ЖАНҰЯ
- 42 -
ана адвокат па» деген сұраққа ұқсайды. Адвокаттан мықты
инженер, инженерден мықты адвокат болады. Еркектен
үстем әйел көп.
Жыныстары, қасиеттері өзгеше болғандар
салыстырылмайды. Мысалы, алма алмұрттан немесе алмұрт
алмадан жақсы делінбейді. Өйткені, бұлар екі түрлі нәрсе.
Жүз келілік палуан мен елу келілік палуан бір-бірімен
күреске шықпайды. Әр палуан өз салмағындағы палуанмен
күреседі. Ауыр салмақтағы палуан өз қарсыластарының
барлығынан жеңіліп, елу келідегі палуандардың барлығын
жеңсе медаль ала алмайды.
Әйел
мен еркекті салыстырып, «Әйел баланы дүниеге
әкеледі, еркек әкелмейді, бұл теңдік емес» дегендей
қорытынды шығару әбестік. Аллаһу та’ала әйел мен еркекті
әртүрлі іс үшін жаратқан. Физикалық тұрғыдан екеуі бір-
біріне ұқсамайды. Бір-біріне ұқсамайтын екі нәрсе бір-
бірімен салыстырылмайды.
Еркек тұрып: «Ақыры
әйел мен еркек тең екен, неге
әйелдер де біз сияқты жердің астында көмір және басқа да
қазба жұмыстарында жұмыс істемейді» демеуі керек. Өйткені
әйелдің дене бітімі бұған төзімді емес. Кейбір мемлекеттерде
әйелдер мұндай салада жұмыс істеп жатқан болса да бұл
теңдік емес, қорлық болып табылады. Әр адамға өзіне лайық
жұмыс берілуі керек!
Аллаһу та’ала әйелді де еркекті де кез-келген іске бейім
етіп жаратпаған. Әйелдің боксшы, күресші болмауы оның
абыройын түсірмейді. Лимонның қышқыл болуы лимон
үшін кемшілік емес. Өйткені лимон сол қышқылдығы үшін
алынады. Аллаһу та’ала әйелді
ауыр істерге бейім етіп
жаратпаған. Еркек пен әйел екі жыныс. Алма мен алмұрттың
салыстырылмайтыны сияқты, әйел мен еркектің бір-
бірінен артықшылығы туралы айтылмайды. Тек сипаттары
бірдей болған нәрселер ғана салыстырылады. Сипаттары
әртүрлі болған нәрселер салыстырылмайды. Мысалы,
ЖАНҰЯ
- 43 -
кеме, ұшақ және автобус көлік құралы болса да бірінің
екіншісінен артықшылығы айтыла алмайды.
Ұшақ теңізде
жүре алмағандығынан кемеден нашар деп айтылмайды.
Кеме жерде жүре алмағандықтан велосипедтен жаман
деп айтылмайды. Кеме басқа бір кемемен, ұшақ басқа бір
ұшақпен салыстырылуы мүмкін. Екеуі де жерде жүре алса да
танк пен автомобиль салыстыруға келмейді. Танк автомобиль
сияқты тез жүре алмағандықтан ол нашар деп айтылмайды.
Әр қайсысының өз міндеті, қолданылатын жері бар.
Бокста екі әйел бір еркектей ғана төбелесе алуы мүмкін
делінсе, бұл әйелді кемсіткен болмайды. Аллаһу та’ала әйелді
ақыл мен дене тұрғысынан еркектерден өзгеше етіп жаратқан.
Жаратушы жер бетінде ақылды әйел жаратқаны сияқты, ессіз
еркекті де жаратқан. Әйелдердің де, еркектердің де ешбірінің
де ақылдары бірдей емес. Ешкім тұрып: «Йа
Раббым неге
адамдардың ақылдарын бірдей етіп жаратпадың» дей
алмайды. Жаратушы сұраққа алынбайды. Көптеген тұрғыдан
әйелдер мен еркектер салыстырыла алмайды. Екеуі де барлық
жағынан бірдей болуы керек делінбейді. Екі еркек те барлық
жағынан бір-бірімен бірдей емес. Екі әйел де осындай.
Үстемдік Аллаһтың дәргейіндегі қадіріне байланысты
болады. Мұсылман кедей бір қара нәсілді адам, мұсылман
емес патшадан салыстыруға келмейтіндей дәрежеде үстем
болып табылады.
Дініміздің байлар мен әйелдердің көбісінің жаһаннамға
кететінін білдіруі – байлар мен әйелдерді қорлау
емес. Байлардың көбі
ақшаларын пайдалы нәрседе
қолданбайтындықтан, зиянды нәрселерде қолданатындықтан,
ысрап ететіндіктен, соларға ескерту мақсатында «Мыналарды
істемесеңдер жаһаннамға барасыңдар» делінген.
Сол сияқты әйелдер де еркектерге қарағанда көбірек
әсерленіп көбірек күнә жасағандары үшін «Күнә істемеңдер,
жаһаннамға түсесіңдер» деп ескертілуде. Жақсы әйелдерді
ЖАНҰЯ
- 44 -
және байлығын жақсы жолда жұмсайтындарды да Аллаһу
та’ала мақтаған. Құран кәрімде мүлікті жақсы нәрсе ретінде
білдіруде, салиха әйелдерді мақтауда. Кәпір еркектердің
жаһаннамға баратынын білдіріп жатып, мұсылман әйелдердің
жаннатқа баратынын білдіруде.
Олай болса «ислам әйелге мән бермеген»
деп айту, дін
дұшпандығынан басқа ешнәрсе емес. Аллаһқа қарсы шыққан
әйел немесе еркектің жаһаннамға баруы қалыпты нәрсе емес
пе? Мемлекетті құлатуға тырысқан анархист әйелдерді қамауға
алғаны үшін мемлекетті әйелдің дұшпаны деуге бола ма?
Дініміз әйелге қатты қадір берген, еркекке көп жауапкер-
шілік жүктеген. Әйелдер үйде немесе сыртта жұмыс істеуге
мәжбүр емес. Тұрмыс құрған болса күйеуі, тұрмыс құрмаған
болса әкесі әйелге қажеттіліктерін әкеліп беруге мәжбүр
болып табылады.
(Хидая, Р.Насихин)
Достарыңызбен бөлісу: