ЖАНҰЯ
- 165 -
АЖЫРАСУ ЖӘНЕ НЕКЕНІ БҰЗАТЫН ЖАҒДАЙЛАР
Сұрақ: Дінімізде ажырасу (талақ) туралы кеңірек мәлімет
бересіз бе?
Жауап:
1) Ажырасу үшін қолданылатын сөздерді еркектің әйеліне
қарата айтуымен талақ яғни ажырасу жүзеге асады. Ажырасу
үшін қолданылатын сөздер екіге бөлінеді:
Ашық сөздер
және
астарлы сөздер. “Талақсың”, “сенен ажырастым”
секілді сөздер «ашық сөздер» болып саналады. Бұл сөздерді
қалжыңдап немесе қателесіп, байқамай айтқан кезде
мағынасын білмесе де ажырасқан болады. “Болды сені
тастадым”, “сені қойдым” деген секілді сөздер де ашық сөзге
жатады. Бір немесе екі рет мұндай ашық сөзбен ажырасуға,
яғни кері қайтуы мүмкін болған ажырасуға «талақи рижи»
делінеді. Бірақ бәрібір үш рет талақ айту ақысының біреуі
кеткен болады. Бұл сөздердің кез-келген біреуі бір рет
айтылғанда өкінсе, ескі некесіне қайту ниетімен әйелінің
қолын ұстаса немесе сүйсе қайтадан неке қидырып отырмай
қалған екі неке бауымен жанұялық өмірін жалғастыра береді.
2) Некенің үш бауы болады. Яғни ажырасуға, некені
бұзуға себеп болатын “Болды сені тастадым”, “қойдым”,
“талақсың” , секілді сөздер үш рет қайталанып “Талақсың,
талақсың, талақсың” деп айтылса немесе “сені үш рет
қойдым, үш талақсың” десе, некенің үш бауы бірден үзілген
болады. Енді артқа қайтуға болмайтын ажырасу жүзеге асқан
болады. Бұлай үш талақ жүзеге асқан жағдайда талақи рижи
Достарыңызбен бөлісу: