«Отын. Отынды өңдеу»
Отын деген не?
Отын– жылу энергиясын алуға қолданылатын жанғыш заттар.
Шығу тегіне байланысты отын қалай жіктеледі?
Табиғи отындарға қазынды көмірлер (антрациттер, тас жәнеқоңыр көмірлер), мұнай, газ, жанғыш сланецтер (тақтатастар), шымтезек, ағаш, өсімдік қалдықтары жатады.Жасанды отындарға домна пешініңкокстері, мотор отындары, кокстық және генераторлық газдар, т.б. жатады.
Отынның түрлерін анықтаңыз.Агрегаттық күйіне қарай – қатты, сұйық және газ тәрізді, жаратылысы бойынша – табиғи және жасанды отын деп ажыратылады.
Отын жайлы жалпы мәліметтер.
Отын – жанған кезде жоғары мөлшерде жылу бөліп шығаратын адам денсаулығына зиянды газдар бөлмейтін органикалық зат. Отын табиғатта кеңінен тараған, арзан әдістермен өндіруге қолайлы болуы қажет. Сонымен қатар, отын жер қойнауында дайын күйінде кездесіп қана қоймай, жасанды түрде алынуы да мүмкін. Бұл айтылған шарттарға мұнай, табиғи газдар, көмір, жанғыш шымтезек, торф сияқты шикі заттардың қасиеті сәйкес келеді.
Отынның маңызы ерекше, ол өнеркәсіптің қай саласында болмасын, ауыл шаруашылығында, күнделікті үй шаруашылығында шешуші орын алады.
Отынды термиялық жолмен өңдеу процесінің жіктелуі.
Газификация и гидрогенизация деген не? Онда жүретін процесті сипатта.
Металдарды термиялық өңдеу – металданжәне қорытпадан жасалған заттардың, бұйымдардың құрылысы мен қасиеттерін өзгерту мақсатында пайдаланылатын жылулық өңдеу процестерінің жиынтығы.
Қатты отынды химиялық әдістермен өңдеу – олар: пирогенетикалық (“пиро” – грек сөзі – “от”, “генос” – туу) әдістер пиролиз (құрғақ айдау); газификациялау (газға айландыру) және гидрогенизациялау (гидрлеу).
Пиролиз – отынды ауа кірмейтін жабық реакторда қыздырғанда отын құрамындағы компоненттер құрылымы бұзылып химиялық өзгерістерге ұшырауы. Пиролиз процесіндегі негізгі химиялық өзгерістер ірі молекулалар ұсталады және ұсатылған бөлшектер одан әрі полимеризация, конденсация, деалкилдеу, араматтану және т.б. қзгерістерге ұшырайды.
Достарыңызбен бөлісу: |