ЖАНҰЯ
- 65 -
Бүкіл
осы зияндардан да бөлек, ең маңызды болғаны,
дініміз некесіз жүруді, кездесуді харам еткен. Харам нәрседе
қайыр болмайды. Хадис шәрифте:
«Аллаһу та’ала харамда
шипа жаратпады» делінген. (Бұхари, Хаким)
Алдағы уақытта үйленетін болса да діни некесі болмаған
еркекпен әйел діни тұрғыдан бір-біріне бөтен саналады.
Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Еркектің әйелге, әйелдің еркекке (шәһуатпен)
қарауы
харам.» (Табарани)
«Харамға қарау шайтанның улы оғы. Аллаһу та’аладан
қорқып бөтен әйелге қарамағанға зауқты (қуатты)
иман
нәсіп болады.» (Рамуз)
«Кісінің басына темір қазық батырылуы, некесі түсетін
бір әйелге қолының тиюінен жеңіл келеді.» (Табарани,
Бәйһақи)
«Бөтен әйелмен құшақтасқан еркек шайтанмен бірге
шынжырға оралып отқа тасталады.» (Шира)
«Әйелдермен бір жерде жалғыз қалудан сақтаныңдар.
Аллаһқа ант етемін, бір кісі бір әйелмен жалғыз
Достарыңызбен бөлісу: