Бақыттың кілті



Pdf көрінісі
бет19/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   184
оның достарына (жағдайын сұрап, қонаққа) барған адам ең 
үлкен жақсылықты жасаған болады.» (Мүслим)
36) Достарымен араласып тұру. Хадис шәрифте: 
«Жақсылықтардың ең жақсысы әкенің досын құрметтеп, 
оған қамқор болу» делінді. (Мүслим)
37) Рамазан айтта сауабын оларға бағыштап пітір садақа 
беру.
38) Құрбан айтта сауабын оларға бағыштап құрбандық 
шалу.
39) Ата-ананың жақсы көретін тағамын пісіріп, кедейлерге 
таратып (ас беріп), сауабын рухтарына бағыштап, оларды 
қуанту.
40) Жамандықтарын айтпау. Хадис шәрифте былай 
бұйырылды: «Өлген адамдарыңды жақсылықтарымен 
еске алыңдар! Олардың жақсылықтарын айтып, 
жамандықтарын жасырыңдар!» (Тирмизи)
Дұға алыңдар!
Бір күні Әбул Хасан Харқани хазреттерінен адамдар 
насихат сұрап келеді. Хазреті Әбул Хасан оларға «Дұға 
алыңдар, адамдардың разылығын, батасын алыңдар!» 
дейді. Келгендер «Кімнің дұғасын алайық?» дегенінде, 
«Мұқтаждардың дұғасын алыңдар, әсіресе әке-шешең 
мұқтаж жағдайда болса, олардың дұғасын алу үлкен 
дәулет» деп мына оқиғаны айтып береді: Бір замандары 
екі ағайынды және бұлардың қызметіне мұқтаж аналары 
бар еді. Ағайындылар әр түні кезекпен анасының қызметін 
атқаратын. Біреуі қызмет еткенінде екіншісі ғибадат ететін. 
Бір түні біреуі ғибадаттың ләззатына ергені соншалық 
бауырына: «Сен тағы бір түн анамызға қызмет ете аласың 
ба» деп өтініш білдіреді. Бауыры келісіп түні бойы анасының 
қызметін атқарғанында, бұл түні бойы ғибадат етеді. Таңға 


ЖАНҰЯ
- 28 -
жуық ұйқы қысып көзі ілініп кетеді. Түсінде:
– Бұл істе бауырың олжалы шықты және бүкіл күнәлары 
кешірілді,- деген дауыс естиді.
– Ал менің күнәларым ше?
– Сен де бауырыңның құрметі үшін кешірілдің,- делінеді. 
Таң қалған еді:
– Мұның хикметі не болды екен?- деп сұрайды. Мынадай 
жауап алады: 
– Аллаһу та’ала сендердің ғибдаттарыңа мұқтаж емес. Ал 
аналарың сендердің қызметтеріңе мұқтаж. Оған қызмет ету, 
нәпіл ғибадаттан да артық сауапты іс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет