8.Шикізатты байыту дегеніміз не? Және оны қандай мақсатпен жүргізеді?
Байыту деп минералдық шикізатты алғашқы (мехникалық) өңдеу кезіндегі процестердің жиынтығын атайды, оны жүргізудің мақсаты, пайдалы минералдарды (концентратты) бос тау жынысынан бөліп алу.
9. Шикізатты байытудың қандай әдістері бар?
Байыту әдістері әр алуан және олар қатты, сұйық және газ тәріздес шикізаттар үшін бөлек болады.Қатты шикізаттар үшін, көбінесе, байытудың механикалық әдістері – жайып ыдырату, гүрсілдетіп елеу( құрамында минералдар бар қатты тау жыныстарын бөліп –айыру үшін қолданылады. ), гравитациялық бөлу (әртүрлі тығыздық, формасы, өлшемі бар ұнтақталған материалдардың түйіршіктерінің, сұйық немесе газ ағынында әртүрлі жылдамдықпен төмен түсуіне немесе ортадан тепкіш күштің әсеріне негізделген), электромагниттік және электростатикалық айыру ( шикізат компоненттерінің магнит өткізгіштіктері және электр өткізгіштіктері әртүрлі болатынына негізделген) және физика химиялық әдіс – флотациялау қолданылады.
Сұйық қоспаларды бөліп алу үшін сұйықтық экстракция жүргізіледі.Газ қоспаларын бөлудің өндірісте кең тараған әдісі сорбция – қоспа компоненттерін, сұйық (абсорбция) немесе қатты (адсорбция) заттармен іріктеп сіңіріп алу процесі.
10. Шикізатты комплексті түрде өңдеудің маңызы мен мақсаты қандай?
Маңызы: шикізатты толық кешенді өңдеу кезінде өндіріс қалдықтары болмайды, шикізаттың барлық құрамдас бөліктері жеке бағалы өнімдердің қалыптасуымен пайдалы тұтынылады. Шикізатты кешенді өңдеу шикізат базасын кеңейтеді, химиялық өнімнің өзіндік құнын төмендетеді.
Мақсаты: бір технологиялық процесте бір немесе бірнеше сатыда бір шикізаттан немесе жартылай өнімнен бірнеше өнімді бір мезгілде алу болып табылады
11. Шикізатты өлшемі бойынша жіктеу және сорттау.
«Жіктеу» деп әрбір сорттың қандай да болмасын химиялық немесе физикалыққасиеттерінің ортақтығы бойынша шикізатты бөлек сорттарға (класстарға) бөлуді айтады. Қатты минералдық шикізатты бөлек фракцияларға оның кесектерінің ірілігіне байланысты сұрыптау «шикізат жіктеуі» деп аталады.
Кеннің, көмірдің және басқа да сусымалы материалдардың көлденең өлшемдері 2 мм-ден 250 мм-ге дейінгі кесектері немесе түйіршіктерін үлкен екшеуіштердің, електердің көмегімен, ал бұдан ұсақ материалдарды «классификаторлар» деп аталатын арнайы аппараттар (мұнда осындай бірнеше аппараттар арқылы бір ағында жүретін кесектер классификацияланады; оның біріншісінде ең ірілері, ең соңғысында – ең ұсақ бөлшектері тұнады) және сепараторлар (мұнда сол үдеріс ауа ағынында жүргізіледі) жіктейді.
12. Шикізатты ұнтақтау және сорттау.
Минералдық шикізаттың, жиі жартылай өнімнің және тіпті дайын өнімнің де едәуір бөлігі електен өткізілгеннен кейін ұсақталады. Оны шартты түрде, шикізат немесе дайын өнім өлшемі 1 мм-ден үлкен кесектерге ұсақталатын «дөрекі» ұсақтау немесе уақтау және кесектердің өлшемін 0,1 мк-ға жеткізетін «нәзік» ұсақтау деп бөлуге болады. Уақтауға арналған машиналар «уатқыштар» деп, ал ұнтақтауға арналған машиналар – «диірмендер»деп аталады. Ірі кесектерді, мысалы 100-500 мм бөлшектерінің өлшемі 0,2-0,5 мм жіңішке ұнтаққа айналдыру қажет болса, ұсақтау бірнеше (2-3) кезеңде, сатыда, ретімен бірнеше машиналарда жүргізіледі, әрі әрбір кезеңнен өткен сайын електе (немесе классификаторда) классификациялауды жүргізген жөн.
Жабық циклде шикізат қалдығы електің елеуішінен, ол електің тесігі арқылы толығымен өтпейінше қайтадан ұсақталады.
Ұсақтауғаарналған машиналар ішінен соққыларға ұстамды марганецті болаттан жасалған тақтатастармен қаланады. Шикізатты тек құрғақ түрінде уақтайды, ал нәзік ұсақтау құрғақ немесе ылғал (су қосқаннан кейін) тәсілмен жүргізіледі.
14. Кенді байытудың негізгі принципі.Байытуды жүргізудің мақсаты, пайдалы минералдарды (концентратты) бос тау жынысынан бөліп алу.
15. Механикалық жолмен байыту минералдың қандай қасиеттеріне негізделген?
Байыту әдісін таңдау агрегаттық күйге және шикізат компоненттерінің қасиеттерінебайланысты. Шикізатты байытудың көптеген әдістері белгілі. Олардың ең маңыздылары: механикалық, термиялық, химиялық, электромагниттік, флотациялық немесе физика-химиялық.
20. Кенді байытудың гравитациялық әдісі.
Гравитациялық байыту (құрғақ және ылғал) әртүрлі тығыздық, формасы, өлшемі барұнтақталған материалдардың түйіршіктерінің, сұйық немесе газ ағынында әртүрлі жылдамдықпен төмен түсуіне немесе ортадан тепкіш күштің әсеріне негізделген.
Байытудың гравитациялық әдістеріне айырып тастау, ауыр суспензияларда байыту,концентрациялық столдарда, винттік айырғыштарда және т.б. жатады. Ылғал гравитациялық байыту арқылы минералды бөлудің экономикалық тиімді аппараттарына ортадан тепкіш күш әсеріне негізделген гидроциклон жатады. Гидроциклонның корпусы конустық және цилиндрлік бөліктерден тұрады.
21. Кенді байытудың электромагнитті әдісі.
Электромагниттік және электростатикалық байыту – шикізат компоненттерінің магнит өткізгіштіктері және электр өткізгіштіктері әртүрлі болатынына негізделген. Бұл әдістерді, магнитсезгіш бөліктерді магниттік емес бөліктерден, электрөткізгіштерді диэлектриктерден бөліп алу үшін қолданады.
22.Кенді байытудың флотациялық әдісі.
Флотация – байытудың кең тараған байыту әдісі, әртүрлі сульфид кендерін айыру үшін, апатитті нефелиннен бөлу үшін, таскөмірді байыту үшін және басқа көптеген минералдар үшін қолданылады. Флотация әртүрлі минералдарға судың жұғуы әртүрлі болатынына негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: |