Құлын
Азамат қалада тұрады. Күндіз балабақшада болады. Қалған уақытта
әжесінің қасынан шықпайды.Әжесі оған қызық ертегілер айтады. Өлең
үйретеді. Бәрін құмарта тыңдайды. Әжесінің кейбір
кейбір сөздерінің мәнін ұға
бермейді.
Өткен жазда Азамат әжесімен бірге ауылға барды. Ауылда бәрі қызық
сияқты. Үйдің сыртында бие байлаулы тұр. Қасында құлыны бар. Тұлымшағы
желпілдеген құлынды жақсы көрмеу мүмкін емес.
Азамат әжесінің ылғи
«құлыным» дей беретінінің мәнін ұғынғандай болды. (62 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: балабақшада, беретінінің.
1.
Бірінші сөйлемді сөз таптарына талдаңдар.
2.
Әже деген сөзді жіктеңдер.
3.
Құлын деген сөзді тәуелдеңдер.
Сауыншы
Ауыл ұйқы құшағында. Елең-алаң уақыт. Мүлгіген тыныштық. Кенет
бірнеше терезеден бір мезгілде жарық көрінді. Есіктер сықырлап ашылды.
Көшеден дауыстар естіле бастады. Бұлар – сиыр саууға асыққан сауыншылар.
Ауылда елден бұрын тұратын осылар.
Сауыншылар атқаратын іс көп. Сиырларды күтеді. Жем-шөп береді. Әр
сиырдың мінезі әрқалай. Сауар алдында желінін жуады.
Сондықтан сауыншы
сезімтал және байқағыш болуы керек. (64 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: мүлгіген, сезімтал.
1.
Алтыншы сөйлемнен зат есімді табыңдар. Олардың түбірі мен
жалғауын ажыратыңдар.
2.
Мәтіннен қос сөздерді табыңдар.
3.
Сауыншы деген сөзді көпше түрінде жіктеңдер.
Достарыңызбен бөлісу: