Бақыттың кілті



Pdf көрінісі
бет167/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   184
Төртінші қыз
Исмаил есімді бір салих кісінің үш қызы бар еді. Әйелі 
тағы аяғы ауыр еді. Уақыты келіп әйелі жүзі нұрға толы тағы 
бір қызды дүниеге әкелді. Атын Рабия деп қойды (Төртінші 
деген мағынаны білдіреді). Исмаил өте кедей болғандықтан 
Рабия туған түні үйде қажеттіліктерден ешнәрсе жоқ еді. Осы 
себепті әйелінің көңілі түсіңкі болатын. Күйеуіне: «Көршінің 
үйіне барып қарызға майшам сұрап әкеле аласызба?!» деді. 
Исмаил ешкімге жүк болмаймын, ешкімге қол жаймаймын, 
Аллаһу та’аладан басқа ешкімнен ешнәрсе сұрамаймын 
деп өз-өзіне сөз берген болатын. Исмаил, әйелін ренжітпеу 
үшін көршінің есігінің алдында аздап тұрып қайтып келіп 
әйеліне «қатты ұйықтап жатқан болса керек, есіктерін 
ашпады» деді. Әйелі одан сайын мұңая түсті. Көздерінен 
жастар тамшылады. Исмаилды да қатты мұң басып 


ЖАНҰЯ
- 243 -
жатып, көзі ілініп кетті, түсінде пайғамбарымызды көрді. 
Пайғамбарымыз: «Мұңайма! Бұл қызың ның мерейі өте үстем 
болады, Үмметімнен 70 000 адамға шапағат етеді. Ертеңіне 
бір қағазға: «Сен әр түні пайғамбарымызға 100 салауат, ал 
жұма түндері 400 салауат оқитын едің. Өткен түні мұны 
ұмытып кеттің. Мұның кәффараты ретінде осы хатты саған 
әкелген адамға 400 алтын халал ақшаңнан бер» деп жазып 
бұл хатты басра уәлиі (әкімі) Иса Заданға апарып бер» дейді. 
Исмаил, пайғамбарымызды көру қуанышынан жылап оянды. 
Пайғамбарымыздың айтқанындай жазып хатты Иса Заданға 
апарып берді. Әкім хатты оқығанда пайғамбарымыздың оған 
үндеуінің шүкірі ретінде кедейлерге мыңдаған алтын садақа 
берді. Исмаилға хатта жазылған мөлшерімен қоса көптеген 
алтын садақа беріп қажеттілік туындаса тағыда келуін өтінді. 
Осылайша бұл отбасы молшылыққа кенеліп қыздарына 
жақсы тәлім-тәрбие беріп жетілдірді. Міне осы қыз үлкейіп 
бүкіл бүкіл мұсылмандар білетін әулие әйелдерден хазреті 
Рабия Адуия болып өсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет