ЖАНҰЯ
- 104 -
Қызым,
өзің туып өскен, аялап өсірген әке-шешеңнің
ұясынан ұшып, жат жұртқа кетіп бара жатырсың.
Мінез-
құлқын, әдет-ғұрпын білмейтін адаммен өмір сүресің.
Сондықтан:
Сен оған жер бол! Ол саған көк (аспан) болсын!
Сен оған үй бол! Ол саған тірек болсын!
Сен оған күң бол! Ол да саған құл болсын!
Сен оған қиындық туғызба! Саған деген сезімі өшпесін!
Одан алыстап кетпе! Сені ұмытпасын!
Оның көзін, мұрнын, құлағын өзгелерден сақта! Көзі
сенен басқаны көрмесін, сенен басқаның иісін сезбесін және
сенен үнемі әдемі сөздер естісін!
Үйде отырып үй және қол-өнер жұмыстарымен айналыс!
Үйге азық-түліктен не әкелсе де шын жүрекпен қабыл
ал, қанағатшыл бол және анау жоқ, мынау жоқ деп ешқашан
шағымданушы болма!
Күйеуіңнің ақысын (құқығын) өзіңнен жоғары ұста!
Күйеуіңнің
туған –
туыстарына, жақындарына құрмет
көрсет!
Оларды құрметтегенің, күйеуіңді
құрметтегенмен
тең.
Тазалыққа, жинақылыққа мұқият бол.
Көршілеріңмен жақсы қарым-қатынаста бол! Олардан
келетін қиыншылықтарға сабырлы бол!
Әсіресе көршілердің арасында сөз тасыма!
Сөз тасудан
ұзақ бол!
Намаздарыңды уақыты кірісімен оқы!
Сұрақ: Жаңа тұрмысқа шыққан қызыма қандай насихат
айтсам болады?
Жауап: Төмендегі хат тәжірибелі ананың қызына жазған
насихаттары:
Қызым, саған қырық жылдық отбасылық өмірімдегі
тәжірибелеріме сүйене отырып,
осы насихаттарымды
айтпақшымын. Егер айтқан сөздеріме құлақ салып, үнемі
ЖАНҰЯ
- 105 -
жадыңда сақтасаң дүниеде тыныш, бақытты өмір сүретініңдей
ахиретте де мәңгілік бақытқа қол жеткізесің.
1) Қанағатшыл бол! Яғни жолдасың үйге
алып келген
азық-түлік, киім-кешек барлық нәрсені шын жүрекпен қабыл
ал! Оған рахмет айтып, алғысыңды білдір! Өйткені, қанағат
– көңілді тыныштыққа, бақытқа қауыштырады.
Достарыңызбен бөлісу: