19) Қарыздарын төлеу.
20) Талқынын өзі айту.
21) Исқатын дереу өтеу. Өлген адамның ораза және намаз
қазалары үшін оның орнына ешкім намаз оқи алмайды
және ораза ұстай алмайды. Хадис шәрифте былай делінген:
«Біреудің орнына біреу ораза тұта алмайды және намаз оқи алмайды. Алайда оның ораза және намаз қазалары үшін кедей адам тойдырылады.» (Нәсаи)
22) Мазардың басындағы тасқа жаиз болмаған сөздер
жазбау. Мәселен: Фатиха, Бисмилләһ немесе аяти кәрималар
жазу жаиз емес. Латын әріптерімен жаиз болған нәрселер де
жазылмайды. Адамдар ұзақ уақыттан бері солай жазып келсе
де жазуға болмайды.
23) Өсиеттерін орындау. Дінге қайшы болған өсиеті
орындалмайды.
24) Намаздардан кейін дұға етіп, сауаптарын олардың
рухтарына бағыштау. Хадис шәрифте былай делінеді:
«Ата-анасына қарсы шыққан бала, қайтыс болғаннан кейін олар үшін дұға етсе, Аллаһу та’ала оны ата- анасына мойынсұнғандардың қатарына жазады.» (Ибн
Әбиддунийа)
25) Сауабын оларға бағыштап ораза тұту.
26) Сауабын оларға бағыштап қажылыққа бару. Көптеген
ғалымдардың үкімі бойынша сауабын әке-шешесінің рухына
бағыштап қажылыққа бару жаиз. Хадис шәрифте былай
делінген: «Сауабын қайтыс болған әке-шешесінің рухына бағыштап қажылыққа барған адамның өзіне де, әке- шешесіне де қажылыққа барудың сауабы беріледі. Әке- шешесінің рухына сүйінші беріледі.» (Дара Кутни)
27) Сауабын оларға бағыштап садақа беру. Хадис шәрифте
былай делінген: «Садақа бергенде неге сауабын мұсылман әке-шешелеріңнің рухына бағыштамайсыңдар? Бағыш- тасаңдар берген садақаның сауабы олардың рухтарына
ЖАНҰЯ
- 26 -
берілгеніндей ол сауаптан мүлдем азаймай сендерге де