Бақылау диктанттары



бет7/15
Дата13.10.2022
өлшемі175,5 Kb.
#42898
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Сантастағы орман
Күн жылына бастаған кезде малшылар тауға беттейді. Ол кезде біз жалғыз болмаймыз. Тек өзеннің ар жағында ғана ешкім болмайды. Ол жақ қалың орман ғой. Орманға ешкімді жібермей, одан бір бұтақ сындыртпау үшін кіре берісте отырамыз. Бізге ғалым адамдар келді. Олар Сантастағыдай орман дүние жүзінде сирек екенін айтты. (47 сөз)
Ш. Айтматов
Достар
Зейін бақта жүр. Қарақат бұталарының сыртына мойнын созып қарап қояды. Бұтаның арғы бетінде шымшықтар жел түсірген бүршіктерді шоқып жүр. Жерге еңкейген сайын құйрықтары шошаң-шошаң етеді. Зейін қуанып кетті. Ағаштың төменгі жағына жем шашатын тақтай орнатты. Қызыл торғайлар әлгі жерге үйір болып кетті. Құстар – адамның досы. (45 сөз)
З. Иманбаев


Түркістан
Түркістан – бабалардың көне қаласы. Ол Қаратау мен Сырдария өзенінің ортасында. Мұсылман діні келгеннен бастап қала Ясы деп аталған. Ақын Қожа Ахметтің Йассауи болатыны осы тұс.
Жаугершіліктен кейін қала Түркістан атанды. Түркістан «түріктер мекені» деген сөз. Қалада шәкірттер оқитын медреселер ашқан. Медресенің бас мұғалімі Қожа Ахмет Йассауи еді. (47 сөз)


Жалаулы қоймасы.
Жалаулы қоймасы – алтын бұйымдар қоймасы. Бұл қойманың табылуы бір қызық оқиға. Оны Алматы облысындағы жалаулы елді мекенінің маңындағы өзен аңғарынан оқушылар тауып алған. Құрым киізден тігілген дорбаға салынған бұйымдар әлдекімнің жасырған қоймасы болу керек. Зергерлік алтын бұйымдардың саны алты жүзден асады. Жалаулы қоймасының ғажайып сырлары әлі зерттеліп жатыр. (48 сөз)
Қорқыт ата
Аңыз бойынша Қорқыт Сырдарияның жағасында өмір сүрген. Күмбезі Қызылорда облысының Қармақшы ауданында болған. Осы мазар ұзыннан созылған сегіз қырлы үлгіде төбесі күмбезделіп салынған екен. Бұрыштары оюлармен өрнектелген. Мазарға жалауы бар ұзын сырғауыл қойылған. өкінішке орай, күмбезді су шайып кеткен. Қазір сол жерге күмбез салынған. (44 сөз)


Кішкентай көмекші
Ақан демалысқа атасы мен әжесінің үйіне келді. Атасы бағбан. Бау-бақша жасыл кілемдей жайнап тұр. Ақан күні бойы атасымен бақта жүреді. Ағаштардың түбін қопсытады. Арам шөптерден арылтады. Атасына бақшаны уақытында суғаруға көмектеседі. Ал атасы мен әжесі кішкентай көмекшінің еңбегіне риза. (39 сөз)
Наурыз көже
Наурыз – жаңа күн, жыл басы. Жаңа жылдың бірінші күні наурыздың 20-22-сі аралығында күн мен түн теңеледі. Қазақ халқы наурыз күнін «Ұлыстың ұлы күні» деп, жақсылық тілейді, еск жылдағы өкпе-араздықты ұмытады. Наурыз тойының мақсаты – халыққа молшылық, тоқшылық тілеу. Сол үшін қазан-қазан наурыз көже жасайды. Наурыз көженің құрамы көп дәндерден құралады. (50 сөз)


Қайың
Қайың сымбатты ағаш. биік болып өседі. жазда тәулігіне қырық шелектей ылғал тартады. Қайыңнан алынатын нәрсенің бәрі кәдеге асады. Оның бүршіктерінен дәрі әзірленеді. Бұтақтарынан сыпырғыш жасайды. Қабығынан халық шеберлері себет пен ыдыстар тоқиды. Қайың отыны пещке маздап жанады. Қайың ағашынан жиһадар жасалады.
Жаз кезінде қайың тоғайын аралау қандай ғанибет десеңші! Кіршіксіз таза ауа да сонда. (54 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: бүршіктерінен, жиһаздар.

  1. Бірінші сөйлемді сөз таптарына талдаңдар.

  2. Мәтіннен лепті сөйлемді табыңдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет