Бақыттың кілті



Pdf көрінісі
бет20/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   184
Ана ақысы
Бір күні пайғамбарымыз алейһиссалам сахабаларымен 
бірге сұхбаттасып отырған еді. Сол кезде бір сахаба әйел 
асығып кіріп: «Йа Расулаллаһ! Күйеуім өлім аузында 
жатыр, бәлкім уақыты аз қалды. Кәлимаи шаһадатты айта 
алмай жатыр. Күйеуімнің имансыз кетуінен қорқамын. Сол 
себепті сізден көмек сұрап келдім»,- дейді. Пайғамбарымыз: 
«Күйеуіңнің сау кезінде қандай жаман істері бар еді?-деп 
сұрайды. Әйелі оның ешбір жаман амалының жоқ екенін, 
намазын оқып, ғибадаттарды нұқсансыз орындайтынын 
айтады. Сонда пайғамбарымыз: «Күйеуіңнің дүниеде қандай 
туысы бар?»- деп сұрайды. Әйелі кәрі анасы бар екенін 
айтқан кезде пайғамбарымыз оны жанына шақырады. Хазреті 
Алқаманың анасы Расулуллаһ алейһиссаламның жанына 
келгенде: «Балаңыз сізбен қандай мәміледе еді? Балаңыздан 
разысыз ба?- деп сұрайды. 
Хазреті Алқаманың анасы: «Йа Расулаллаһ! Ұлым 
үйленгенге дейін маған өте жақсы қарайтын. Үйленгеннен 
кейін қатты өзгерді. Әйелінің сөзіне еріп, мені ренжітетін 
болды. Тіпті соңғы кездері мені жалғыз тастап, өзі бөлек 
шығып кетті. Оның бұл әрекетіне қатты қапа болдым»,- дейді. 


ЖАНҰЯ
- 29 -
Пайғамбарымыз қарт анаға ұлының өлім төсегінде жатқанын 
және кешірмесе жаһаннам азабына тартылатынын айтса да, 
анасы: «Разы емеспін, кешірмеймін»,- дейді. Ал Алқама 
болса үйде әлі шаһадат кәлимасын айта алмай жатқан еді. 
Пайғамбарымыз кәрі кемпірдің аналық мейірімін ояту үшін 
сахабаларына: «Маған біраз отын әкеліңдер»,- деп әмір етеді. 
Кемпір таң қалып: «Отынды не істейсіз йа Расулаллаһ?-деп 
сұрайды. Сүйікті пайғамбарымыз: «Ұлыңызды өртеймін. 
Жаһаннамда жанғанша осында жанғаны жеңілдеу болады», 
деген кезде анасы шыдай алмай: «Ұлымның көз алдымда 
жануына разы емеспін йа Расулаллаһ! Оған ақымды халал 
еттім, кешірдім!- дейді. Пайғамбарымыз хазреті Алқаманың 
халін білуге Билал Хабаши хазреттерін жібереді. Билал 
Хабаши Алқаманың жанына барып, шаһадат кәлимасын 
талқин еткен кезде Алқаманың тілі ашылады. Хазреті 
Алқама: «Лә илаһә иллаллаһ, Мухаммәдән расулуллаһ»,- деп 
жан тәслім етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет