Кокстеудің химиялық өнімін аулау.
“кері кокс газы” деп аталып күкіртті сутекпен және басқада күкіртті қосылыстардан тазартылып кокс немесе металургия пештерін қыздыруға отын ретінде қолданады. Қазіргі уақытта “кері кокс газдан” – этилен, метан, көмір (ІІ) оксидін және сутекті фракциялап бөліп алып, оларды химиялық шикізат ретінде қолданады.
“Шайыр бетіндегі су” құрамында: еріген күйіндегі аммиак және оның тұздары (NH4)2CO3; NH4CN; (NH4)2S; NH4Cl; NH4CNS; (NH4)2SO4 болады.
“Шикі” бензол – құрамында % бойынша: күкіртті көмірсутек және жеңіл қайнайтын көмірсутектер 1,6-3,4; бензол 59,5-78,3; бензол гомологтары 12-21 және т.б. қосылыстардан құралған қоспа.
Қатты отын газификациясы. Онда жүретін химиялық реакцияларды жаз.
Қ
атты отынды газдандыру - қатты отынның органикалық заттарын (тас және қоңыр көмір,кокс, тақтатас, шымтезек, ағаш және т.б.)негізінен СО мен Н2-ден тұратын жанғыш газға айналдыру процестері. Оларгаз генераторларындағы көміртегібар қосылыстардың (өндірілген газды генераторгазы деп атайды) термиялық тотығуының 900-1600 ° C температурасында, 0,1-10 МПа қысымда, газдандырғыш реагенттердің(тотықтырғыштардың) қатысуымен жүзеге асырылады: су буы ауа, оттегі, көмірқышқылгазы, бу-ауа немесе бу-оттегі қоспасы. Қатты отынды газдандыру өнімдерінің шығымы салмағы бойынша 80% құрайды.
Газ тәрізді отынның артықшылықтары:
• ол алыс қашықтыққа тасымалдауға өте ыңғайлы,
• жанғанда күл қалдырмайды,
•түтін газдары мен күйе шығармайды,
•газды жағу процесін автоматтандыру оңай,
•жалын температурасы, әдеттесол көрсеткіштен едәуір жоғары,
•қоюландырылған отынның тікелей жануымен алынған
Қазақстанның көмір кен орындары және оны өндіру.
Қазақстанда тас және қоңыр көмірдің мол қорлары бар. Республикада 200-ге жуық
көмір кен орыны барланған. Қазақстан көмірінің жалпы геологиялық қоры 164,4 млрд. тонна шамасында бағаланады, оның ішінде: тас көмір 17,6 млрд. тонна, қоңыр көмір 92,8 млрд. тонна.Барланған қорлар 60 млрд. тонна шамасында, баланстан тыс қорлар 19,3 млрд. тонна. Олардың 63%-ы тас көмір(оның кокстелетіні 17%), 37% – қоңыр көмір. Республикадағы ең ірі көмірлі алаптар Орталық Қазақстанда орналасқан (Қарағанды, Екібастұз, Майкөбен). Ірі кен орындары – Шұбаркөл (қоры 2,2 млрд. тонна), Борлы (0,5 млрд. тонна), Самара (1,3 млрд. тонна), сондай-ақ, Теңіз-Қоржынкөлкөмір алабы (шамамен 2,7 млрд. тонна). Торғай энергетикалық қоңыр көмір алабының қоры 52 млрд. тонна,
Достарыңызбен бөлісу: |