ЖАНҰЯ
- 245 -
Аллаһу та’аланың Әсма-и хуснасынан (99 есімдерінен) ат
қоюға жаиз болғандарын қоюға болады.
Есімнің әдемі болуы үшін Құран кәрімде өткен болуы
қажет емес. Жүзмыңдаған сахабалар
болған бірақ хазреті
Зәйдтен басқа ешбірінің аты Құранда өтпеген. Өзгеше ат
болсын деп немесе ең әдемі ат
болсын деп Құран кәрімде
аталған есімдердің немесе сөздердің кез-келгенін қою дұрыс
болмайды. Өйткені Құран кәрімде әдемі есімдердің жанында
кәпірлердің де есімдері бар, шайтанның есімі бар. Бұларды
қою дұрыс емес. Құран кәрімде өткен найзағай, барды,
келді, жүрді деген мағыналарға келетін арапша сөздерді де
ат қылып қоятындар кездеседі. Бұларды қою жаиз болса да,
әулиелердің, пайғамбарлардың
аттарын қойған жақсырақ
болады.
Өкінішке орай бізде есімдер тізімі жоқ. Жалпы адам
есімдерін таңдауда ислам
дұшпандығымен танылған
залымдардың (мысалы Әбу Жәһл); кәпірлердің, бұзақылардың
аттарын, мұсылманға жараспайтын аттарды, мағынасыз
сөздерден пайдаланбау керек. Ислам ғұламаларының айтуы
бойынша Аллаһу та’аланың Әсма-ул Хусна,
яғни әдемі
есімдері арасынан «Әли, Азиз, Мәжид, Мужиб, Рафи, Рашид»
сияқтыларын есім ретінде адамға қоюға болады.
Балаға есімді ілімді, салих адамға қойғызу керек! Асхаби
кирам балаларына есімді сүйікті пайғамбарымызға қойғызуды
таңдаған. Нәрестеге есім қоярда баланың әкесі, атасы немесе
жасы үлкен, ілімі ең көп болған кісі баланы құшағына алып,
дәретті болып құбылаға бұрылады. Нәрестені басқа адам
ұстап тұрса да болады. Түрегеп
тұрып оң құлағына азан,
сол құлағына қамат айтады. Есімін үш рет қайталау жақсы
болады. Осы арада нәрестенің аузына тәтті нәрсе жағу жақсы
болады.
Пайғамбарымыз хазреті Хасан туылған кезде құлағына
азан оқыған. Азан оқитын
адам баланы жастық сияқты
ЖАНҰЯ
- 246 -
жұмсақ бір нәрсенің үстіне қойып құшағына алады. Баланы
біреу құшағына алып, азанды басқа біреу де оқыса болады.
Бір хадис шәрифте былай делінген:
Достарыңызбен бөлісу: