В-третьих, формирование мотивов, побуждающих к учению. Имеется в виду не
тот естественный интерес, который проявляют ребятишки-дошкольники к школе. Речь
65
идет о воспитании действительной и глубокой мотивации, которая сможет стать
побудительной причиной их стремления к приобретению знаний. По мнению
психологов, у ребенка в пять-шесть лет еще не сформирована мотивация - учиться.
Ведь в садике основной мотив - это игра, а учеба в этот контекст включается
постепенно. И когда ребенок приходит в школу, происходит резкое изменение этих
мотивов, теперь вместо игры надо учиться.
Все эти три линии одинаково важны, и ни одну из них нельзя упускать из виду,
чтобы учеба ребенка не захромала с самого начала.
Что отличает ребенка, готового к школе?
Во-первых, такой ребенок должен уметь видеть учебную задачу, принимать ее.
Д.Б. Эльконин так и говорил об этом: первый показатель готовности к школе – «прием
учебной задачи».
Во-вторых, ребенок, готовый к школьному обучению, умеет выделять общий
способ действия. Он способен охватить ситуацию целиком, ее смысловую
состовляющую. Дошкольник же на его месте будет действовать формально.
Третья составляющая готовности к школе – появление спецефической
самооценки.
Четвертая составляющая: дошкольник живет в игровом пространстве. Его
интересует сюжет, но совершенно не интересует прцессуальная сторона деятельности.
Казалось бы, это парадокс: ведь дошкольник и мыслит-то, только что-нибудь делая.
Но он не рефлекисрует способы своей деятельности.
Вот такие спецефические составляющие школьной готовности.
Теперь надо ответить на важный вопрос. Как готовить ребёнка к предстоящему
обучению в школе?
Специально организованные занятия помогают ребенку подготовиться к школе.
Ребенку требуется постоянное закрепление знаний. Адекватное отношение к своим
«пробам и ошибкам», активность в обучении он проявляет в том случае, если
взрослый с первых дней сумеет стать для него помощником, наставником, а не
корректором и цензором.
Создавать позитивную установку в обучении можно, если будут учитываться
следующие правила.
1.
Дошкольник учится в игре, где активно и равноправно учавствуют взрослые.
2.
Необходимо учитывать принцип «от простого к сложному». Если ребенок
отвечает неуверенно, то вернитесь к простым заданиям, изменяя их содержание, но
оставляя цель.
3.
Не забывайте оценивать успехи, а при неудачах одобряйте действия словами:
«Если бы ты сделал так, тобыло бы еще лучше».
Важным показателем готовности ребёнка к школьному обучению является
развитие тонкой моторики, двигательных навыков кисти. Чем больше и
разнообразнее работа кисти, тем лучше и быстрее совершенствуются её
движения.
При подготовке ребёнка к школе важнее не учить его писать, а создавать условия
для развития.
Существует много игр и упражнений по развитию моторики.
66
Лепка из глины и пластилина, летом можно соорудить сказочный замок из песка
или мелких камешков.
Рисование или раскрашивание картинок – любимое занятие дошкольников.
Изготовление поделок из бумаги. Например, выполнение аппликаций. Ребёнку
нужно уметь пользоваться ножницами и клеем.
Изготовление поделок из природного материала: шишек, желудей, соломы и
других доступных материалов.
Конструирование.
Все эти упражнения приносят тройную пользу ребёнку: во-первых, развивают его
руки, подготавливая к овладению письмом, во-вторых, формируют у него
художественный вкус, что полезно в любом возрасте, и в-третьих, детские физиологи
утверждают, что хорошо развитая кисть руки “потянет” за собой развитие интеллекта.
Если ребёнок трудно входит в контакт со сверстниками, нужно организовывать
встречи с ними, сначала для игр, во время прогулок, а затем и для занятий и забав дома.
Постепенно у ребёнка будет вырабатываться потребность в общении, а перед
интересом к совместной деятельности отступят нерешительность и робость.
Если ребёнок непоседлив, охотно начинает любую игру, любое дело, но не
доведя до конца, берётся за что-то новое.. Такого нужно настойчиво приучать вести
себя в соответствии с той или иной ситуацией, научить хорошо и до конца выполнять
задания. Иначе он просто не сможет войти в ритм школьной жизни, будет отнесён к
числу “неуправляемых” детей и нарушителей порядка.
На пороге школы едва ли не самое главное – научить ребёнка
самостоятельности. Ведь малышу придётся выполнять одно задание за другим,
принимать решения, выстраивать личные отношения с одноклассниками и с учителем,
а значит, и нести ответственность.
В обучающем азарте родители забывают, что ребёнок пока ещё дошкольник и
потому пытаются усадить его за стол и по 45 минут “проходить” с ним предметы.
Главная задача – лишь правильно оценить объём знаний и навыков, которыми
должен владеть будущий ученик.
Математика
Совершенно не обязательно уметь считать до 100, да это, по большому счёту, и
не представляет особой сложности. Гораздо важнее, чтобы ребёнок ориентировался в
пределах десятка, то есть считал в обратном порядке, умел сравнивать числа, понимал,
какое большее, какое меньшее. Хорошо ориентировался в пространстве: вверху, внизу,
слева, справа, между, впереди, сзади и т. д. Чем лучше он это знает, тем легче ему
будет учиться в школе.
Чтение
К первому классу обычно многие дети уже худо-бедно читают, так что можно
поиграть с дошкольником в слова: пусть он назовёт окружающие предметы,
начинающиеся на определённый звук, или придумает слова, в которых должна
встречаться заданная буква. Желательно выбирать книжку с увлекательным сюжетом,
чтобы ребенку хотелось узнать, что там дальше.
Разговорная речь
67
Обсуждая прочитанное, учите ребёнка ясно выражать свои мысли, иначе у него
будут проблемы с устными ответами. Когда спрашиваете его о чём-либо, не
довольствуйтесь ответом “да” или “нет”, уточняйте, почему он так думает, помогайте
довести свою мысль до конца. Приучайте последовательно рассказывать о
произошедших событиях и анализировать их.
Общий кругозор
Многие родители думают, что чем больше слов знает ребёнок, тем более он
развит. Но это не совсем так. Сейчас дети буквально "купаются" в потоке информации,
их словарный запас увеличивается, но важно, как они ими распоряжаются.
Готовить ребёнка к школе необходимо настойчиво, умно, соблюдая меру и
такт. Тогда учение не будет мучением ни для ребёнка, ни для родителей.
Список использованной литературы:
1.
Божович Л.И. «Личность и ее формирование в детском возрасте» М. 1968г.
2.
Леоньтьев А.Н. «Деятельность, Сознание, Личность» М. 1975г.
3.
Эльконин Д.Б. Избранные психологические труды М. 1994г.
4.
Запорожец А.В. «Интеллектуальная подготовка детей к школе» //Дошкольное
воспитание 1977г.№8
5.
Загвоздкин В.К. «Готовность к школе» Сп.2011г.
6.
Каплан Л.И. «Посеешь привычку – пожнешь характер» М. 1980г.
7.
Никифорова Г.С. «Психология здоровья дошкольника» Сп.2010г.
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ АДАМГЕРШІЛІКТӘРБИЕСІ
Тәрбиеші: Абуова А.А.
«Алтын сақа» балабақшасы КМҚК
Бүгінде, ұрпақ тәрбиесі бүгінгі күннің өзекті тақырыбына айналып отыр және де
шешімін табудың мүмкіндіктері қарастырылуда. Бала - болашақтың адамы, жаңадан
қалыптасып келе жатқан ел азаматы. Ал, бүгінгі бала дүние танымымен өсіп жетілуі,
дене бітімімен көзқарасы, тіршілігі мен түсінігі бұдан 15- 20 жылғы балалардан
мүлдем өзгеше, сонымен бірге олардың әрқайсысының бір-біріне ұқсамайтын өзіңдік
дара ерешеліктері мінез-құлықтары бар. Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік
тақырыбы. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың
шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті
қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс.Ұлы Абай: «Адам ата-анадан
туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды
танидыдағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады», десе, француз
педагогы Жан Жак Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстінде
шимайды қалай салсан, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай
тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді», деген екен. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған
бұтақ кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп
бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік,
68
қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті
тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші рөл атқарады.Cондықтан, менің
ойымша жаңа өсіп келе жатқан балаларды отбасында және де балабақшада, мектепте
жақсылыққа, мейрімділікке, сүйіспеншілікке тәрбиелесе мұндай балалардан өте
ақылды да тәрбиелі ұрпақтар шығады деген ойдамын.Тәрбие әлеуметтік құбылыстарға
жатады және қоғамның өмірі мен даму факторының рөлін атқарады. Әлеуметтік
көзқарас бойынша, тәрбие арнайы жасалған мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар
арқылы жүзеге асатын сондай-ақ, қоғам қадағалап түзетіп отыратын мақсатты түрде
бағытталған жастарды осы және болашақтағы қоғам өміріне дайындау.Адамзат
тарихында пайда болған адамгершілікке көптеген категориялар: жомарттық,
сыпайылық, әділдік пен достық, ар мен намыс тағы басқалары сонау көне дәуірден
басталып, күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпаған. Мектепке дейінгі адамгершілік
тәрбие – балалардың адамгершілік-сана сезімін, мінез-құлқын қалыптастыруды
қамтиды. Дәлірек айтқанда, адалдық пен шыншылдық, адамгершілік, кішіпейілділік,
қоғамдағы және өмірдегі қарапайымдылық пен сыпайылық, үлкенді сыйлау мен
ибалық адамгершілік тәрбиесінің сатылап қамтитын жүйелі мәселелері. Адамгершілік
тәрбиесінің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз халық педагогикасын
ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыпты жан-жақты терең білумен
қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде
пайдаланғаны дұрыс. Ата-ананың болашақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан
ұрпаққа жалғасуда. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, ата-ананың
күн сайын атқарып жүрген жұмысы – балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер
айтса соны айтатынын, не істесе соны істегісі келетінін бәріміз де білеміз. Баланың
үйден көргені, етене жақындарынан естігені, ол үшін адамгершілік тәрбиесінің ең
үлкені, демек, жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның
айналасындағыларға көрсетер мен берер тәлімі мол болмақ. Жас өспірім тәлім-
тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, тәрбиешілерден насихат жолымен
емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады. Жеке тұлғаның бойындағы
жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп
оның өзін-өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-
тәрбие берілуі керек. Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында
қалыптасатыны белгілі. Сондықтан да бала тәрбиесіне келгенде ата – ананың балаға
деген тәрбие беруі улкен роль атқарады. Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде
үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті
нәрсенің бәрін де ертегіден алады. Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана
сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол,
еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.
Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат беріп, қиялға қанат
бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани
азық«, деп атап көрсеткен. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы
мұрат-міндеттерінің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы
ұрпақ тәрбиелеу.Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін
жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени — ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу
біздің де қоғам алдындағы борышымыз.Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю
69
арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен
қарайтын нағыз мәдениетті азамат қалыптасады.Халық педагогикасы – нәрестенің
сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер,
жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял-ғажайып ертегілері, ойындары, тәрбиелеп өсіру
негіздері адамгершілік ниеттерге баулиды. Олай болса, адамгершілік тәрбие беру кілті
– халық педагогикасында, ұлттық дәстүрінде. Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде
үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында, балабақшада, қоғамдық
орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап
етіледі. Халқымыздың тәлім-тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті,
қайырымдылықты, мейірбандықты дәріптейді.Ата-бабамыздың баланы бесігінен
жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген
секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-
бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық «Иман
жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған. Балаларды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың
ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілділік, қамқорлық
көрсету, адалдылық, ізеттілік секілді қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді
сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік
тәрбиесінің жемісі. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашан
да халық тәрбиесін үлгі ұстайды. Ал, адамгершілік тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы
іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре
білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз болар еді.
Адамгершілік – адамның рухани арқауы. Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы
адамгершілік қасиеттерімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Адам
баласының мінез құлқына тәрбие мен тәлім арқылы тек біліммен ақылды ұштастыра
білгенде ғана сіңетін, құдіретті, қасиетті мол адамшылдық атаулының көрініс болып
табылады.Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды
қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу
кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу
негізінде іске асады. Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек
сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп
дүнеині өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға,
үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды. Балаларда
ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ
мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады.
Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге
белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады. Әр баланың жеке басы- оның
моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау- бүгінгі күннің және алдағы күндердің
талабы, оған менің күнделікті көңіл бөлуім талап етіледі. «Балалар бақшасындағы
тәрбие бағдарламасы» мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуын, олардың
мектепке дайындығын қарастырады. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын
ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты,
саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек
қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени — ғылыми өрісі озық
етіп тәрбиелеу — біздің де қоғам алдындағы борышымыз.Ата-анаға, өзінің жақын
70
туыс жолдастарына мейірімділікке тәрбиелеу. Отбасында, мектепте, қоғамдық ортада
үлкендерді сыйлағыш болып тәрбиеленген бала, сөз жоқ әдепті бала деп танылады.
Мұндай баланы әдепті деумен қатар мәдениетті деп те танимыз. Үлкендерді сыйлау,
қайырымды болу-әдептіліктің ғана белгісі, емес, ол мәдениеттіліктің де белгісі.
Әдептілік пен мәдениеттілік егіз ұғым. Баланы жасынан әдепті, тәртіпті етіп тәрбиелей
отырып, оны мәдениеттілікке үйрете береміз. Адамның мәдениетті болуы оның
оқуына, алған біліміне ғана байланысты емес, ол оның отбасында, мектепте, қоғамдық
ортада алған тәрбиесіне, үлгі өнегесіне де байланысты.Бір нәрсе істей білсең, оны
жолдасына да үйрет, егер жолдасың қиналса, көмектес. Бар затыңды,
ойыншықтарынды жолдастарыңмен бөліс. Жолдасың жамандық істесе, оны тоқтат,
жақсы дос болу өте жақсы қасиет. Бір-біріне тек шындықты айту керек.
Жолдастарымен жұмысты орындау жөнінде келісіп, жұмыс істе. Әркім өз жұмысын
мерзімінде және адал істеу керек. Жұмыс барысында басқалардың қалай істеп
жатқанын біл. Кімнің жұмысы өнбесе соған көмектес, ақыл бер. Ойын ережелерін
сақта, арамдық жолмен ұтып алға шығуға ұмтылма. Тек қана адал күресе біл, онсыз
жеңісте қызық емес. Басқалар жеңіліп қалса табалама. Ұтылу-өкініш, бірақ еңсеңді
түсірме, жеңгенге, жеңілуге себепкер болғандарға ызаланба.«Ата-ана қадірін білмеген,
халықтың қадірін біле алмас. Халықтың қадірін білмеген ата-ана қадірін біле алмас»,-
деген Ғ.Мұстафин.Міне, осындай халық дәстүріндегі жинақталған тәрбиелік үлгі-
өнеге, салт-дәстүр, бүгінгі күнде адамгершілік, имандылық табиғи талаптармен
сабақтасып жүргізілуі тиіс.
Балабақшада берілетін тәрбие-барлық тәрбиенің бастамасы, әрі жан-жақты тәбие
мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен
мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне балабақша ошағының
тигізер әсерінің маңызы зор. Мектепке дейінгі жастағы адамгершілік-патриоттық
тәрбие дегеніміз- баланың моральдық қасиеттерін белгілі бір мақсатқа бағыттап
қалыптастыру. Адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу арқылы-моральдық түсініктердің,
әдеттердің және мінез-құлық мотивтерінің қалыптасуы бірлесіп жүзеге асады және
мектепке дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесін қамтамасыз етеді. Мектеп
жасына дейінгі балаларды адамгершілік-патриоттық сезімге тәрбиелеудің нақты
міндеттері:-балалардың үй-ішіне, жақындарына, құрбы-достарына, жалпы адамдарға,
Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгі балалардың
адамгершілік- патриоттық сезімге тәрбиелеу мазмұнына баланың Отанға, адамдарға
деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу жатады. Ол үшін алдымен балалардың ата-анасына,
үйіне, туған жеріне, оның табиғатына, өз қаласына, туған-туысқандарына, дос
құрбыларына, балабақшаға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу қажет. Ерте сәбилік
кезеңнен бастап баланы ана тілінде сөйлеуге үйрету, ауыз әдебиеті үлгілерімен
сусындату ең маңызды мәселе.Бала әдеби шығармаларды: өлең, ертегі, ән, жұмбақ,
жаңылтпаш, мақал-мәтел, батырлар жырын тыңдау арқылы ана тілінің байлығы мен
әсемдігін меңгерумен қатар оны сүюді үйренеді.Балаларды халықтың қолөнерімен,
қазіргі композиторлардың сан түрлі азаматтық тақырыптарға арналған әндерімен
таныстыру балалардың қуанышын, көңілді сезімін дамытып, еліне, туған жеріне,
ұшқыштарға, ғарышкерлерге, теңізшілерге, Отанға т.б. деген сүйіспеншілік сезімін
тәрбиелейді. Балабақшада көптеген ұлттың балалары бар, олардың бәрі бірдей
71
тәрбиеленіп, бірдей қамқорлыққа бөленеді.Осының өзі-ақ балалардың бір-біріне
жолдастық, достық сезімін тәрбиелеудің ең қолайлы жағдайы. Баланы тәрбиелеуде
оның өмірінің алғашқы жылдарынан бастап-ақ адамгершілік сезімдерін қалыптастыру
үлкен орын алады. Үлкендермен қарым-қатынас жасау процесінде оларға үйір болу,
оларды жақсы көру сезімі, олардың нұсқауларына сай әрекет жасауға, оларды
қуантуға, жақын адамдарын ренжітетін қылықтар жасамауға ұмтылу пайда болады.
Патриоттық сезімге: туған өлкесін, Отанын сүюге, басқа ұлттардың адамдарын
құрметтеуге тәрбиелеудің ерекше маңызы бар. Тәрбиеші балаларда үлкендерге құрмет
көрсетуді, өз қатарларымен дұрыс қарым-қатынас жасауды, заттарға ұқыпты қарауды
білдіретін сан алуан мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады. Бұлар әдет бола
отырып, мінез-құлық нормасына айналады: сәлемдесу мен қоштасу, біреудің
көрсеткен қызметіне рақмет айту, алған затын орнына қою, қоғамдық орындарда өзін
мәдениетті ұстау, өтінішін ізеттілікпен білдіру әдеті. Мектепке дейінгі естияр жаста
үлкендермен, өз қатарларымен мәдениетті қарым-қатынас жасау, шын айту, тазалық,
тәртіп сақтау, пайдалы іс-әрекет жасау, еңбек ету әдеті қалыптаса береді. Мектепке
дейінгі ересек жаста балалар қылығының адамгершілік мазмұнына ой жүгірте қарау
негізінде дамыған адамгершілік дағдылар мен әдеттер неғұрлым берік болады.
Тәрбиеші балалардың адамгершілік нормаларына бағынатын, саналы түрде
меңгерілген мінез-құлыққа тәрбиелейді. Адамгершілік нормалары: қайырымдылық,
сыпайылық, әділдік, қарапайымдылық, қамқоршылық, және т.б. ұғымдарды тәрбиеші
бірте-бірте балаларға түсіндіру арқылы меңгертеді.
Мектепке дейінгі балалардың адамгершілік-патриоттық тәрбиесінің мазмұны
«Балалар бақшасында тәрбиелеу бағдарламасында» көрсетілген. Оған: Отанға, өз
ұлтына деген сүйіспеншілік, оларды және олардың еңбегін құрметтеу, ұлтаралық,
ұжымдық және адамгершілік бастамасы, мінез-құлық тәртіптілігі мен мәдениеті,
мінездің ерік-жігер белгілері, жеке адамның жағымды адамгершілік сапалары
кіреді.Баланың бойында адамгершілік патриоттық тәрбиені қалыптастырудың негізгі
міндеттері мына бағыттармен түйінделеді:ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, өз
отбасына, балабақшасына, туған қаласына, көшесіне сүіспеншілікпен, қамқорлықпен
қарау, табиғатқа қамқорлықпен қарау,еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу,
қазақ халқының салт-дәстүріне қызғушылықпен қарау; мемлекеттік рәміздермен
таныстыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Сондай-ақ, тәрбиешілер
балалармен тақырыптық сабақтар өткізеді, Отан туралы, туған жер туралы тақпақ-
өлеңдер жаттатып, әңгімелеу арқылы бала бойына елге, жерге, Отанға деген
сүйіспеншіліктерін арттырады. Еліміздің төл мерекелеріне балабақшада ертеңгіліктер
өткізіп тойлайды. Осы сабақтар, ертеңгіліктерді өткізуге тәрбиешілер, ата–аналар
белсене қатысып, өз үлестерін қосады. Балаларды адамгершілік-патриоттық сезімге
тәрбиелеуде балабақша мен мектептің, кітапханалар мен мұражайлардың
сабақтастығыда әсерін тигізеді. Біздің алдымызда тұрған басты міндет – тәуелсіз
Қазақстанның әр жас жеткіншегінің жүрегінде Отанына, жеріне, еліне деген ыстық
сезім, шынайы сүйіспеншілік ұялату. Сондықтан біз адамзаттық көзқарасы
қалыптасқан, әлеуметтік белсенділігі жоғары отаншыл ұрпақ тәрбиелеп өсіруге аса
көңіл бөлуіміз керек. «Әрбір Қазақстандықты өз мемлекеті қамқорлықсыз
72
қалдырмайды, ал әрбір Қазақстандық өз мемлекетінің болашақ тағдыры үшін
жауапты» деген ұғымды жас ұрпақ санасына сіңіруіміз қажет.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Дүкенбаева Г. «Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке
тәрбиелеу». Алматы,1992ж.
2. Нысанбаева Ә. Ой. Ақыл. Адамгершілік. Алматы,1994ж.
3, «Бала мен балабақша» журналы №6, 7 2012ж.
4.«Бала тәрбиесі» журналы №12, 2009ж
5. «Мектепке дейінгі балалардың психологиясы» В.С.Мухина 1976 ж.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДА ИНКЛЮЗИВТІК БІЛІМ БЕРУ
Адамбекова А.Н.
Қарағанды қаласы № 134 «Гауһар балабақшасы»
Елбасы Н.Назарбаевтың 2014 жылғы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір
мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында даму мүмкіндігі шектеулі адамдарға
қолдау мен көмек көрсету мәселесіне арнайы тоқталғаны белгілі. Атап көрсетсек,
«...мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін
Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес, ондай адамдарға қамқорлық
көрсетілуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз. Бүкіл әлем
осымен айналысады» - деген болатын. Бүгінгі бала – ертеңгі азамат. Сол азаматты
балабақшадан бастап болашақ өмірге бейімдеу, дені сау адамдардың арасында өздерін
жәйлі сезіну үшін қолайлы атмосфера қалыптастыру – білім беру ұйымдарының
міндеті болып табылады.
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе
балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен
білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Инклюзив сөзі
− латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда», ал, ағылшын тілінен аударғанда
«араластырамын» деген мағынаны білдіреді.
Инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір
формасы. Инклюзивті оқыту негізінде балалар құқығын кемсітпеу, барлық адамдарға
деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге ерекше оқыту қажеттілігі бар
балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткендей,
қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан
жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті
бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру
мүмкіншілігін қалыптастырады.
Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу ұйымдарында, ұйым
өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.
73
Инклюзивті оқыту – балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс- әрекетіне
қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту – адамдармен қарым-қатынасына
қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен
жетістіктерімен анықталады. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. Әрбір адам
қарым-қатынасқа құқылы. Барлық адам бір-біріне қажет. Білім шынайы қарым-
қатынас шеңберінде жүзеге асады. Барлық адамдар құрбы- құрдастарының қолдауы
мен достығын қажет етеді. Әрбір бала үшін жетістікке жету – өзінің мүмкіндігіне қарай
орындай алатын әрекетін жүзеге асыру. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын
кеңейтеді. Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін,
ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім
үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балаларды оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін
қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер
инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда
ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді.
Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік
білім беру дегеніміз − барлық балаларды, соның ішінде 5 мүмкіндіктері шектеулі
балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына,
шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-
аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік
мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді
оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары
бар балалардың жалпы білім беретін мекемелердің оқыту үрдісін сипаттауда
қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір
дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты
қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы
жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке
жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.
Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90-
жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны
толық енгізді. Бүгінгі таңдағы білім беруді дамытудың негізгі сипаттамаларының бірі,
жаңа бағыттағы арнайы білім беруді талап ететін балаларға тең дәрежеде білім беру
мәселесі болып табылады. «Жалпыға бірдей білім» бағдарламасына сәйкес 1994 жылы
Саламанка қаласында (Испания) арнайы қажеттілігі бар балаларға білім беруді
дамытуға арналған бүкіләлемдік конференция болып өтті. Конференция соңында
Саламан декларациясы жасалды. Саламан Декларациясына сәйкес инклюзивті білім
беру саясатының міндеттері мынадай:
Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс.
Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және
оқуға деген мұқтаждықтары болады.
Білім беру жүйесіне оң өзғерістер, яғни осы мұқтаждықтарды
қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту.
Осыған орай, инклюзивті білім берудің негізгі принциптері туындайды:
74
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен
анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7. Әрбір оқушы үшін жетістік қажет ету өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын
әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді. Сонымен, қорыта айтқанда,
инклюзивті оқыту – балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне
қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік
береді. Инклюзивті білім беру 6 мүмкіндігі шектеулі балаларға оқуда жетістікке
жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.
Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру ортасы баланың білім беру үрдісіне
қосылуын және әр тәрбиеленушінің мүмкіндігіне қарай пайдалы таңдауына мүмкіндік
жасайды. Мүмкіндігі шектеулі балалар инклюзивтік білім алуда логопед, дефектолог,
дене шынықтыру нұсқаушысы, психологтан жылдық жоспарларына сәйкес күннің ІІ
жартысында өзімен жасты балалармен қатынасады (сурет салу, жапсыру т.б.) және
мамандардан оқу-тәрбие және танымдық-педагогикалық көмек алады. Даму
мүмкіндігі шектеулі балалар жалпы топта тәрбиешілердің ұйымдастырылған оқу іс-
әрекеттеріне қатынасып «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз»
бағдарламалары бойынша білім алады. Даму мүмкіндігі шектеулі балалар
бөбекжайдың өміріне белсене қатысады: іс-шаралар мен ойын-сауықтарға өзге
балалармен бірігіп қатысуы, ертегілер мен концерттерді ұжыммен көруі олар үшін
шынайы мереке. 13 Осындай шараларға қатыстыру арқылы балалар ұжымда өмір
сүріп, құрбыларымен қарым-қатынасқа түсуге үйренеді. Егер бала осы сатыдан өтсе,
мектепте оған едәуір оңайырақ болады. Ең бастысы, бұл балалар болашақта
жалғызсырамай, өздерімен жасты балалармен бірге тәлім-тәрбие алуды
жалғастырады. Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылықтарымыз, әр баласы
еліміздің ертеңі екенін ескерсек әрбір мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім
алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау біздің міндетіміз.
Әр адам қайталанбас тұлға болып есептеледі, сондықтан адам, адамгершілік
тұрғылық қарым-қатынасқа құқылы. Әлеуметтік ортаға енгізу – әлеуметтік
қатынастың жалпы жүйесіне және баланың өз жағдайына қарай білім алу ортасына
мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік бейімделуін қалыптастыру.
Мүмкіндігі шектелген бала ерекше қарауды қажет етеді. Осындай тұлғаны
қалыптастыруды нәтижелі басқару үшін, түрлі жас кезеңіндегі бала дамуының өзіндік
психологиялық-педагогикалық заңдылықтары туралы терең білу керек. Егер адамды
тарих пен табиғаттың бір бөлігінің өнімі ретінде биоәлеуметтік нәрсе деп қарастырар
болсақ, мұнан дамуға әсер ететін биологиялық (табиғи) және әлеуметтік (әлеуметтік
орта) фактор шығады. «Психологиялық ой түйіндісі бойынша физиологиялық
кемшілік әлеуметтік тәртібі нормаларының бұзылуын туындатады. Осындай
кемшіліктері бар балалардың барлық психологиялық ерекшеліктері биологиялық емес,
75
әлеуметті құбылыс болып табылады». (Л.С.Выготский) Психиканың тарихи-мәдени
қалыптасу теориясында Л.С.Выготский кез- келген кемшілік, баланың қоршаған
ортамен қарым-қатынасын шектеуде, оған адамзаттың мәдени, әлеуметтік тәжірбиесін
игеруге кедергі келтіретініне баса назар аударады.
Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға өзгелермен бірдей білім алуға, жұмыс істеуге,
демалуға т.б. яғни қоғамдық өмірге араласуға құқық беру қажеттігі еш күмән
келтірмейді, дегенмен, бұны шынайы түрде іске асыру оңай еместігі белгілі. Білім алу,
қоғамдық өмірге араласу, түрлі мүмкіндіктерді игеру, мемлекет, жергілікті әкімшілік
білім беру жүйесінен қолдау таппаған жағдайда тек қағаз жүзінде ғана қалып қояды.
Арнаулы білім беру мәселелерін қайта қараудың нақты бағыттары білім беру
жүйесінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды интеграциялау туралы ұсыныстар және
интеграциялық оқыту практика барысында қолға алынып, практикаға енгізіліп, жақсы
нәтижелерге қол жетіп жүрген инклюзивтік оқыту барысы және жалпы білім беру
мекемелерінің жанынан ашылып жатқан арнаулы (түзетім) топтар мен логопункттер.
Психофизиологиялық ауытқушылықтары бар балалармен психологиялық-
педагогикалық оқытудың тәрбиелік сипаты, көрнекілік, жеке ықпал ету сияқты жалпы
дидактика принциптерімен қатар арнаулы педагогикадағы түзете-дамыта оқыту және
практикалық бағытта оқыту принциптерін басшылыққа алады. Дегенмен, осы
балалармен жүргізілген жұмыстардың 15 нәтижелілігі қосымша факторларға да
байланысты. Ең алдымен, оқу сабақтарының балаларды қоғамдық тәртіп ережелеріне,
белсенділіктерін дамытуға, коммуникабельдік дәрежесіне сәйкес келуі үлкен орын
алады. Сонымен қатар, барлық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері арасындағы
байланыс, яғни бір тақырыптың түрлі пәндерде қаралып, түсіндірулермен қатар,
жағымды тұлға қасиеттерін қалыптастыруда еңбекке оқыту, еңбекке баулу ерекше
маңызды. Практика барысында балаларда болашақ әлеуметтік бейімделуіне өте
маңызды ұжымда бірлесе жұмыс істеу, еңбек етуге деген икем, жауапкершілік сияқты
адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Жеке
тұлғаны әлеуметтік бейімдеу оқу іс - әрекетінде және оқу іс - әрекеттен тыс
уақыттардағы ұйымдастырылған іс - әрекеттер мен экскурсияларда өткізіледі.Іс -
әрекет барысында арнайы құрылған жағдаяттар бойынша балалар қажетті тұрмыстық
икемдерді, қоғамдық тәртіп ережелерін игереді. Ол үшін іс - әрекеттен тыс уақыттарда
«Дүкенде», «Шаштаразда», «Автобуста» т.б. сияқты сюжетті- рольді ойындар
өткізіледі. Балаларға белгілі бір жағдайда қалай жасау керектігін бірнеше рет қайтара
көрсету керек. Бірнеше қайтара жаттығу, жүйелі қойылатын талаптар балаларда
қоршаған ортаға икемделуге көмектесетін жағымды әдеттерді шыңдайды. Ал,
танымдық әрекеттерін дамыту олардың жеке бас қасиеттеріне әсер етеді. Жас
ерекшеліктеріне сай балалар еңбек әрекетін сәйкес бағалай алады, орындаған
жұмысының сапасына да жәй қарамайды. Тапсырманы жаман орындаса қынжылып,
ал жақсы бұйым жасаса жолдасына, тәрбиешісіне көрсетіп, мадақтауды ұнатады.
Балалар осылайша еңбек әрекетіне қатысудың маңыздылығын түсіне бастайды. Бұның
бәрі балалардың тұлғалық қалыптасуы туралы айта отырып, олардың өмірлеріндегі
еңбектің рөлі мен адамдар арасындағы қарым- қатынастың қалыптасуына әсер етеді.
Тәрбиеленушілерді әлеуметтік оқыту барысында көрнекі құралдар негізгі тиімді
әдіс болып табылады. Бұл жерде көрнекілік шынайылық деген мағынаны білдіреді.
76
Педагог мүмкіндіктері шектелген балаларды экскурсия, сюжетті-рольді ойындар,
ертегі қойылымдар, театрландырылған қойылымдар барысында сыртқы ортаның
қасиеттерімен, құбылыстарымен таныстырады. Бұл балалардың мүмкіндіктерін
пайдалана отырып, өздеріне қызмет ету, тұрмыста және арнаулы өндірісте қиын емес
еңбек операцияларын орындауға, мүмкіндігінше қоршаған ортаға икемделуге
бағытталған жұмыстар. Осындай жұмыстар барысында дамуында проблемасы бар
балалар белсенділік көрсетіп, өз беттерінше жұмыс істей алуға, түрлі жағдаяттар
барысына сай әрекет етуге, өзін өзгелердің бағалауына парапар ұстауға үйренеді.
Түзету жұмыстары барысында жасаған жұмыстарына сын көзбен қарауға үйреніп қана
қоймай, салыстырмалы түрде бағалауға, өзгелердің сындарын қабылдай және
текшелей алуға, керек кезінде жолдастарын қолдауға, көмек қолын созуға үйренеді.
Ерекше балалардың қоғамдық өмірге араласулары үшін әлеуметтік- тұрмыстық
білім мен икемдерін қалыптастыру екенін назарда ұстай отырып, педагог арнайы
сабақтарда балалардың қоғамдық орындарда өздерін ұстай алу, қажетті хабарламалар
мен жарнамалық ақпараттарды түсіне бастауға үйрету керектігін де басты назарда
ұстайды. Мысалы, жаяу жүргіншіге арналған белгілер, ойнауға тиым салынатын
белгілер, жақын жердегі асхана, емхана бар екені туралы айтатын белгілерді көріп,
керегіне жарата алу, кез-келген жағдаяттан шығатын жол болатынын түсіндіру әрине
білім беру барысында алатын біліммен байланысты.
Психикалық дамуы тежелген балалардың қоршаған орта туралы түсініктері
фрагментарлық, зейіндері тұрақсыз, тұтас қабылдау мүмкіндігі бұзылған, қимыл-
қызғалыс координацияларының т.б. жалпы психикалық процестердің дамуында
бұзылыстар байқалады. Сондықтан, психикалық дамуы тежелген балалардың
танымдық қызмет саласының дамуындағы ауытқулар оқу процесінде нақтылы
қиындықтарды құрады. Ал, бұл қиындықтарды жою мен оның алдын алу үшін мұндай
балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметі жұмыс атқаруы
қажет. Онда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің барлық
бағыттарына жетекшілік ететін қызмет координаторы, логопед, психолог, әлеуметтік
педагог, тәрбиеші және медицина қызметкерлері жұмыс атқарады. Яғни, психикалық
дамуы тежелген баланы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің
тиісті мамандарымен жүзеге асырылады. Психологиялық-педагогикалық қолдау
көрсету қызметінің әр маманы өз бағыттары бойынша жұмыс істейді. Бұл біріккен
психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің басты мақсаты – мүмкіндігі
шектеулі балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. Осы аталған
мамандардың психикалық дамуы тежелген балаға психологиялық-педагогикалық
қолдау көрсетуі мынадай бағыттарда іске асырылады:
Диагностикалық бағыт.
Түзете-дамыту бағыт.
Кеңес беру мен ағартушылық бағыт.
Әлеуметтік-бейімдеу бағыт.
Әдістемелік-ұйымдастырушылық бағыт.
Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметіндегі логопед, психолог,
тәрбиеші баланы психологиялық-педагогикалық қолдауда тек білім мазмұнына ғана
өзгерістер енгізіп қоймай, баланың танымдық қабілеттерін дамыту мен жалпы
77
баланың өмірін ұйымдастыруды көздейді. Психодиагностикалық тестілеу баланың
танымдық мүмкiндiктерін қалыптастыруда басты маңызды шарт – логопед, психолог,
тәрбиешінің психологиялық құзырлығы болып табылады. Мұның бәрі баланың
танымдық қабілетінің дамуына мүмкіндік жасау мен баланың өзіне деген сенімінің
артуына, жетістіктерге бір қадам жақындауға жағдай жасайды. Жүсіпбек Аймауытов
«Ұстаз істеген ісі өнімді, берекелі болуын тілесе, әуелі өз қызметін шын көңілмен
жақсы көрсін» деген екен. Олай болса, өз мамандығын шексіз сүйе білген маман иесі
ғана үздіксіз ізденіс пен асқан шыдамдылық, қажырлы еңбектің арқасында баланың
біліміне, оның болашағына үлкен сәулесін түсіріп, бала өмірін дұрыс бағытқа
бағыттары сөзсіз.
Қорыта айтқанда, бала − ата-ана − педагог, отбасы және білім беретін ұйымдар
арасындағы сабақтастықтың ойдағыдай жүзеге асуы тұлғаның әлеуметтік
бейімделуінің алғы шарттарының бірі болмақ. Біз, балалар үшін бала өз әрекетінің
қатысы мен керектігін сезінетіндей жағдай жасауымыз керек. Мемлекетіміздің әрбір
азаматы – ұлттық құндылықтарымыз, әр баласы еліміздің ертеңі екенін ескерсек әрбір
мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына
жағдай жасау біздің міндетіміз. Инклюзивті оқыту – мүмкіндігі шектеулі балалардың
тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-
қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Осы бағытты білім беру
жүйесіне енгізу арқылы балаларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа
тәрбиелей аламыз. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды
толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ. Мүмкіндігі шектеулі жандарға деген
мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек етек жинап, ел болғалы толастамақ емес.
Дегенмен бұл әрине мұндай жағдайда аздық, әлі де болса ойланарлық жағдай. Десек
те, даму мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ел тарапынан бөлінетін көмек пен
қамқорлық шектелмесе екен деген ойдамын. Бұл жандар ондай өмірді таңдап алмаса
керек. Мүмкіндігі шектеулі балалардан болашақта қолдарынан іс келетін саналы
азаматтар мен азаматшалар шықпасына кім кепіл? Мүмкіндігі шектеулі жандардың
қозғалыс мүмкіндігі шектелгенімен, жан- дүние кеңістігі аясының тарылып,
күйзеліске ұшырауына жол бермеу − белгілі бір ұйымдардың міндеті ғана емес,
қоршаған ортаның, қалың бұқараның басты парызы. Соңғы уақытта елімізде
атқарылып жатқан істер инклюзивті білім беру жүйесінің қалануына негіз болары
анық. Жас нәрестенің дені сау болса, отбасына зор қуаныш пен бақыт әкеледі. Елімізде
өркениетті қоғам құру үшін, тәрбиелі, дені сау азаматтар мен азаматшалар
тәрбиелеуіміз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |