс-әрекеттерінен  тыс  уақыттарда 

шұғылдана алады. Барлық білім сала-лары бойынша іске асыруға болады. Балалардың 

логикалық  ойлау  қабілеті,  интелектуал-дық  дарындылығы,  есте  сақтау  қабілеттері 

түрлі  логикалық,  сенсорлық  ойындар  арқылы  баланың  шығармашылық  қабілеті 

дамып,  ақыл-ой  белсенділігі  арта  түседі.  Шығармалар-ды,  ертегілерді,  әңгімелерді 

еске  түсіріп  сөйлеу  шығармашылығын  дамыта  отырып,  театр-лық  көрсетулер 

ұйымдастыруға  болады.  Ата-аналармен  жүргізілген  жиналыстарда  бала-лардың 

жұмыстарынан  көрме  жасап  қоямыз.  Қалыптасу  мен  дамыту  мәселелері  бойынша 

тәжірибе алмасу. 

Ата-аналармен  мейілінше  кең  тараған  жұмыстардың  бірі  ол  ашық  есік  күні. 

Мектеп жасына дейінгі мекемемен, оның дәстүрлерімен, ережелерімен, тәрбиелеу — 

оқыту  жұмыстарының  ерекшеліктерімен  таныстыруға,  олармен  қызықтыра  білуге 

және  қатысуға  мүмкіндік  береді.  Ата-аналармен  топтарға  саяхат  жасау,  балабақша 

жұмысынан  үзінді  көрсету  (ұжымдық  жұмыстар,  серуендеуге  жинау  т.с.с.)  немесе 

әдіске  ата-аналармен  әңгімелеседі,  олардың  алған  әсерлерін  анықтайды,  туындаған 

сұрақтарға жауап береді. Әңгімелерді жеке дара, ұжымдық түрінде өткіземіз. Бұл екі 

жағдай  да,  нақты  міндет:  нені  анықтау  қажеттігі,  немен  көмектесуге  болатыны 

белгіленеді, ата-аналардың пікірлерін де тыңдаймыз. 

 

Ата-анамен  балабақша  арасындағы  тығыз  қарым-қатынас,  бірлік,  ынтымақ 



жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ. 

«Ұстаз  –  бағбан,  бала-  гүл»  деген  қағида  әр  тәрбиешінің  ұстаздық  ұстанымы.  Осы 

қағиданы  ата  –  ана  мен  ұстаз  бірігіп  пайдалансақ,  балабақша  бала  үшін  ең  сүйікті 

мекенге  айналар  еді.  Бағбанға  гүлдің  әйтеуір  өскенін  гөрі,  ата  –  ана  мен  ұстазға  да 

баланың  әйтеуір  ержеткенінен  гөрі,  әдепті  болып  есейгені  қажеттірек.  Бағбан  өз 

гүлінің сапасымен мақтанатыны сияқты, ата –ана да баласының әдептілігімен ақтануы 

тиіс. 

 

«Жұмыла  көтерген  жүк  –жеңіл»  дегендей,  педагогтар  ұжымы  мен  ата  –  аналар 



бірігіп, осындай іс-шараларға белсене қатысып, балалардың тәрбиесіне көңіл бөлсе, 

жауапты, үлкен іске тамшыдай болса да үлесімізді қосқанымыз. 

 

 

Қолданылған әдебиеттер: 



1. Давыдова О.И., Богославец Л.Г., Майер А.А. Балабақшада ата-аналармен жұмыс: 

Этнопедагогикалық тәсіл - М.: ТЦ Сфера, 2005. – 144 б. - («МДҰ басқару» журналына 

қосымша).  

2.  Зверева  О.Л.  МДҰ  ата-аналар  жиналысы:  әдістемелік  құрал  /О.Л.  Зверева,  Т.В. 

Кротова. - М.: Айрис — пресс, 2006. – 128 б. - (Мектепке дейінгі тәрбие мен дамыту)  

3. Макаренко А.С. Ата-аналарға арналған кітап / А.С. Макаренко. – М.: Просвещение, 

1968.  

4.  Отбасында  баланы  мектепке  дайындау  (ата-аналарға  арналған  әдістемелік  құрал) 



Алматы 2000 ж. 

 

 



 

44 


 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ 

ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 

 

Абильдинова Сауле Мажитовна 

«Бәйтерек» балабақшасының тәрбиешісі 

 

Білім  беру  жүйесінде  жаңа  технологияны  қолдану  арқылы  келешек  ұрпақтың 



еркін  дамуына,  жан-жақты  білім  алуына,  белсенді,  шығармашыл  болуына  жағдай 

жасау  әрбір  педагогтың  міндеті.  Бүгінде  балабақшаларда    қолданып  жүрген:  Ойын 

технологиясы, М.Монтессории технологиясы, тірек сигналдар арқылы, проблемалық, 

модульдік,  дамыта,  өздігінен  оқыту,  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту,  ұлттық 

құндылықтарымызды балабақшадан бастау сияқты педагогикалық технологиялардың 

барлығы  өз  нәтижелерімен  айқындалып  келеді.  Яғни  қандай  технологияны 

қолданбасын  педагог  баланың  мүмкіндіктерін  пайдалана  отырып,  шығармашылық 

қабілетін арттыратыны айқын. 

Мария Монтессори әдісі қай кезеңде болмасын балабақшада  еш уақытта орнын 

жоғалтқан  емес.  Бала  табиғатында  білуге  құмар,  тумысынан  -  ақ  өсуге,  жетілуге 

ұмтылысы  басым.  Сондықтан  да  қарқынмен  дамып  бара  жатқан  мына  заманда 

балабақшадағы  педагогтардың  ұлттық  қалып,  ұлттық  мінезді  сақтай  отырып,  бала 

тәрбиесінің әдістерін тынбай ізденіп, жиі жаңартып отыруы заңдылық [1. 19б]. 

Мария    Монтессори  әдісі  балаларға  жауапкершілікті  сезінуге,  өздігінен  шешім 

қабылдауына,  топта  да,  жеке  де  жұмыс  жасай  алуына,  таңдау  жасай  алуына,  өз 

уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы 

жағдай туғызады. 

Бұл  әдістің  мақсаты  -  балалардың  табиғи  мінезін,  қабілетін,  тәрбиешінің 

нұсқауымен  емес,  өз  еркімен  тәуелсіздік  рухында  тәрбиелеу.  «Өзімнің  жасауыма 

мүмкіндік  бер»-дейді  мұндағы  бала.  Балаларға  дауыстап  сөйлеу  бұл  әдісте  мүлдем 

жоқ.  Ұйымдастырушысы  балаларға  әр  сала  жайлы  қызықтыра  мағлұмат  береді. 

Балалардың  жас  ерекшеліктері  әр  түрлі,  3пен  6  жас  бірге  өз  қалауларымен  жұмыс 

жасайды. Бұл жастың қабілетін ашуға, үлкеннің кішіге мейірім, қамқорлығын сезінуге 

мүмкіндік  берері  сөзсіз.  Қай  салада  жұмыс  жасау  бала  қалауында:  зертханада, 

жаратылыстану,  аспан  әлемі,  асхана,  қолөнер,  бейнелеу,  сумен,  т.  б.  Еркін  жұмыс 

жасау барысында жетістігін өзі көріп, қатесін де өзі жөндеуі - ішкі дүниесін тәртіпке 

баулып,  жеке  адамгершілік  қасиеттерін  дамытады  деп  ойлаймын.  Білім  берудің 

алғашқы  деңгейі  балабақшадан  басталады.  Осыған  байланысты  біздің  «Бәйтерек» 

балабақшаның педагогтарының  аса қызығушылығын туғызып отыр. 

Балаларды емін - еркін тәрбиелеу ұжымының практикалық тиімділігінің тамаша 

көрінісі болып табылатын М. Монтессори тәрбиелеу мен оқыту жүйесі болып отыр, 

бұнда  басты  назар бала  болса,  ал  ересек  адам  – баланы  жеке  тұлға  етіп  тәрбилеуде 

кәсіби көмекші әрі бақылаушы есебінде болады. [2. 64 б] 

Балабақшада  тәрбиешілер    күнделікті  оқу  іс-әрекеттерін    М.Монтессории 

технологиясының  элементтерін  пайдалана  отырып,  ұйымдастырамыз,      бұл 

технологияның  тиімділігі  балалардың  қай  салаға  жақын  екендігі  айқындалып,  ата-

анамен 

байланыс 



нығаяды. 

Күнделікті 

іс-әрекетімізде, 

күннің 


II-ші 

 

45 


 

жартысында  «Ойын технологиясын»  көптеп қолданамыз,  мақсаты бала белгілі – бір 

тапсырманы  орындай  отырып,  өзіне  деген  сенімділік  пайда  болады.  Баланың  жан-

жақты  дамуында  дамытушы  ортаның    маңызы  зор.  Кез-келген  оқыту  технологиясы 

тәрбиешіден  терең        теориялық,  психологиялық,  педагогикалық  шеберлікті,  бала 

дүниетанымын   терең танып,   ұғына     білуді мақсат етеді. Болашақта балалар өз 

жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, шешім қабылдауы тиіс.  Ендеше, біздің 

балабақша педагогтарының алға қойған мақсаты- баланың ойлау қабілетін жан-жақты 

дамыту мен шығармашылық пен  ізденіске тәрбиелеу болып табылады.  

Баланың  өздігінен  ізденіс  жасауына  әр  топта  барлық  жағдайлар  жасалған.  Әр 

топта  баланың  жас  ерекшелігін  ескере  отырып,  тәрбиешілер  кішігірім 

зертханалар,яғни тәжірибе жасау бұрышын  жасаған. 

 

 

 



Ата-аналармен  ынтымақтаса  жұмыс  жүргізу  барысында    топтағы  зертхана 

бұрыштарындағы құралдар ата-аналардың көмегімен толықтырулуда.  Бұл бұрышта 

қарапайым  күнделікті  тұрмыста  қолданылатын  бос  бөтелкелер,  пластмасс 

қасықтар,түрлі  көлемдегі  ыдыстар,    стақандар,түтікшелер,өлшегіш  ыдыстар,дәнді 

дақылдар  т.б  қойылған.  Және  де  таза  құм  әр балабақшада бар  екені  сөзсіз.Әр  түрлі 

тастар  жинағы,  түрлі  материалдар,  суреттер  және  танымдық  материалдар  да  ата-

аналардың  көмегімен  жиналған.  Балалардың  танымдық  қабілеттерін  дамыту 

барысында    ең    алдымен  педагогтарға  бұл  құралдарды  қолдануда,міндетті  түрде  

балалардың жас ерекшеліктерін ескеруді қажет етеді. Кіші топ балалары құм ,су жайлы 

танымдарын  кеңейтсе,  ал  ересек  топ  балаларына  осы    заттардың  арасындағы 

байланысын,қасиетін  анықтау  мақсатында  тәжірибелер  жасау  ұсынылады.  Зерттеу 

жұмыстарын жүргізу үшін   педагог тақырыптық жоспар құрады.  



 

46 


 

Жоспарлаудың бірнеше түрлері болады. 

Бірінші нұсқа- жыл бойы жәй тәжірибеден бастау, жинақтау-сұрыптау,кеңістікке 

және жыл мезгідеріне саяхат жасап,бақылау. 

Екінші  нұсқа-  тақырыптың  басқа  бейнемен  байланыстылығы.Мысалы:көлік 

түрлерімен 

ауаның 

қозғалу 


тәжірибесі, 

картамен 

саяхат,су 

асты 


көректенушілермен,судың  қозғалысы,  және  судың  қасиеті  (су-мұз-бу)  болатынымен 

байланысын зерттеу. 

Бұл зерттеу жұмыстары арқылы баланың сөздік қоры молаяды,ұсақ моторикасы 

жетіледі,қарапайым математикалық ұғымдары кеңейеді. 

Сонымен  қатар,  балада  өзіне  деген  сенімділік,өзгенін  жұмысын  бағалай 

білу,ұйымшылдық сезімдері пайда болатынын көруге болады. 

Ересек  топ  балаларымен    тақырыптық  жоспар  бойынша  жүргізілген  жұмыс 

жоспарын  ұсынғым  келеді.  Бұл  жоспарда  баланың  жас  ерекшелігін  ескере 

отырып(табиғаттағың жыл бойғы өзгерістері, алған ойын одан әрі кеңейту,).  

 

              Зертханалық жұмыс жүргізудің тақырыптық жоспары 

Айы 


Тақырыбы 

Мақсаты 


Тәжірибе 

жүргізу 


тақырыптары 

Қыркүйек 

Ауаның 

құрамымен 



танысу 

Ауаның 


құрамымен 

танысу.Тәжірибе 

үдірісінде 

ауаның 


мынандай 

қасиетін 

анықтау:серпінділігін,құрамы; 

ауаның  қоршаған  ортада  алатын 

ерекше 

орнын,ауаның 



адам 

баласына  тигізетін  әсері,және 

адамның күнделікті өмірде ауаны 

қалай 


қолданатындығымен 

таныстыру. 

«Ауа  барлық 

жерде 


болады», «Ауа 

ереке 


орын 

алады», 


«Ауыр  ауа», 

«Бөтелкедегі 

май шам»,т.б.  

 

Қазан 



 

 

 



 

 

Жер  қыртысы 



мен тастар 

 

 



 

 

 



Жер  қыртысы  мен  тастармен 

таныстыру.Магнит 

сиқыры.Тәжірибе 

барысында 

тастың 

құрамын 


анықтау.Пайдалы 

қазбалар 

туралы  және  тастың  қай  жерде 

болатынын 

қорытындылау.Балаларды 

жер 


қыртысымен таныстыру. 

«Тірі  тастар», 

«Тау дегеніміз 

не?», 


«Адамдар 

тастарды 

қалай 

пайдаланады?



»  «Магнит  өз 

бойына  қанша 

скрепканы 

тартады?», 

«Магнит 

ыныға 


әсер 

етеме»,  



 

47 


 

Қараша 


Дыбыс 

деген 


не? 

Тәжірибе  үрдісінде  дыбыстың 

қашықтықтағы  әрекеті,қашықтық 

арқылы 


дыбысты 

анықтау, 

төменгі  және  жоғарғы  дыбыстың 

айырмашылығын анықтау.. 

«Біз 

қалай 


естиміз?», «Су 

және  дыбыс», 

«Сымсыз 

телефон» т.б. 

 

Желтоқса


н 

Су 


.Судың  қасиеті.  Тәжірибе  жасау 

барысында 

судың 

қасиетін,құрамын,оның 



табиғаттағы  айналымы  жайлы, 

оның 


адамға,табиғатқа 

деген 


пайдасы жайлы түсінік беру. 

«Не  қатады?», 

«Мұз 

суға 


айналады?», 

«Суды 


қайнатқандағ

ы 

өзгерісі», 



«Түпсіз 

стақан»т.б. 

Қаңтар 

Су  


Судың 

 

қасиеті. 



Тәжірибі 

үрдісінде  судың  қасиетімен  әрі 

қарай  таныстыру,  судын  ерекше 

орын  алатын  дерегімен  және 

қоршаған  ортадағы  орналасқан 

жерлерімен. 

«Неге 

металдық  ине 



суға 

батпайды?», 

«Жүзетін 

скрепка», 

«Бөтелкенін 

түбіндегі қағаз 

неге 

су 


болмайды?» 

Ақпан 


Жер  бетіндегі 

су 


Суға  деген  қамқорлық  сезімге 

тәрбиелеу.Тәжірибе 

үрдісінде 

тұщы су, судың тазартылуы,және 

судың  үнемделуі  жайлы  түсінік 

беру. 


«Таза 

су», 


«Тәтті 

су», 


«Біз 

суды 


дұрыс 

үнемдейміз 

бе?»т.б. 

Наурыз 


Күн жүйесі 

Тәжірибе 

барысында 

күн 


жүйесі,оның 

адам 


баласына 

тигізетін  пайдасы  жайлы  түсінік 

беру. 

«Үлкен  және 



кіші 

ай», 


«Космосқа 

жол», 


«Жақын-

алыс»т.б 

Сәуір 

Әр 


түрлі 

материалдарды

ң қасиеттері 

Әр 


түрлі 

материалдардың 

қасиеттері(ағаш,тас,металл,шыны

.)  Тәжірибе  үрдісінде  балаларға 

таныс 

заттардың 



қасиеттері 

туралы түсінік беру және бекіту. 

«Ең 

пайдалысы», 



«Ішінде 

не 


бар?», 

«Кемені неден 

жасаймыз?», 

«Мен  ағашты 



 

48 


 

қалай 


қорғаймын?»,  

Мамыр 


«Білгірлер 

клубы» 


Соңғы 

отырыс 


«Білгірлер 

клубы».Қатысушылыардың ақыл-

ой 

сайысы.Жүлдегерлерге 



мадақтап,мақтау  қағаздары  мен 

медальондар тапсыру. 

 

   

Осы жоспар бойынша жүргізілетін тәжірибе үлгілері:  

                            Зертханадағы жұмыс1. [4. 17 б.] 

Қаныққан қоспалар 

          2. Суды жылыту барысында көлемінің өзгеруі.. 

Мақсаты: Суды жылыту барысында көлемінің өзгеруіін анықтау. 

Қажетті құралдар: поднос, боялған су құйылған құмыра,  түтікше салынған қақпағы 

бар бөтелке, ыстық су және суық су құйылған тегене. 

Жұмыс барысы:  

1) Подносты стүлге әкел 

2) Бөтелкенін қақпағын ашып, оған құмырадан су құй. Бөтелкені түтікше қақпағымен 

қайта жап. 

3)  1-ші тегенеге ыстық су, ал 2-ші тегенеге суық су құй. 

4) Бөтелкені ыстық су құйылған тегенеге қой. Тоқта. Не көріп тұрсын? Суретін сал. 

5) Суық су құйылған тегенеге қой. Тоқта. Не көріп тұрсын? Суретін сал. 

6) Су жылынған кезде оның көлемі көбейеді ме, азаяды ма?  

7) Ал суыған кезде қалай өзгереді? 



Қорытынды: Су ысыған кезде кқлемі ұлғаяды, ал суыған кезде азаяды. 

 

2.«Жүзетін скрепка» 



Мақсаты:  Су қабықшасының  үстіңгі күшін бақылау. 

Керекті құралдар: 

.- кең мөлдір ыдыс 

-құмыра 

-скрепка 

-шанышқы 

 

Тапсырма. 

1. Подносты үстелге әкел. 

2.Құмырадағы суды ыдысқа құй. 

3.Скрепканы суға сал,Не байқадың? 

4.Шанышқымкен скрепканы судан алып шық. 

5.Скрепканы шанышқының тістеріне қой. 

6.Скепканы жайлап шанышқымен бірге  суға түсір. Сен не байқадың? 

7.Скрепкаға не болды? 

8.Судың бетін бақыла. 

 


 

49 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет