ЖАҚСЫ ЖАР ТАҢДАУ ҮШІН
Сұрақ: Жар таңдағанда ата-ананың айтқан қызды алу
керек пе, әлде өзім іздеп табуым керек пе?
Жауап: Жар таңдауда ата-ана, аға-әпке, ағайын-туыс,
көрші, дос-жараң сияқты жақындардың кеңесіне, көмегіне
міндетті түрде жүгіну керек. Бұлардың тәжірибелерінен
ЖАНҰЯ
- 108 -
пайдалану керек. Ата-аналар да өз кезегінде ұл-қыздарының
есейген шақтарында ақырындап болашақ жұбайының қандай
қасиеттеріне қарауы керектігін айта жүруі керек. Жастардың
өз бастарымен жар таңдау жөнінде, оның келешекте қандай
жар бола алатынын болжай алу, адам тани алу қабілеттері
бәсеңдеу болуы мүмкін. Өйткені көбінесе жастар ақыл,
тәжрибеге емес, сезімге сүйеніп әрекет етеді. Ал сезімдер
көбінесе адамды жаңылыстырады. Сондай-ақ жастар бір-
біріне тек жақсы қырларымен ғана көрінуге тырысады,
бір-біріне шынайы бетпердесін аша бермейді. Ал ата-ана
немесе ағайындардың пәлен жерде пәлен қыз бар өте діндар,
сыпайы, пысық, өте қарапайым деген сияқты кеңестерімен
жар таңдау өте жақсы дәстүр. Мұны кей жерлерде қыз көру
әдеті, кей жерлерде жеңгетайлық деп те жатады. Бұрындары
“атастыру” дәстүрі бар болатын. Бұл да екі жақты бір-бірін
жақсы танитын ата-аналардың балалары үшін жақсы жар
болатын адамды таңдап беруі еді. Бір-бірін бұрыннан танитын,
бұрыннан силасып жүрген адамдар болғандықтан құдалар
арасы кикілжің бола бермейді, өзі таңдап бергендіктен келін-
ене араздығы болмайды және «құдалардан ұят болады»
дегендей сөздермен балаларының ұрыстарының ұзамауын,
үлгілі болуын құлақтарына құйып отырады. Отбасы құру,
ажырасу істерін зерттеген көп мамандар, мысалы «Бақыттың
бұлағы Жанұя» атты кітаптың авторы Түркиялық Мехмет
Оруч мырза осы әдіспен үйленгендерде ажырасу мүлде
болмайды дерлік өте сирек кездеседі деп мәлімдеген. Бұл
әдісті батыстың шырмауына түскен кейбіреулер әдейлеп
жамандайтындар бар. Жастардың бір-бірін көруіне жол
бермей, келіспей мәжбүрлеп үйлендіреді екен деп те
ойлайтындар аз емес. Ал негізінде бұл олай емес. Екі жақты
ата-аналар өздері немесе жеңгетай арқылы сөйлескен соң,
жастарды әрине кездестіреді. Бұл онсыз да дініміздегі сүннет
амал. Үйлену мақсатындағы жастар қылует болмайтындай
ЖАНҰЯ
- 109 -
жерде (адамдардың көзінен таса болмайтын жерде)
кездесуіне, сөйлесуіне болады. «Көрмей тұрып үйленудің
Достарыңызбен бөлісу: |