ЖАНҰЯ
- 100 -
9) Күнәға жатпайтын кемшіліктерін
көрмеуге тырысу
керек. Күнә істеуден бас тартуын, намаз, ораза және ғұсыл
алуын
жалғастыруды жұмсақ,
жылы сөздермен айтып
түсіндіру керек. Құнды заттар
сатып алып беретініне уәде
беріп, ғибадаттарын жасатып, күнәлардың алдын-алу керек.
Кемшіліктерін, сырларын басқалардан жасыру керек. Құран
кәрім оқуды және ислам ілімдерін үйрету керек. Әһли сүннет
ғұламаларының кітаптарын оқу керек.
10) Оған үнемі қайырлы (жақсы) дұға ету керек. Өйткені ол
– үйдің күзетшісі, асшысы, тігіншісі, жолдасы және өмірлік
жары.
Үйленген адамға көмек беру
Сұрақ: “Үйленген адамға және үй салып жатқан адамға
Аллаһ жәрдем береді” деген сөз бар.
Кедейлік себебінен
үйлене алмай жүрген адам, үйленуге әрекет етсе, Аллаһ оған
жәрдем береді ма?
Жауап: Егер харамнан сақтану ниетімен үйленетін болса,
әлбетте оған Аллаһу та’ала жәрдем береді. Мына төрт хадис
шәрифтерде былай делінген:
«Харамнан сақтану мақсатымен үйленген адамға,
Аллаһу та’аланың жәрдемі хақ болады.» (Ибн Мәний)
«Үйленіп ризықтарыңды іздеңдер!» (Дәйләми)
«Аллаһу та’ала үйленген ерлі-зайыптылардың
әзілдескендерін ұнатады және сол себептен екеуіне де
сауап жазады, ризықтарын да халалынан арттырады.»
(И. Адий)
«Ерлі-зайыптылардың бір-бірлеріне жақсылық және
Достарыңызбен бөлісу: