ЖАНҰЯ
- 69 -
емес екенсің. Сен қыздарды алдап жүрген өтірікшісің. Егер
махаббатыңа берік болғаныңда, менен басқаға қарамас едің!
-дейді.
ӘДЕПТІЛІК – ҰЯТТЫЛЫҚ – АР ТАЗАЛЫҒЫ
Сұрақ: Әдептің дініміздегі орны кандай?
Жауап: Әдеп – жақсы тәрбие, жақсы мәміле, көркем мінез,
ұяттылық, нәзіктік, сыпайылық деген сияқты мағыналарға
келеді. Мысалы тәрбиелі бала, әдепті бала дегенді білдіреді.
Хадис шәрифте:
«Бала-шағаларыңды әдепті, тәрбиелі
етіп өсіріңдер» делінген. Дініміздің негізі әдеп. Әдеп - құл
өзін Аллаһу та’аланың қалауына бағындыру, жақсы мінезді
болу дегенді білдіреді. Хадис шәрифте
«Араларыңдағы ең
жақсыларың, ең көркем мінезді болғандарың» делінген.
Хазреті Омар «Әдеп – ілімнен бұрын келеді» деген. Ол
өте айбатты болуына қарамай, әдептілігінен, ұяттылығынан
Расулуллаһтың жанында өте ақырын сөйлейтін еді.
Пайғамбарымыз да, бір адамның жанында тізерлеп
отыратын, ол адамға құрмет көрсету үшін мүбәрәк аяғын
тік көтеріп отырмайтын еді. Әбу Саид Худри хазреттері
«Расулуллаһтың ұяты, бойдақ ислам қыздарының
Достарыңызбен бөлісу: