Бақыттың кілті


) Күйеуіңнің сөздерін мұқият тыңда және оның күнә  болмаған әмірлеріне мойынсұн!  3)



Pdf көрінісі
бет74/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   184
2) Күйеуіңнің сөздерін мұқият тыңда және оның күнә 
болмаған әмірлеріне мойынсұн! 
3) Үйің, айналаң, барлық нәрсең әрдайым таза, жинақы 
болсын!
4) Күйеуіңнің ұйықтайтын, тамақтанатын кездерін жақсы 
біл. Ол бұларды қай уақыттарда жасайтын болса, сен сол 
уақыттарда тамағын әзірлеп, төсегін салып қой. Өйткені, 
аштық пен ұйқысыздық адамды ашуландырады.
5) Күйеуіңнің дүниесін көзіңнің қарашығындай 
сақта, ысырапшылдыққа жол берме. Істеген істеріңді, 
жақсылықтарыңды міндетсінбе! Жақсылыққа жасалған 
жақсылық тез ұмытылады, ал жаманшылыққа жасалған 
жақсылық ешқашан ұмытылмайды.
6) Күйеуіңнің туған-туыстарына, жақындарына құрмет 
көрсет! Күйеуіңнің қателіктерін жалғыз кезінде өзіне жұмсақ 
тілмен айт!
7) Күйеуіңнің сырларын ешкімге тіс жарып айтпа! Себебі, 
ерлі-зайыптылардың арасындағы сыр өздерімен бірге қабірге 
кетуі керек.
8) Күйеуіңнің қайғысы мен қуанышына ортақ бол! Оған 
барлық жағынан да өмірлік жақсы жар бол! Өтірік – отбасын 
іштен шірітетін құрт секілді.
9) Өз араларыңдағы мәселені өздерің шешіңдер! Оларды 
бізге және өзгелерге айтушы болма! Ешкімнің қолдауынан 
үміттенбе! 
10) Күйеуіңнің алуға қиналатын, шамасы жетпейтін 
нәрселерді алып беруін талап етпе!


ЖАНҰЯ
- 106 -
11) Әйелінің жақсы мінезді болуы – еріне жаннат ниғметі. 
Сен жолдасыңа жаннат ниғметі бол! Оған азап шектірме!
12) Бұларды тек оның қалауларын және оның ризалығын 
алдыңғы қатарға қойғанда ғана орындай аласың. Үнемі 
алдыңғы қатарға өзіңді, өзіңнің қалауларыңды қойсаң, бұл 
насихаттың ешбірін орындай алмайсың.
13) Бес уақыт намазыңды шарттарына сай оқымайтын 
болсаң, бұл саған да, күйеуіңе де, бала-шағаңа да пәлекет 
ретінде жеткілікті. Бес уақыт намаздың дұрыс болуы үшін 
ғұсыл және дәрет дұрыс болуы шарт. Бұлардың пайдасын 
көру үшін сенім (ақида) дұрыс болуы шарт. Дұрыс сенім - 
әһли сүннет уәл жамағат сенімі. Барлық нәрседен бұрын 
осыларды үйреніп, жүзеге асыру қажет. Осылар дұрыс болса, 
қалғандары уақыт өте келе түзеліп кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет