етіп граната жарылды. Әлияның жүрегі дір ете түсті. Бойына бір күш
жүгіргендей болды. Ол жігерленіп кетті. (59 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: зеңбіректердің, офицерін.
1.
Қос сөз бар сөйлемдерді табыңдар. Оларды теріп жазыңдар.
2.
Ойларыңнан біріккен жер-су аттарын жазыңдар.
3.
Берілген қысқарған сөздерді толық жазыңдар. ҚазМУ, МАИ,
кг, ТМД.
Сазда
Аюлар жаз бойы орман ішін кезіп жүреді. Олар
піскен тәтті жидектерді
тамсана жалайды. Жабайы аралардың балын жейді. Құмырсқалардың үйіліп
жатқан илеуін қазады. Кейде үйіліп тұрған сұлыға бас салады. Аңшыларға
жаздыгүні аюдың ізіне түсу өте қиын. Аюлар адам ізін сезіп қояды. Кеш
алдында аюлар мүгі көп сазды жерді кезеді.
Сазды жердегі томарларды
иіскелейді. Жейтін бірдеңе табыла ма деп іздейді. (58 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: илеуін, жаздыгүні.
1.
Бірінші сөйлемді сөз таптарына талдаңдар.
2.
Аңшыларға, аюдың деген сөздердің қай септікте тұрғанын
анықтаңдар. Септік жалғауының астын сызыңдар.
Сабақ
Менің Марат дейтін танысым бар. Ол өте мақтаншақ болатын. Күрескенде
баланың бәрін жығатындығын айтып мақтанады. Арада біраз күн өтті.
Марат
және оның ағасы Қанат үшеуміз мектепке бара жатқанбыз. Кенет бір кішкентай
күшік шәу ете қалды. Марат пен Қанат екеуі қаша жөнелді. Мен асықпай жүре
бердім. Күшік шәуілдеп артта қалды. Содан бері Марат мақтанбайтын болды.
(54 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: жығатындығын, мақтанбайтын.
1.
Мәтіннен жалқы есімді табыңдар. Астын сызыңдар.
2.
Күшік деген сөзді септеңдер.
Достарыңызбен бөлісу: