Бақыттың кілті


ШЫНЫМЕН ДЕ БҰЛ МАҢЫЗДЫ МА?



Pdf көрінісі
бет111/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   184
ШЫНЫМЕН ДЕ БҰЛ МАҢЫЗДЫ МА?
Жұмыс орнындағы, көшедегі, үйдегі ұрыс-керістерді 
алып қарасақ көбінің негізгі себебі түкке тұрғысыз, болмашы 
нәрселер екенін көреміз. «Неге жүзімнің дәні бар, неге 
жаңғақтың қабығы бар...» деп әр болмашы нәрсеге тұтылып, 
барлық нәрседен кемшілік іздеп, ешнәрсені ұнатпау ара-
қатынастың бұзылуына жол ашады. 
Көп адам, жоғары қабілеттілігі, ой-өрісімен түсінігі кең 
болуына қарамастан маңызсыз, мәнсіз нәрселерге кідіріп 
өздерінің сәттілікке апаратын жолдарын өздері жабады. 
Маңызсыз нәрселерді аттап негізгі мақсатына өте алмайды. 
Әсіресе бұл жағдай бүгінгі басшыларда көп кездеседі. Бір 
жақта миллионның есебімен әуре болып жатқанда, басқа 
жағынан миллиардтар өтіп кеткенінен хабары да болмайды. 
Ұсақ-түйекпен айналысып негізгі мәселені назардан тыс 
қалдыру тек басшыларда ғана емес, өміріміздің барлық 
кезеңінен көруге болады. Отбасы ішіндегі жанжалдардан, 
жұмыс орнынан, көшеден т.б. ... 
Жұмыс орнындағы, көшедегі, үйдегі ұрыс-керістердің 
көбі жаңғақ қабығын толтырмайтын, яғни түкке тұрғысыз 
болмашы жағдайлар. Бір жеке отырып бұрын болған 


ЖАНҰЯ
- 163 -
ұрыстардың шығу себебін ойлап көрдік пе?
Тынық мимен ойланып қарайтын болсақ ұлғаймаған 
жанжалдардың бәрі дерлік болмашы нәрселерден 
туындағанын байқаймыз... 
Мәселен үйдің еркегі үйге аздап шаршап, ашулы келеді. 
Кешкі ас оның көңілінен шықпай сын айта бастайды. Ал 
негізінде астың дәм-тұзында ешқандай мін жоқ, бірақ 
отағасының күні стреспен өтіп соны тарқату үшін бір сылтау 
іздеп отыр... 
Кешке дейін балаларымен, үй істерімен шаршаған 
әйелі «күйеуім келсін шерімді бөлісейін, жеңілденейін» 
деп отырғанда күтпеген жағдайға тап болады. Ойының 
бәрі төңкерілген әйелі де күшін жинап жауабын береді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет