Бақыттың кілті


қалғанында араларына шайтан кіреді. Біреудің



Pdf көрінісі
бет45/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   184
қалғанында араларына шайтан кіреді. Біреудің 
балшықты доңызбен қысылып қалуы, ол адам үшін 
өзіне халал болмаған бір әйелге тиюден де жеңіл болады.» 
(Табарани)
«Ей жастар, намыстарыңды қорғаңдар, зина 
етпеңдер! Жақсы біліңдер намысын қорғағанға жаннат 
бар.» (Хаким)
«Жамандықтан қорғану үшін некелі өмір сүріңдер 
және арлы болыңдар.» (Ибн Асакир)
«Ей әйелдер, тек қана махремдерің болған еркектермен 
сөйлесіңдер, махрем болмағандармен сөйлеспеңдер!» (Ибн 
Саид)
«Бөтен әйелге шахуатпен қарау көз зинасы, оны ұстау 
қол зинасы, оған бару аяқтардың зинасы.» (Р. Насихин)


ЖАНҰЯ
- 66 -
Сұрақ: Мен студентпін, бір қызбен сөз жарастырып
жүріп жүр едім. Исламда некесіз әйел адамның қолын 
ұстауға, сөйлесуге де болмайды, енді мен неке қидырсам 
калай болады? деген сұрағым бар. Осы тығырықтан шығатын 
қандай амал жолдары бар өтініш маған соны көрсетіп, айтып 
жіберіңізші?
Жауап: Дініміз некесіз қыз бен жігіттің (зәру жағдайсыз) 
бостан бос сөйлесуіне (жүруіне) тыйым салған. Харам 
нәрседен ешқандай қайыр, пайда болмайды.
Некесіз еркек пен әйел дін бойынша бір-біріне бөтен 
саналады. Бұл жөнінде хадис шәрифте былай делінеді:
«Ей әйелдер, тек қана махремдерің болған еркектермен 
сөйлесіңдер, махрем болмағандармен сөйлеспеңдер!» (Ибн 
Саид)
Үйлену мақсатымен қылует болмайтындай (оңаша емес) 
жерде кездесуіне, сөйлесуіне, хат (смс) алысуына, үйленетін 
уақыттарын келісіп алуына болады. Бірақ, жақын арада 
үйленетіндей жағдайы болмаған адамның қатты ғашық 
болып қалса да, жағдай болғанда осы қызға үйленем деген 
ниеті болса да, бөтен қызбен сөйлесуіне, кездесуіне, хат 
алысуына болмайды. Неке қиылмай тұрып қолынан ұстауға 
да, үзірсіз сөйлесуге де болмайды. Зина, күнә болады.
Некесіз қызбен жігіттің тасада өткізген әр минуты, сөйлескен 
әрбір сөзі екеуін де күнәға батырады. Шын сүйген адам 
сүйіктісін отқа тастағысы келе ме?! Сүйіп қалдым деген 
адам сүйіктісін екі дүниеде бақытты етуге дайын болса 
ғана шынында сүйген болып саналады. Әйтпесе өзі 
махаббатын айтып күйіп-пісіп жатқаны жайлы қаншама 
сайраса да онікі тек жыныстық құмарлық қана. Сүйіктісінің 
қолынан ұстағысы, құшақтағысы келіп кездесуге шақыратын 
«ғашықтар» намыс ұрылары болып табылады. Адам 
осы берілген өлшемдерге қарап өзінің «махаббаты»ның 
қаншалықты «пәк» екенін біле алады.


ЖАНҰЯ
- 67 -
Құран кәрімде: «Зинаға жоламаңдар» деп бұйырылған. 
Бұл – зинаға апаратын барлық іс-әрекеттерден аулақ болыңдар 
деген сөз.
Нәпіс бастапқыда жай ғана сөйлес дейді. Кейін кездес 
дейді, кейін қолынан ұста дейді. Соңы пәлекетке, зинаға 
апарады.
Соңғы кезде кейбір жастардың, әсіресе үйлерінен, ата-
аналарынан алыста жүрген студенттердің ешкімге айтпай
ата-аналарымен ақылдаспай өздерінше тек неке қидырып 
жүргендерін жиі кездестіретін болдық. Егер сұрамақ 
болғаныңыз осы болатын болса, бұл дұрыс емес.
Жанұялық өмірдің қайырлы, берекелі болуы үшін, яғни 
некесінің дүниемен ахиреті үшін де қайырлы, бақытты болуы 
үшін мазһабымыздың үкімдеріне сай болуы, сүннеттеріне, 
мүстаһабтарына мән беріліп қиылуы, неке дұғалары оқылуы 
керек. Жақындарына, туыстарына, көршілеріне, достарына 
естіртуі керек. Хадис шәрифте: «Некені адамдардарға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет