Бақыттың кілті



Pdf көрінісі
бет21/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   184
ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ
Сұрақ: Қарттарға құрмет жөнінде мәлімет бересіз бе?
Жауап: Имам Ағзам хазреттері имам Әбу Юсуфқа: 
«Ғалымдарды құрметте! Үлкендерге құрмет, кішілерге 
ізет-мейірімділік көрсет!» деген. 
Әсіресе мұсылман қарттарға құрмет көрсету керек. Жақсы-
жаман деп ажыратпай, барлығына бірдей жақсылық жасау 
керек. Мысалы, қоғамдық көліктерге жас, кәрі, ауру, сау, 
әйел, еркек, бай, кедей, ғалым, надан сияқты әр түрлі топтың 
адамдары мінеді. Әлсіздерге көмектесу керек, автобусқа 
мінерде де, түсерде де көмектесіп, оларға орын беру керек. 
Қарттарға, мұқтаждарға көместесу керек.
Осы тұрғыдағы хадис шәрифтерде былай делінген: 
«Әлсіздерге, науқастарға, қарттарға және кішілерге 


ЖАНҰЯ
- 30 -
мейірімділік көрсетіңдер!» (Шира)
«Қарттарға құрмет және сияпат, Аллаһу та’алаға деген 
құрметтен туындайды.» (Бұхари)
«Үлкендерін құрметтемеген, кішілерге мейірім етпеген 
адам бізден емес.» (Бұхари)
«Халықтың ішіндегі қария – үмбетінің арасындағы 
пайғамбар сияқты.» (И. Нәжжар)
«Мына үш нәрсе Аллаһу та’алаға деген тағзымнан 
саналады:
1- Мұсылман болып қартайған адамды құрметтеу,
2- Құран кәрімді жаттаған адамды құрметтеу,
3- Ғалымды құрметтеу.» (Рамуз)
«Мұсылман болып қартайғанды құрметтеген адам 
Нұх алейһиссаламды кұрметтегендей сауап алады. Нұх 
алейһиссаламды құрметтеген адам, Аллаһу та’аланы 
құрметтеген болады.» (Хатиб) 
«Тәкбір, тахмид, тәсбих және таһлил себебімен 
мұсылман болып қартайған мүминнен абзал адам жоқ.» 
(И. Ахмед) (Тәкбір: Аллаһу әкбар, тахмид: Әлхамдулиллаһ, 
тәсбих: Субханаллаһ, таһлил: Лә илаһә иллаллаһ)
Пайғамбарымыз алейһиссалам Аллаһу та’аланың ант етіп: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет