Бақыттың кілті


) Қорқыту үшін де, қалжыңдап та ажырасу сөзін



Pdf көрінісі
бет115/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   184
15) Қорқыту үшін де, қалжыңдап та ажырасу сөзін 
мүлдем қолданбау керек. Тіпті ажырасуға шешім қабыл-
даса да бұл сөздерді қолданбау керек. Өйткені кейінірек 
ажырасу ниетінен қайтуы мүмкін. Жақындарымен, 
достарымен ақылдасқаннан кейін ажырасуға нақты 
шешім қабылдағаннан кейін барып бір талақ беру керек. 
Еш қашан үш талақты бірден бермеу керек. Үш талақты 
бірден беру харам болып табылады. Өмірдің шарттары 
адамды көп нәрселерге сабыр етуін, төзуін талап етуі 
мүмкін. Болмайды деген нәрсе болуы мүмкін. Бір 
талақпен ажырасса, харам істелмеген болады әрі қайта 
кіру есігі де толығымен жабылмаған болады. Ажыраспау 
ешқандай қауіп төнгізбейді. Бірақ ажырасу, әсіресе үш рет 
талақ беру өте үлкен қатер. Өйткені ниетінен базкешетін 
болса ол әйелмен некелесуі үшін хулләдан өтуі керек. 


ЖАНҰЯ
- 169 -
16) Иддет – ажырасқаннан кейін әйелдің жаңадан үйленуі 
харам болған уақыт. Бірінші таза болған күннің басынан 
үшінші хаиздың соңына дейінгі уақыт. Хаиз көрмесе талақ 
үшін үш ай, өлім үшін төрт ай он күн күтіледі. 
17) Күйеу әйелімен жақсы мәміледе болуы, оған күлімдеп 
қарап, жылы жүз танытуы, әдемі сөздер айтуы тиіс. Оның 
қате әрекеттеріне, ақылға қонымсыз сөздеріне сабыр етуі 
тиіс. Оның дәрежесіне, түсінігіне бейімделуі қажет. Онымен 
қалжыңдасып ойнауы керек. Азық-түлік, киім-кешек 
мәселесінде қолдан келгенше кең болуға тырысу керек. 
Дінімізде әйелдердің білуі парыз болған нәрселерді әлбетте 
үйретуі керек. 
Әйелдің киінуінде, үйден сыртқа шығуында, өте мұқият 
болуы керек және өз бетімен жібермеу керек. Өзін және әйелін 
күмәнға, жалаға түсіретін жағдайлардан сақтануға қатты мән 
беру керек. Әйелін бөтен еркектер болған жерге жібермеуі 
керек, бөтен еркектерді көруіне кедергі болуы керек.
Үй істерімен уақыт өткізуі оның зауқы болуы керек. 
Онымен қатал мәміледе болмауы керек. Қалжыңдап та, 
ашуланғанда да ешқашан “ажырасу” деген сөзді ауызға алмау 
керек, ешқашан “екіншіге үйлену” сөзін қозғамау керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет