Бақылау диктанттары



Pdf көрінісі
бет19/19
Дата28.11.2023
өлшемі210,87 Kb.
#130495
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Диктанттар 1-2-3-4 сыныптар-1

Жолаушылар
Біз Қараойдан кешкісін шықтық. Аяққұдық деген құдыққа жеттік. Осы 
құдықтың басында дем алмақ болдық. Аттарды қаңтарып арбаға байладық. 
Мен жерге жата кеттім. Жер сыздау екен. Болатбай жерге қалың сабан төседі. 
Біз сабан үстіне жаттық. Самал жел сабанды анда-санда сыбдырлатады. Мен 
елегізіп біраз ояу жаттым.
Дала түні қызық қой! Жер ана маужырап ұйқыға кетіпті. (54 сөз) 
Жазылуы қиын сөздер: сыбдырлады, елегізіп. 
4.
Мәтіннен біріккен сөздерді табыңдар. Астын сызыңдар. Дыбыстық 
талдау жасаңдар. 
5.
Ойларыңнан екі түбірден біріккен кісі аттарын жазыңдар.
6.
Ф әрпі бар үш сөз ойлап жазыңдар. Оларға дыбыстық талдау жасаңдар. 
Шахта 
Шахтаны менің көргім келді. Оның қайда екенін білуші едім. Әкем сыйлаған 
фонарымды алдым. Өйткені шахта жер астында. Ақыры шыдамым жетпеді. 
Шахтаға қарай бет алдым. Тау етегінде үлкен үй тұр. Сол үйге кірдім. Іші 
толған шахтер екен. Бір ағайдың соңынан ере бердім. Бір кезде үлкен залға 
кірдім. Залдың ортасында темір тор тұр. Сол сәтте тор ішінен қоңырау 
сылдырлады. Ағай тордың есігін жапты. Тор шахтерлерді төмен алып кетті. (65 
сөз) 
Жазылуы қиын сөздер: фонарымды, шахтерлерді. 
1.
Үшінші сөйлемді сөз таптарына талдаңдар.
2.
Шахтер деген сөзді жіктеп жазыңдар. 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет