Бақыттың кілті


БОСАНҒАН ӘЙЕЛДІҢ КҮНӘЛАРЫ КЕШІРІЛЕДІ



Pdf көрінісі
бет168/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   184
БОСАНҒАН ӘЙЕЛДІҢ КҮНӘЛАРЫ КЕШІРІЛЕДІ
Сұрақ: Босану кезінде қайтыс болған мұсылман әйел 
шәһид болады ма?
Жауап: Иә, шәһид болады. Шәһидтің парыз амалдардағы 
қарыздары және құл ақыларынан басқа бүкіл күнәлары 
кешіріледі. Үш хадис шәрифтің мағынасы мынадай:
«Әйел жүктілік кезінен босанғанға дейін және сәбиін 
емізе бастағаннан сүттен шығаратын күнге дейін Аллаһ 
жолында қарауылдық қызметіндегі мүджаһид сияқты 
болады. Осы кездерде қайтыс болатын болса, оған шәһид 
сауабы бар.» (Табарани)
«Жүкті кезінде, босанып жатқанда және нифас 
уақытында қайтыс болған әйел – шәһид.» (Әбу Дауд, 


ЖАНҰЯ
- 244 -
Табарани)
«Әйел жүкті кезінде күндіз саим (ораза тұтқанның)
түнде қаим (ғибадат еткеннің) және Аллаһтан қорқатын 
мүджаһидтің сауабын алады. Ауру күшейген кезде 
оған берілетін сауаптың көптігін ешкім біле алмайды. 
Сәбидің әр емгенінде бір жан тірілткендей сауап алады.» 
(Әбушшәйһ)
СӘБИГЕ ЕСІМ ҚОЮ
Сұрақ: Жақында келіншегім босанған еді. Туылған 
сәбидің есімін қою жолдарын түсіндірсеңіздер, қандай 
талаптары бар? Жалпы бала туылғанда қандай амалдар жасау 
керек?
Жауап: Балаға қойылатын немесе бұрын қойылған аттың 
мағыналарын дінімізге және әдет-ғұрыптарымызға сай 
келе ме, келмей ме соны білу керек. Сай келмесе, жаман 
мағыналы болса оны өзгерту керек. Хадис шәрифте «Есімі 
жаман болған адам оны әдемі атқа ауыстырсын» деп 
бұйырылған. (Бәриқа) Хазреті Айша анамыз «Расулуллаһ 
жаман есімдерді өзгертетін еді» деген. (Тирмизи) Кәпірдің 
есімін қоюдан да аулақ болу керек. Хазреті Имам Раббани 
«Бір мұсылман кәпірдің есімін алудан арыстаннан қашқандай 
қашу керек. Ондай есімдер және ол есімдердің иелері 
Аллаһтың дұшпандары» деп бұйырған. (Мәктубат Раббани)
Хадис шәрифтерде былай делінеді: «Балаға әдемі ат қою, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет