Бақылау диктанттары



Pdf көрінісі
бет8/19
Дата28.11.2023
өлшемі210,87 Kb.
#130495
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Байланысты:
Диктанттар 1-2-3-4 сыныптар-1

Анасының жұмысы 
Аяжанның апасы дәріханада қызмет істейді. Аяжан апасының
дәріханасында талай болған. Ондағының бәрі оған ұнайды. Тап-таза, 
жинақы. Дәріханада дәрі көп. Апасы басына тақия киеді. Үстінде ақ
халат. Дәрігер оқушыларға, жұмысшыларға, құрылысшыларға, ауырған
адамдардың бәріне дәрі жазып береді. Апасы жазып берген дәрілерді
оларға тауып береді. Анасының жұмысы Аяжанды қызықтырады. (47 сөз) 
Б. Соқпақбаев 
Мәтіннен зат есімдерді тапқызып, астын сызғызу. Кім? Сұрағына
жауап беретін сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Диқан 
Нан астықтан алынады. Астықты өсіретін адам – диқан. Ол жыл бойы
тыным таппайды. Көктемде жер жыртады. Жерге дән себеді. Дәннен егін


көктейді. Диқан жаз бойы егінді баптайды. Күзде піскен егінді
комбайнмен орады. Масақ толы дән қырманға тасылады. Егінді жинауға
оқушылар да көмектеседі. Диқанның еңбегі бағаланады. (44 сөз) 
 
Шыршалы тоғайда 
Бір шыршалы тоғай ішінде серуендеп жүрген болатынбыз. Бір мезетте
қараңғы тоғайға келіп кірдік. Тарлау соқпақ көрінеді. Осы кішкентай
соқпаққа түсіп жүріп кеттік. Соқпақ бізді қалың шөбі бар алаңға алып
шықты. Біз шүйгін жасыл шөп үстінде демалмақ болып жата қалдық.
Иттің үрген даусы естілді. Ит қып-қызыл түлкіні қуып жүр екен. (49 сөз)
И. Корнеев 
Сантастағы орман 
Күн жылына бастаған кезде малшылар тауға беттейді. Ол кезде біз
жалғыз болмаймыз. Тек өзеннің ар жағында ғана ешкім болмайды. Ол жақ
қалың орман ғой. Орманға ешкімді жібермей, одан бір бұтақ сындыртпау
үшін кіре берісте отырамыз. Бізге ғалым адамдар келді. Олар
Сантастағыдай орман дүние жүзінде сирек екенін айтты. (47 сөз)
Ш. Айтматов 
Достар 
Зейін бақта жүр. Қарақат бұталарының сыртына мойнын созып қарап
қояды. Бұтаның арғы бетінде шымшықтар жел түсірген бүршіктерді
шоқып жүр. Жерге еңкейген сайын құйрықтары шошаң-шошаң етеді.
Зейін қуанып кетті. Ағаштың төменгі жағына жем шашатын тақтай
орнатты. Қызыл торғайлар әлгі жерге үйір болып кетті. Құстар – адамның
досы. (45 сөз) 
З. Иманбаев 
Түркістан 
Түркістан – бабалардың көне қаласы. Ол Қаратау мен Сырдария
өзенінің ортасында. Мұсылман діні келгеннен бастап қала Ясы деп
аталған. Ақын Қожа Ахметтің Йассауи болатыны осы тұс.
Жаугершіліктен кейін қала Түркістан атанды. Түркістан «түріктер
мекені» деген сөз. Қалада шәкірттер оқитын медреселер ашқан.
Медресенің бас мұғалімі Қожа Ахмет Йассауи еді. (47 сөз) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет