Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования


«Домашние  тетради  для  индивидуальных  логопедических    занятий



Pdf көрінісі
бет63/96
Дата08.01.2017
өлшемі14,44 Mb.
#1410
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   96

«Домашние  тетради  для  индивидуальных  логопедических    занятий»  с 

методическими  рекомендациями.  Тетради  созданы  для  индивидуальной  работы  с 

детьми ОНР и для логопедического сопровождения родителей. Комплект состоит из 

трёх  тетрадей  (для  2  младшей,  средней  и  старшей  групп).  Каждое  из  этих  пособий   

рассчитано на весь учебный год. Каждая тема рассматривается одну неделю. В течение 

этой  недели  родители  занимаются  с  ребёнком  по  заданиям  логопеда.  Выполненные 

задания  еженедельно  проверяются  логопедом,    по  итогам  которых  он  планирует  

дальнейшую коррекционную  работу  с ребёнком. В тетрадях есть не только основной 

материал, но и разделы: «Для дополнительных заданий» и «Приложение».  

 

 



 

 

 



     

 

666 


 

         По  итогам  ежегодной  диагностики  образовательной  области  «Коммуникации» 

(раздел «Развитие речи»)  за 2012-2015 учебные года нами были получены следующие 

результаты:  

 

       Общий уровень  усвоения полученных знаний  по развитию речи детей составил 



82,6%.    Чтобы  проверить  эффективность  воздействия    комплексного  подхода  мы 

провели сравнительный анализ развития речи детей  за 2009-2011 и 2012-2015 уч. г.  

 

        Итог  проведённого  сравнительного  мониторинга  показал  преимущество 



использования  комплексного подхода  на 17, 6%.           

        Таким  образом,  представленный  нами  комплексный  подход  ведёт  к  более 

успешному  преодолению имеющихся у детей дефектов речевого развития и решает 

проблему  логопедического сопровождения педагогов и родителей. 

 

Литература: 



1.

 

Государственный  общеобязательный    стандарт  дошкольного  воспитания  и 



обучения 23.08.2012 

2.

 



Программа  специального  дошкольного  воспитания  и  обучения  детей  с  общим 

недоразвитием речи  2010г. 

3.

 

Н.В. Нищева «Система коррекционной работы».                                                    



 

 

 



 

 

 



 

667 


 

АТА-АНАЛАРМЕН БАЛАБАҚША ҰЖЫМЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫСЫН         

ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ 

 

Кошкимбаева Саулегуль Құралқызы                                                                                                                    

Искакова Асель Зарухановна 

№36 жалпы білім беретін орта мектеп                                                                                                                       

 

Тәуелсіз  еліміздің  келешек  ұрпақты  тәрбиелеу  мәселесі  бүгінгі  күннің  өзекті 



тақырыбы.  Бұл  мәселенің  шешімін  табуда  үздіксіз  білім  беру  жүйесі  айтарлықтай 

дәрежеде  қайта  қаралып,  оны  жетілдіру  жолдары  іздестірілуде.  Бұл  алға  қойылып 

отырған  негізгі  талаптар  –  Қазақстан  білім  беру  жүйесінің  бүкіләлемдік  білім  беру 

кеңестігіне толық енудің алғашқы даму стратегиясын жасау болып табылады. Айтылған 

талаптардың жүзеге асырылуы бағытындағы жұмыстың үздіксіз білім берудің алғашқы 

сатысы – мектепке дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген құштарлығын арттырудан, 

ұлтымызға  тән  қасиеттерін  бойына  сіңірген  бала  тәрбиелеуден  бастағанның  маңызы 

зор.  Балабақша  —  бүлдіршіндерді  болашақта  ата  дәстүрін  сақтайтын  инабатты  да, 

ибалы  үлкен-кішіні  сыйлай  білуге  үйрететін  тәрбие  орталығы.  Өмірге  келген  жас 

ұрпақты тәрбиелеу ата-аналар мен балабақша тәрбиешілерінің қасиетті борышы. 

Бала үшін дүниеде ең жетілген, білімді де, мәртебелі адам – оның ата – анасы. Ал, 

ең әдемі де жарық үй – оның туылған үйі. Жас баланың дамуында ата-ананың орыны 

ерекше,  сондықтан  ата-ана  өз  отбасында  қолайсыз  жағдайларды  баланың  көзінше 

тудырмауға  тырысуы  қажет.  Отбасындағы  ұрыс-керіс  баланың  жүйкесін  тоздырады. 

Кейбір ата-аналар өз перзентін шектен тыс еркелетіп, баланың бетінен қақпай, көңіліне 

қарап тәрбиелейді. Ал мұндай көріністер баланың бойына кері қасиет пайда болуына 

тікелей жағдай тууына себеп болады. Ата-аналар балаға отбасылық өмірдің алуан түрлі, 

қыры мен сырын дүние жұмбақтарын танытып, тағылым талғамға, әдептілікке баулуға 

тиіс.  Себебі,  ата-ананың  күнделікті  өмір  тіршілігіндегі  еңбегі,  адамның  бейнелері, 

жақсы мінез-құлқы, дұрыс қарым-қатынасы – балаға үлгі. Баланың алдында барынша 

сабырлы  әрі  ұстамды  болуға  тырысу  керек,  ата-ана  өзі  үлгі  бола  отырып,  баласын 

сабырлылыққа тәрбиелейді. Әрбір ата-ана өз баласы үшін-басты тұлға. Сондықтанда да 

кез-келген  бала  алдымен  үлгіні  ата-анасынан  алады.  Бала  әкеден  ақыл,  анадан  мейір 

алады. Ата-ана баласымен пікірлесуде бейауыз сөздерді қолданбай, дөрекілікпен жеке 

басын қорламай, мейірімді, табиғи, жылы ақылды сөздер айтып өнеге бола білсе, тәрбие 

де табысқа жетеді, өйткені, жақсы сөз жан семіртеді.Сонымен қатар мектепке дейінгі 

ұйымның педагогикалық ұжымы ата-аналармен бірлесіп, баланы өсіріп тәрбиелеудегі 

басты  мақсат  қоғамдық  өмірге  «түзу  кірпіш  қалау»  екенін  ескере  отырып,  ал  осы 

мақсатты жүзеге асыру үшін, алдындағы қандай болмасын қиындықтарын жеңу, соған 

сәби  кезінен  төмендегі  мынадай  көзқарастарды  негізгі  ұстаныным  ретінде  қабылдау. 

Көзқарастар  мыналар:Баланы  сәби  ол  әлі  ештеңе  білмейді,  ұқпайды  деп  жай  көзбен 

қарамау  керек,  өйткені  ол  да  өсіп  келе  жатқан  тұлға.Баланы  әр  уақытта  шындыққа 

үйрету. Еш уақытта алдамай, шындықты ашып айтып сол жағдайға дұрыс көзқараспен 

қарауға жағдай туғызу.Баланың өз ісін уақытымен күнде қадағалау, бақылау.Баланың 

әр  бір  ісін  қадағалап,  оған  деген  көзқарастан  нәтиже  шығаруға  көмектесу.Қандай 

жағдай болса да, ұрпағын жауын мен жел өтінен, жаман әдеттен қорғап, өз бойындағы 



 

668 


 

ең жақсы қасиеттерін сіңіру, ана уызбен бірге ұлттық дәстүр қайнарына қондырып өсіру 

әке мен ананың ұлы борышы. Дені сау, рухы таза, ана тілін толық меңгерген ұрпақ өсіру 

қазіргі кездегі ең негізгі мәселе. Бала тәрбиесінде отбасы басты орын алады. Баланың 

ана  тілін  толық  меңгеруі.  ұлттық-сана  сезімін  тәрбиелеу,  денсаулығын  түзету,  бала 

тәрбиелеудің  әдіс-тәсілдерін  білу  жөніндегі  дағдыларын  қалыптастыру  мектепке 

дейінгі  мекемелерге  берілген.  Тәрбиенің  сан  алуан  келелі  мәселесін  шешетін, 

қарапайым  дағдыларды  бала  санасына  орнықтыратын  алғашқы  білім  баспалдағы  – 

балабақша.  Балабақшада  халық  педагогикасын  бала  бойына  сіңіре  отырып 

имандылыққа,  адамгершілікке  тәрбиелейміз.  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың 

жалпыға  міндетті  мемлекеттік  стандартының  бес  саласының  әр  бөлімдеріндерінің 

ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеттерінде  салт-дәстүрдің  барлық  түрлерін  баланың 

бойына сіңірудеміз. Мысалы: тұсау кесу, бесікке салу, тілашар т.б. Мектепке дейінгі 

ұйым  тәрбиешілер  өз  тәжірибелерінде  халық  ауыз  әдебиетінің  ішінен  жиі  мақал-

мәтелдер,  жұмбақтар,  жаңылтпаштар,  санамақтар,  ертегілерді  оқу  іс-әрекеттерінде 

пайдаланады. Бүгінгі күнде жас ұрпақтың сана сезіміне өз елінің, жерінің тарихы мен 

мәдениеті туралы алғашқы ұғымдарды кішкентай кезінен қалыптастырамыз. 

Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті ойын. Сондықтан оның 

мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай 

өсер  бала  бола  ма?»  —  деп  айтқандай  баланың  өмірінде  ерекше  орын  алады.  Ойын 

мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін тәрбие құралы. 

Ойын баланың барлық қабілетінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің 

кеңеюіне,  тілінің  дамуына,  құрбыларымен  жақындасуына  көмектеседі.  Өйткені  бала 

нәресте  шағынан  бастап  адалдыққа,  батылдыққа,  мейірімділікке,  еңбек  етуге 

тәрбиелеудің құралы ойын. Осыған орай бүгінгі күндері тәрбиешілер алдында балаға 

білім., білім дағдыларын игеріп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімін, 

ерік-жігерін жан-жақты етіп дамыту міндеттері тұр. Болашақ қоғамымыздың тағдыры 

да бала тәрбиесіне тікелей байланысты. Қоғамды дамытушы да, ілгері апарушы да осы 

жас жеткіншектер. Тәрбиенің сан қилы дағдыларын бала бойына дарытатын алғашқы 

білім  баспалдағы  –  балабақша,  жол  сілтеп,  жетелеп,  үйретуші  —  тәрбиеші. 

Балабақшадағы  тәрбие  –  қазақи  ұлттық  сана,  ұлттық  психология  қалыптасқан 

парасатты,  адамгершілік  қадір  –  қасиеті  мол,  физикалық  және  моральдық  жоғары 

белсенді жеке адамды қалыптастырып шығару процесі болып табылады. Тәрбиелеу мен 

білім берудің әрекеті практикалық процесс үстінде қалыптастырылады. Тәрбиелеу мен 

оқытудың міндеттері баланың осы іс-әрекет түрлерін қалыптастыру және оны белгілі 

бір мақсатқа бағыттап отыруды көздейді. Ойнау, еңбек ету, және білім алу барысында 

ақыл-ой, адамгшершілік, физикалық және көркем тәрбие, даму процесі қатар жүреді. 

Бала  осы  кезде  белгілі  дәрежеде  білім  алады,  іскерлікке  үйренеді,  өзін  қоршаған 

ортамен  қарым-қатынас  жасауға,  қоғамдық  өмірдің  әдет  дағыларын  игеруге 

бейімделеді.Іс-әрекеттің  тап  осы  түрлерін  ғана  дамыту  арқылы  тәрбиелеу  білім  беру 

міндеттерін шешуге, бала дамуын дұрыс жолмен бағыттап отыруға мүмкіндік туады. 

Жақсы ойнап, еңбек ете білетін әрі оқуға қабілетті баланы ересек адамдар мен балалар 

қоғамында  өмір  сүруге  қажетті  қасиеттерді  толық  игерген  тәрбиелі  бала  деп  аталуы 

мүмкін. Жоғарыда аталып өткен іс-әрекеттің әрқайсысы бала дамуына өзіндік, өзіне тән 

үлесін қосады. Мысалы, тәрбиенің ең маңызды міндеті саналатын ақыл-ой тәрбиесінің 


 

669 


 

өзі бала ойының: еңбегін және балалардың оқуын үнемі бағыттап отыру арқылы жүзеге 

асатыны  бізге  балаларды  тәрбиелеу  тәжірибесінен  таныс.  Адамгершілікке  тәрбиелеу 

міндеттері жөнінде де осыны айтуға болады. Бала өзін-өзі көрсете білсе, ендеше ойын, 

оқу  еңбекте  адамгершілікке  тәрбиеленеді  деген  сөз.  Өйткені,  мұнда  олардың  өзара 

ересек адамдармен қарым-қатынасы қалыптасады. Іс-әрекеттің әрбір түрінде осылайша 

өзара ұштасып жататын педагогикалық мүмкіндіктерді ескере отырып, мектепке дейінгі 

ұйымдарда  балалардың  тіршілік  әрекеттерін,  тәрбиелік  мақсатқа  сай  ұйымдастыра 

аламыз.  Ойын,  еңбек,  оқу  арқылы  біз  балаларға  белгілі  бір  тұрғыдан  ықпал  жасай 

аламыз.  Бірақ  біз  іс-әрекеттер  ойын,  еңбек,  оқыту  өзара  ұштасқан  жағдайда  ғана 

баланың  жеке  басын  дамытуда  толық  нәтижеге  жете  аламыз.  Балабақшаның  негізгі 

міндеті  –  баланың  жеке  басының  бастапқы  қалыптасуын  қамтамасыз  ету.  Бұл  жас 

баланың ақыл-ойының дамуы мен даярлығы үшін қолайлы кезең. Осы кезеңде бала оқу 

мен  тәрбиені  қалыптастыруға,  өз  қызметін  білуге,  тілдік  қатынастың  қарапайым 

тәжірибесінде өзін-өзі таныта білуге, мінез-құлық мәдениетіне, жеке гигиеналық және 

салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарланады. 

Еліміздің  ертеңгі  болашағы  жас  ұрпақты  азаматық  пен  имандылыққа  баулу  – 

тәрбиенің  басты  міндеттерінің  бірі.  Сонымен  қатар  ата-аналар  мен  мектепке  дейінгі 

ұйымдар ұлттық тәрбиеге де мән бергендері жөн. Бұл саладағы күш – жігер алдымен 

бүлдіршіндерді отандыққа тәрбиелеуге бағытталады. «Отан» деген ұғым балаға дүние 

есігін  ашқан  үйі,  ата-анасы,  ағайын  туыстары,  туған  жері,  кең  –  байтақ  гүлжазира 

даласы, тау – тасы, өзен – көлі, сылдырап аққан мөлдір бұлағы бейнесінде қабылданып, 

ең қасиетті де құдіретті алтын бесігі ретінде үйретуге тиіспіз. 

Жас ұрпақты кішкентайынан салт-дәстүрлер рухында баулу, құлағына сіңіру әдет-

дағдысына айналдыру – парызды іс. Қазақ сөз өнерін қатты құрметтеген халық: «Жақсы 

сөз – жарым ырыс», «Жақсы сөз жан семіртер. Сонымен қатар балаға «сіз», «рақмет», 

«кешіріңіз»,  «өтінемін»  деген  сияқты  сыпайылықты  білдіретін  сөздерді  үлкендерге 

айтып жүруге үйрету, оған дағдыландыру ата-аналар мен тәрбиешілердің міндеті. 

Халқымыздың дәстүрінде қол алысып амандасуға ерекше көңіл бөлген, жас баланы 

сәби кезінен үлкендермен қол алысып амандасуғы тәрбиелейді. «Көкеңе қолыңды беріп 

амандас», «Ағаңның қолын ал», «Атаңа екі қолыңды бер» деп үйретеді. Ондай кезде 

үлкендер яғни аталар, әжелер «Ой азамат болыпты ғой!», «Таудай бол!» деп баланың 

қолын алып, сәлем беруге ынталандыратын сөздер айтып ынтасын тудырады. Баланы 

жастайынан осындай инабаттылыққа баулу, ол есейгенде сыпайы, әрі жеке тұлға болып 

қалыптасуына негіз болады. 

Болашақ ұрпақ тәрбиесін іске асырып отырған кезкелген мекеме үшін отбасымен 

жұмысты тиісті дәрежеде ұйымдастырудың маңызы өте зор. Себебі, отбасы баланың 

түпкі  тамыры,  болмысын  қалатын  мекен.  Отбасымен  жұмыс  мүмкін  педагогтардың 

жүргізетін жұмыстарының ең қызықты бір бағыты шығар. Бір жағынан, бұл жұмыс аса 

бір шеберлікті, құпиялықты, мәдениетті, білімді, тәжірибені қажет ететін жұмыстардың 

бірі. Өйткені, отбасымен жұмыс жүргізген кезде түрлі адамдармен, түрлі түсініктермен, 

түрлі мінез-құлықтармен, түрлі қиыншылықтармен қарама-қарсы кездесесің. Осының 

барлығынан педагогтық абыройыңа кір келтірмей шығу үлкен өнерді қажет етеді. Сол 

себептен  білім  беру  мекемесінде  отбасымен  жүргізілетін  жұмыстарды  әдістемелік 

жағынан орынды ұйымдастырудың маңызы өте зор. Отбасымен жүргізілетін жұмысты 


 

670 


 

әдістемелік  дұрыс  ұйымдастыру  дегеніміз  не?  Бұл  -  мекеме  ішінде  отбасымен 

жүргізілетін  жұмыстарды  педагогикалық  қағидаларға  сәйкес,  баланы  жан-жақты 

дамытуға  қорғауға  бағдарланған  түрде  ұйымдастыру.  Отбасымен  жүргізілетін 

жұмыстарды әдістемелік негізделген, бала құқығын сақтауға және жағынан белгілі бір 

ретпен, жүйелі түрде ұйымдастыру жүргізілген жұмыстың нәтижесіне әсер етеді.  

Балабақшамен  таныстыру  жұмысы  –  жылына  1  рет  оқу  жылының  басында 

жүргізіледі.  Бұл  жұмыстың  негізгі  мақсаты  ата-аналарды  балалардың  білім  алу  және 

тәрбиелену ортасымен таныстыру болып табылады. Яғни, отбасын балалар өмір сүріп 

отырған  ортаның  материалдық-техникалық  базасымен  және  осы  ортаның  оқу-

әдістемелік  қамтамасыздану  дәрежесімен,  педагогикалық  ұжыммен,  мамандармен 

таныстыру және осы арқылы олардың оң көзқарастарын қалыптастыру, достық қарым-

қатынас құру. 

Ата-аналарға арналған ашық сабақтар – отбасына баланың белсенділігін, даму 

деңгейін  ғана  көрсетіп  қоймайды,  сонымен  қатар  топ  ішінде  сабақтардың 

ұйымдастырылу  ерекшеліктерімен  де  таныстырады.  Сондай-ақ  балабақшада  балалар 

тек ойын әрекетімен айналысады деген жансақ ойлардан сақтайды. 



Ата-аналарға  арналған  педагогикалық  кеңестер  –  оқу  жылында  1  рет  болуы 

мүмкін. Бұл кеңесті әсіресе оқу жылының басында өткізген ыңғайлы. Көбіне бұл бала 

тәрбиесінде кездесетін өзекті мәселелерге арналады. 

Педагогикалық  әңгімелер  –  отбасына  баланы  таңертең  әкелгенде  және  кешке 

әкеткенде тәрбиешінің ата-анамен әңгімелесуінен бастау алады, тәрбиеші оларға бала 

тәрбиесіне  қатысты  бағдар  көрсетеді,  өз  ойын  айтып,  ата-ана  ойын  тыңдайды.  Бұл 

әңгімені жалпылай да өткізуге болады. 



Тақырыптық кеңестер – белгілі бір тақырыпқа байланысты болуы мүмкін. Бұл 

кеңестерді  тәрбиеші,  дәрігер,  шектеулі  мамандар  бере  алады.  Тақырыптар  жиі 

кездесетін сұрақтар төңірегінде таңдалады. 

Жиналыстар  –  оқу  жылында  бірнеше  рет  ұйымдастырылады.  Баланың 

жетістіктері  жайында  ата-аналарға  ақпараттар  беріліп,  топтың  түрлі  мәселелері 

шешіледі. 

Дөңгелек  үстелдер  –  еркін  түрде  ұйымдастырылып,  еркін  ашық  әңгімелесуге 

бағытталған.  Бұл  ата-аналардың  ашылып  әңгімелесулеріне  мүмкіндік  береді. 

Тақырыптар  тәрбиешінің  қалауымен  немесе  ата-аналардың  сұранысымен  таңдалуы 

мүмкін. 


Конференция – түрлі жағдаяттарды моделдеу арқылы ата-аналарға балабақшаның 

тыныс-тіршілігін таныстыруға мүмкіндік туады. 

Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын қамтамасыз ету 

– бұл ата-аналарға бала дамуындағы ерекшеліктер туралы кәсіби кеңестер беру. Арнайы 

педагогикалық  немесе  медециналық  мамандықтары  жоқ  ата-аналар  кей  кездері 

қиыншылықтармен,  түсініспеушіліктермен  кездесіп  қалуы  әбден  мүмкін.  Осыған 

байланысты мұндай кеңестердің маңызы өте зор. 

Педагогтарды  отбасымен  жұмыс  жүргізу  шеберлігіне  дайындаудың  мақсаты  – 

оларды  ата-аналармен  және  отбасы  мүшелерімен  мәдени  қарым-қатынас  жасауға 

үйрету. Аталған бағыт бойынша мекемеде төмендегідей жұмыс түрлері жүргізіледі: 



 

671 


 

Топ  ішінде  отбасымен  жүргізілетін  жұмыстардың  жоспарын  құру  бойынша 

әдістемелік көмек көрсету және осы жұмыстарды қадағалау; 

Отбасымен  жүргізілетін  жұмыстардың  барлығын  салауатты  рәсімдеуді 

қамтамасыз ету; 

Отбасы  мүшелірімен  қарым-қатынас  жасау  мәдениеті  бойынша  психолог 

тарапынан кеңестер беру және осы жұмыстың орындалуын қадағалау; 

Педагогтардың  ата-аналар  мен  мекеме  арасында  жасалатын  келісім-шарттың 

мазмұнын нақты білулерін қамтамасыз ету; 

Ата-аналармен болуы мүмкін келеңсіздіктердің алдын алу жұмыстары

Бала құқығын қорғау конвенциясының мазмұнын меңгерулерін қамтамасыз ету; 

Отбасымен жүргізілетін жұмыстардың мониторингін жүргізу. 

Отбасымен  жүргізілетін  жұмыстардың  жаңа  бағыттарын  игерудің  мақсаты  – 

отбасымен  қарым-қатынасты  жақсартуға  мүмкіндік  беретін  тиімді  әдіс-тәсілдерді 

ендіру, тәжірибеде қолдану. 

Білім кеңістігінде пайда болған отбасымен қарым-қатынастың жаңа формаларын 

игеру, озық тәжірибелерді ендіру

Ата-аналардың  белсенділіктерін  арттыруға  мүмкіндік  беретін  дәстүрден  тыс 

қарым-қатынас түрлерін тәжірибеде қолдану (сайыстар, дөңгелек үстелдер, диспуттар, 

пікірталастар т.с.с.); 

Отбасымен  жүргізілетін  жұмыстар  бойынша  өзінің  жаңа  авторлық  жобасын 

ұсынған педагогтарға қолдау көрсету. 

Жоғарыда аталған жұмыстардың барлығы бүгінгі күні біздің мекемемізде кеңінен 

қолдануда.  Әрине,  бүгінгі  таңда  бұл  жұмыстар  өз  нәтижелерін  беруде.  Дегенмен, 

отбасымен  жүргізілетін  жұмыстар  үздіксіз  өзгерістерді  қажет  етеді.  Себебі,  бүгінгі 

күннің ата-аналары жаңа заманның, озық технологиялардың адамдары. Осыдан бірнеше 

жыл  бұрыңғы  ата-аналар  үшін  балаларының  уақытылы  тамақтанылуы,  қаралуы  ғана 

маңызды  болса,  бүгінгі  ата-аналар  үшін  аталған  шарттармен  қатар  баланың  сапалы 

білім мен саналы тәрбиемен қамтамасыз етілуі де аса маңызды. Сондықтан ата-аналар 

қауымын  мекеме  жұмысымен  таныстырудың  бірден  бір  жолы  оларды  мекеме 

жұмысына, яғни бала тәрбиесіне белсендіре араластыру болып табылады. Ал ол үшін 

ата-аналарды мекемеде жасалып жатқан жұмыстарға қызықтыра білу керек. 

Тәуелсіз  еліміздің  келешек  ұрпақты  тәрбиелеу  мәселесі  бүгінгі  күннің  өзекті 

тақырыбы.  Бұл  мәселенің  шешімін  табуда  үздіксіз  білім  беру  жүйесі  айтарлықтай 

дәрежеде  қайта  қаралып,  оны  жетілдіру  жолдары  іздестірілуде.  Бұл  алға  қойылып 

отырған  негізгі  талаптар  –  Қазақстан  білім  беру  жүйесінің  бүкіләлемдік  білім  беру 

кеңестігіне толық енудің алғашқы даму стратегиясын жасау болып табылады. Айтылған 

талаптардың жүзеге асырылуы бағытындағы жұмыстың үздіксіз білім берудің алғашқы 

сатысы – мектепке дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген құштарлығын арттырудан, 

ұлтымызға  тән  қасиеттерін  бойына  сіңірген  бала  тәрбиелеуден  бастағанның  маңызы 

зор.  Балабақша  —  бүлдіршіндерді  болашақта  ата  дәстүрін  сақтайтын  инабатты  да, 

ибалы  үлкен-кішіні  сыйлай  білуге  үйрететін  тәрбие  орталығы.  Өмірге  келген  жас 

ұрпақты тәрбиелеу ата-аналар мен балабақша тәрбиешілерінің қасиетті борышы. 

Бала үшін дүниеде ең жетілген, білімді де, мәртебелі адам – оның ата – анасы. Ал, 

ең әдемі де жарық үй – оның туылған үйі. Жас баланың дамуында ата-ананың орыны 



 

672 


 

ерекше,  сондықтан  ата-ана  өз  отбасында  қолайсыз  жағдайларды  баланың  көзінше 

тудырмауға  тырысуы  қажет.  Отбасындағы  ұрыс-керіс  баланың  жүйкесін  тоздырады. 

Кейбір ата-аналар өз перзентін шектен тыс еркелетіп, баланың бетінен қақпай, көңіліне 

қарап тәрбиелейді. Ал мұндай көріністер баланың бойына кері қасиет пайда болуына 

тікелей жағдай тууына себеп болады. Ата-аналар балаға отбасылық өмірдің алуан түрлі, 

қыры мен сырын дүние жұмбақтарын танытып, тағылым талғамға, әдептілікке баулуға 

тиіс.  Себебі,  ата-ананың  күнделікті  өмір  тіршілігіндегі  еңбегі,  адамның  бейнелері, 

жақсы мінез-құлқы, дұрыс қарым-қатынасы – балаға үлгі. Баланың алдында барынша 

сабырлы  әрі  ұстамды  болуға  тырысу  керек,  ата-ана  өзі  үлгі  бола  отырып,  баласын 

сабырлылыққа тәрбиелейді. Әрбір ата-ана өз баласы үшін-басты тұлға. Сондықтанда да 

кез-келген  бала  алдымен  үлгіні  ата-анасынан  алады.  Бала  әкеден  ақыл,  анадан  мейір 

алады. Ата-ана баласымен пікірлесуде бейауыз сөздерді қолданбай, дөрекілікпен жеке 

басын қорламай, мейірімді, табиғи, жылы ақылды сөздер айтып өнеге бола білсе, тәрбие 

де табысқа жетеді, өйткені, жақсы сөз жан семіртеді.Сонымен қатар мектепке дейінгі 

ұйымның педагогикалық ұжымы ата-аналармен бірлесіп, баланы өсіріп тәрбиелеудегі 

басты  мақсат  қоғамдық  өмірге  «түзу  кірпіш  қалау»  екенін  ескере  отырып,  ал  осы 

мақсатты жүзеге асыру үшін, алдындағы қандай болмасын қиындықтарын жеңу, соған 

сәби  кезінен  төмендегі  мынадай  көзқарастарды  негізгі  ұстаныным  ретінде  қабылдау. 

Көзқарастар  мыналар:Баланы  сәби  ол  әлі  ештеңе  білмейді,  ұқпайды  деп  жай  көзбен 

қарамау  керек,  өйткені  ол  да  өсіп  келе  жатқан  тұлға.Баланы  әр  уақытта  шындыққа 

үйрету. Еш уақытта алдамай, шындықты ашып айтып сол жағдайға дұрыс көзқараспен 

қарауға жағдай туғызу.Баланың өз ісін уақытымен күнде қадағалау, бақылау.Баланың 

әр  бір  ісін  қадағалап,  оған  деген  көзқарастан  нәтиже  шығаруға  көмектесу.Қандай 

жағдай болса да, ұрпағын жауын мен жел өтінен, жаман әдеттен қорғап, өз бойындағы 

ең жақсы қасиеттерін сіңіру, ана уызбен бірге ұлттық дәстүр қайнарына қондырып өсіру 

әке мен ананың ұлы борышы. Дені сау, рухы таза, ана тілін толық меңгерген ұрпақ өсіру 

қазіргі кездегі ең негізгі мәселе. Бала тәрбиесінде отбасы басты орын алады. Баланың 

ана  тілін  толық  меңгеруі.  ұлттық-сана  сезімін  тәрбиелеу,  денсаулығын  түзету,  бала 

тәрбиелеудің  әдіс-тәсілдерін  білу  жөніндегі  дағдыларын  қалыптастыру  мектепке 

дейінгі  мекемелерге  берілген.  Тәрбиенің  сан  алуан  келелі  мәселесін  шешетін, 

қарапайым  дағдыларды  бала  санасына  орнықтыратын  алғашқы  білім  баспалдағы  – 

балабақша.  Балабақшада  халық  педагогикасын  бала  бойына  сіңіре  отырып 

имандылыққа,  адамгершілікке  тәрбиелейміз.  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың 

жалпыға  міндетті  мемлекеттік  стандартының  бес  саласының  әр  бөлімдеріндерінің 

ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеттерінде  салт-дәстүрдің  барлық  түрлерін  баланың 

бойына сіңірудеміз. Мысалы: тұсау кесу, бесікке салу, тілашар т.б. Мектепке дейінгі 

ұйым  тәрбиешілер  өз  тәжірибелерінде  халық  ауыз  әдебиетінің  ішінен  жиі  мақал-

мәтелдер,  жұмбақтар,  жаңылтпаштар,  санамақтар,  ертегілерді  оқу  іс-әрекеттерінде 

пайдаланады. Бүгінгі күнде жас ұрпақтың сана сезіміне өз елінің, жерінің тарихы мен 

мәдениеті туралы алғашқы ұғымдарды кішкентай кезінен қалыптастырамыз. 

Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті ойын. Сондықтан оның 

мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай 

өсер  бала  бола  ма?»  —  деп  айтқандай  баланың  өмірінде  ерекше  орын  алады.  Ойын 

мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін тәрбие құралы. 


 

673 


 

Ойын баланың барлық қабілетінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің 

кеңеюіне,  тілінің  дамуына,  құрбыларымен  жақындасуына  көмектеседі.  Өйткені  бала 

нәресте  шағынан  бастап  адалдыққа,  батылдыққа,  мейірімділікке,  еңбек  етуге 

тәрбиелеудің құралы ойын. Осыған орай бүгінгі күндері тәрбиешілер алдында балаға 

білім., білім дағдыларын игеріп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімін, 

ерік-жігерін жан-жақты етіп дамыту міндеттері тұр. Болашақ қоғамымыздың тағдыры 

да бала тәрбиесіне тікелей байланысты. Қоғамды дамытушы да, ілгері апарушы да осы 

жас жеткіншектер. Тәрбиенің сан қилы дағдыларын бала бойына дарытатын алғашқы 

білім  баспалдағы  –  балабақша,  жол  сілтеп,  жетелеп,  үйретуші  —  тәрбиеші. 

Балабақшадағы  тәрбие  –  қазақи  ұлттық  сана,  ұлттық  психология  қалыптасқан 

парасатты,  адамгершілік  қадір  –  қасиеті  мол,  физикалық  және  моральдық  жоғары 

белсенді жеке адамды қалыптастырып шығару процесі болып табылады. Тәрбиелеу мен 

білім берудің әрекеті практикалық процесс үстінде қалыптастырылады. Тәрбиелеу мен 

оқытудың міндеттері баланың осы іс-әрекет түрлерін қалыптастыру және оны белгілі 

бір мақсатқа бағыттап отыруды көздейді. Ойнау, еңбек ету, және білім алу барысында 

ақыл-ой, адамгшершілік, физикалық және көркем тәрбие, даму процесі қатар жүреді. 

Бала  осы  кезде  белгілі  дәрежеде  білім  алады,  іскерлікке  үйренеді,  өзін  қоршаған 

ортамен  қарым-қатынас  жасауға,  қоғамдық  өмірдің  әдет  дағыларын  игеруге 

бейімделеді.Іс-әрекеттің  тап  осы  түрлерін  ғана  дамыту  арқылы  тәрбиелеу  білім  беру 

міндеттерін шешуге, бала дамуын дұрыс жолмен бағыттап отыруға мүмкіндік туады. 

Жақсы ойнап, еңбек ете білетін әрі оқуға қабілетті баланы ересек адамдар мен балалар 

қоғамында  өмір  сүруге  қажетті  қасиеттерді  толық  игерген  тәрбиелі  бала  деп  аталуы 

мүмкін. Жоғарыда аталып өткен іс-әрекеттің әрқайсысы бала дамуына өзіндік, өзіне тән 

үлесін қосады. Мысалы, тәрбиенің ең маңызды міндеті саналатын ақыл-ой тәрбиесінің 

өзі бала ойының: еңбегін және балалардың оқуын үнемі бағыттап отыру арқылы жүзеге 

асатыны  бізге  балаларды  тәрбиелеу  тәжірибесінен  таныс.  Адамгершілікке  тәрбиелеу 

міндеттері жөнінде де осыны айтуға болады. Бала өзін-өзі көрсете білсе, ендеше ойын, 

оқу  еңбекте  адамгершілікке  тәрбиеленеді  деген  сөз.  Өйткені,  мұнда  олардың  өзара 

ересек адамдармен қарым-қатынасы қалыптасады. Іс-әрекеттің әрбір түрінде осылайша 

өзара ұштасып жататын педагогикалық мүмкіндіктерді ескере отырып, мектепке дейінгі 

ұйымдарда  балалардың  тіршілік  әрекеттерін,  тәрбиелік  мақсатқа  сай  ұйымдастыра 

аламыз.  Ойын,  еңбек,  оқу  арқылы  біз  балаларға  белгілі  бір  тұрғыдан  ықпал  жасай 

аламыз.  Бірақ  біз  іс-әрекеттер  ойын,  еңбек,  оқыту  өзара  ұштасқан  жағдайда  ғана 

баланың  жеке  басын  дамытуда  толық  нәтижеге  жете  аламыз.  Балабақшаның  негізгі 

міндеті  –  баланың  жеке  басының  бастапқы  қалыптасуын  қамтамасыз  ету.  Бұл  жас 

баланың ақыл-ойының дамуы мен даярлығы үшін қолайлы кезең. Осы кезеңде бала оқу 

мен  тәрбиені  қалыптастыруға,  өз  қызметін  білуге,  тілдік  қатынастың  қарапайым 

тәжірибесінде өзін-өзі таныта білуге, мінез-құлық мәдениетіне, жеке гигиеналық және 

салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарланады. 

Еліміздің  ертеңгі  болашағы  жас  ұрпақты  азаматық  пен  имандылыққа  баулу  – 

тәрбиенің  басты  міндеттерінің  бірі.  Сонымен  қатар  ата-аналар  мен  мектепке  дейінгі 

ұйымдар ұлттық тәрбиеге де мән бергендері жөн. Бұл саладағы күш – жігер алдымен 

бүлдіршіндерді отандыққа тәрбиелеуге бағытталады. «Отан» деген ұғым балаға дүние 

есігін  ашқан  үйі,  ата-анасы,  ағайын  туыстары,  туған  жері,  кең  –  байтақ  гүлжазира 


 

674 


 

даласы, тау – тасы, өзен – көлі, сылдырап аққан мөлдір бұлағы бейнесінде қабылданып, 

ең қасиетті де құдіретті алтын бесігі ретінде үйретуге тиіспіз. 

Жас ұрпақты кішкентайынан салт-дәстүрлер рухында баулу, құлағына сіңіру әдет-

дағдысына айналдыру – парызды іс. Қазақ сөз өнерін қатты құрметтеген халық: «Жақсы 

сөз – жарым ырыс», «Жақсы сөз жан семіртер. Сонымен қатар балаға «сіз», «рақмет», 

«кешіріңіз»,  «өтінемін»  деген  сияқты  сыпайылықты  білдіретін  сөздерді  үлкендерге 

айтып жүруге үйрету, оған дағдыландыру ата-аналар мен тәрбиешілердің міндеті. 

Халқымыздың дәстүрінде қол алысып амандасуға ерекше көңіл бөлген, жас баланы 

сәби кезінен үлкендермен қол алысып амандасуғы тәрбиелейді. «Көкеңе қолыңды беріп 

амандас», «Ағаңның қолын ал», «Атаңа екі қолыңды бер» деп үйретеді. Ондай кезде 

үлкендер яғни аталар, әжелер «Ой азамат болыпты ғой!», «Таудай бол!» деп баланың 

қолын алып, сәлем беруге ынталандыратын сөздер айтып ынтасын тудырады. Баланы 

жастайынан осындай инабаттылыққа баулу, ол есейгенде сыпайы, әрі жеке тұлға болып 

қалыптасуына негіз болады. 

Болашақ ұрпақ тәрбиесін іске асырып отырған кезкелген мекеме үшін отбасымен 

жұмысты тиісті дәрежеде ұйымдастырудың маңызы өте зор. Себебі, отбасы баланың 

түпкі  тамыры,  болмысын  қалатын  мекен.  Отбасымен  жұмыс  мүмкін  педагогтардың 

жүргізетін жұмыстарының ең қызықты бір бағыты шығар. Бір жағынан, бұл жұмыс аса 

бір шеберлікті, құпиялықты, мәдениетті, білімді, тәжірибені қажет ететін жұмыстардың 

бірі. Өйткені, отбасымен жұмыс жүргізген кезде түрлі адамдармен, түрлі түсініктермен, 

түрлі мінез-құлықтармен, түрлі қиыншылықтармен қарама-қарсы кездесесің. Осының 

барлығынан педагогтық абыройыңа кір келтірмей шығу үлкен өнерді қажет етеді. Сол 

себептен  білім  беру  мекемесінде  отбасымен  жүргізілетін  жұмыстарды  әдістемелік 

жағынан орынды ұйымдастырудың маңызы өте зор. Отбасымен жүргізілетін жұмысты 

әдістемелік  дұрыс  ұйымдастыру  дегеніміз  не?  Бұл  -  мекеме  ішінде  отбасымен 

жүргізілетін  жұмыстарды  педагогикалық  қағидаларға  сәйкес,  баланы  жан-жақты 

дамытуға  қорғауға  бағдарланған  түрде  ұйымдастыру.  Отбасымен  жүргізілетін 

жұмыстарды әдістемелік негізделген, бала құқығын сақтауға және жағынан белгілі бір 

ретпен, жүйелі түрде ұйымдастыру жүргізілген жұмыстың нәтижесіне әсер етеді.  

Балабақшамен  таныстыру  жұмысы  –  жылына  1  рет  оқу  жылының  басында 

жүргізіледі.  Бұл  жұмыстың  негізгі  мақсаты  ата-аналарды  балалардың  білім  алу  және 

тәрбиелену ортасымен таныстыру болып табылады. Яғни, отбасын балалар өмір сүріп 

отырған  ортаның  материалдық-техникалық  базасымен  және  осы  ортаның  оқу-

әдістемелік  қамтамасыздану  дәрежесімен,  педагогикалық  ұжыммен,  мамандармен 

таныстыру және осы арқылы олардың оң көзқарастарын қалыптастыру, достық қарым-

қатынас құру. 

Ата-аналарға  арналған  ашық  сабақтар  –  отбасына  баланың  белсенділігін,  даму 

деңгейін  ғана  көрсетіп  қоймайды,  сонымен  қатар  топ  ішінде  сабақтардың 

ұйымдастырылу  ерекшеліктерімен  де  таныстырады.  Сондай-ақ  балабақшада  балалар 

тек ойын әрекетімен айналысады деген жансақ ойлардан сақтайды. 

Ата-аналарға арналған педагогикалық кеңестер – оқу жылында 1 рет болуы мүмкін. 

Бұл  кеңесті  әсіресе  оқу  жылының  басында  өткізген  ыңғайлы.  Көбіне  бұл  бала 

тәрбиесінде кездесетін өзекті мәселелерге арналады. 



 

675 


 

Педагогикалық  әңгімелер  –  отбасына  баланы  таңертең  әкелгенде  және  кешке 

әкеткенде тәрбиешінің ата-анамен әңгімелесуінен бастау алады, тәрбиеші оларға бала 

тәрбиесіне  қатысты  бағдар  көрсетеді,  өз  ойын  айтып,  ата-ана  ойын  тыңдайды.  Бұл 

әңгімені жалпылай да өткізуге болады. 

Тақырыптық  кеңестер  –  белгілі  бір  тақырыпқа  байланысты  болуы  мүмкін.  Бұл 

кеңестерді  тәрбиеші,  дәрігер,  шектеулі  мамандар  бере  алады.  Тақырыптар  жиі 

кездесетін сұрақтар төңірегінде таңдалады. 

Жиналыстар – оқу жылында бірнеше рет ұйымдастырылады. Баланың жетістіктері 

жайында ата-аналарға ақпараттар беріліп, топтың түрлі мәселелері шешіледі. 

Дөңгелек  үстелдер  –  еркін  түрде  ұйымдастырылып,  еркін  ашық  әңгімелесуге 

бағытталған.  Бұл  ата-аналардың  ашылып  әңгімелесулеріне  мүмкіндік  береді. 

Тақырыптар  тәрбиешінің  қалауымен  немесе  ата-аналардың  сұранысымен  таңдалуы 

мүмкін. 


Конференция – түрлі жағдаяттарды моделдеу арқылы ата-аналарға балабақшаның 

тыныс-тіршілігін таныстыруға мүмкіндік туады. 

Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын қамтамасыз ету 

– бұл ата-аналарға бала дамуындағы ерекшеліктер туралы кәсіби кеңестер беру. Арнайы 

педагогикалық  немесе  медециналық  мамандықтары  жоқ  ата-аналар  кей  кездері 

қиыншылықтармен,  түсініспеушіліктермен  кездесіп  қалуы  әбден  мүмкін.  Осыған 

байланысты мұндай кеңестердің маңызы өте зор. 

Педагогтарды  отбасымен  жұмыс  жүргізу  шеберлігіне  дайындаудың  мақсаты  – 

оларды  ата-аналармен  және  отбасы  мүшелерімен  мәдени  қарым-қатынас  жасауға 

үйрету. Аталған бағыт бойынша мекемеде төмендегідей жұмыс түрлері жүргізіледі: 

Топ  ішінде  отбасымен  жүргізілетін  жұмыстардың  жоспарын  құру  бойынша 

әдістемелік көмек көрсету және осы жұмыстарды қадағалау; 

Отбасымен  жүргізілетін  жұмыстардың  барлығын  салауатты  рәсімдеуді 

қамтамасыз ету; 

Отбасы  мүшелірімен  қарым-қатынас  жасау  мәдениеті  бойынша  психолог 

тарапынан кеңестер беру және осы жұмыстың орындалуын қадағалау; 

Педагогтардың  ата-аналар  мен  мекеме  арасында  жасалатын  келісім-шарттың 

мазмұнын нақты білулерін қамтамасыз ету; 

Ата-аналармен болуы мүмкін келеңсіздіктердің алдын алу жұмыстары; 

Бала құқығын қорғау конвенциясының мазмұнын меңгерулерін қамтамасыз ету; 

Отбасымен жүргізілетін жұмыстардың мониторингін жүргізу. 

Отбасымен  жүргізілетін  жұмыстардың  жаңа  бағыттарын  игерудің  мақсаты  – 

отбасымен  қарым-қатынасты  жақсартуға  мүмкіндік  беретін  тиімді  әдіс-тәсілдерді 

ендіру, тәжірибеде қолдану. 

Білім кеңістігінде пайда болған отбасымен қарым-қатынастың жаңа формаларын 

игеру, озық тәжірибелерді ендіру; 

Ата-аналардың  белсенділіктерін  арттыруға  мүмкіндік  беретін  дәстүрден  тыс 

қарым-қатынас  түрлерін  тәжірибеде  қолдану  (сайыстар,  рингтер,  дөңгелек  үстелдер, 

диспуттар, пікірталастар т.с.с.); 

Отбасымен  жүргізілетін  жұмыстар  бойынша  өзінің  жаңа  авторлық  жобасын 

ұсынған педагогтарға қолдау көрсету. 


 

676 


 

Жоғарыда аталған жұмыстардың барлығы бүгінгі күні біздің мекемемізде кеңінен 

қолдануда.  Әрине,  бүгінгі  таңда  бұл  жұмыстар  өз  нәтижелерін  беруде.  Дегенмен, 

отбасымен  жүргізілетін  жұмыстар  үздіксіз  өзгерістерді  қажет  етеді.  Себебі,  бүгінгі 

күннің ата-аналары жаңа заманның, озық технологиялардың адамдары. Осыдан бірнеше 

жыл  бұрыңғы  ата-аналар  үшін  балаларының  уақытылы  тамақтанылуы,  қаралуы  ғана 

маңызды  болса,  бүгінгі  ата-аналар  үшін  аталған  шарттармен  қатар  баланың  сапалы 

білім мен саналы тәрбиемен қамтамасыз етілуі де аса маңызды. Сондықтан ата-аналар 

қауымын  мекеме  жұмысымен  таныстырудың  бірден  бір  жолы  оларды  мекеме 

жұмысына, яғни бала тәрбиесіне белсендіре араластыру болып табылады. Ал ол үшін 

ата-аналарды мекемеде жасалып жатқан жұмыстарға қызықтыра білу керек. 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі                                                                                                                           



1. 2012  жылғы  23  тамыздағы  №  1080  «Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту»  ҚР 

МЖМБСтандарт;                                                                                                                                            

2. «Білім беру» 2008 ж                                                                                                                                 

3. «Педагогика» 

кәсіптік 

оқулығы 


«Фолиант» 

баспасы 


Авт: 

Ш.Х. 


ҚұрманалинаБ.Ж. Мұқанова 257 бет                                                                                                                                                    

4. «Тәрбие құралы» журналы2007ж №5  69 бет                                                                                           

5. «Бала тәрбиесі» журналы 2008ж №10 46 бет, 2009ж №7 42 бет                                                          

6. « Отбасы және балабақша» 2008ж №6 

 

 

ФОРМИРОВАНИЕ ПРЕДСТАВЛЕНИЙ О КУЛЬТУРЕ ЗДОРОВЬЯ У СТАРШИХ 



ДОШКОЛЬНИКОВ ЧЕРЕЗ ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ПРОЕКТНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ 

 

Куатова Г.А., Жаканбаева А.А. 



Карагандинский колледж актуального образования « Болашақ» 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет