Бақыттың кілті


та’аланың разылығын және менің разылығымды



Pdf көрінісі
бет109/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   184
та’аланың разылығын және менің разылығымды 
қаласаң, бір сәтке де аялдамай үйіңе бар, Османның 
аяқтарына жығылып, кешірім сұра. Әйтпесе Хақ 
та’аланың құзырында да, менің құзырымда да орның 
қалмайды» деп көп кідіртпей үйіне қайтарды.
Титтей кикілжің шыққанда дереу қызын қолдап 
шығатын ата-аналар пайғамбарымыздың насихатынан 
сабақ алуы қажет.
Ата-аналардың балаларының ішкі, яғни өз араларындағы 
мәселелеріне араласа беруінің көп себебі болуы мүмкін. 
Бірақ көбінесе ата-ананың тым балажан келуінен, яғни 
баласын қатты жақсы көргендіктен болатын дүние. Бұл 
қалыпты нәрсе, алайда шектен аспауға мұқият болу керек. 
Барлық мәселеде болатынындай жақсы көру мәселесінде 
де шектен аспай, тепе-теңдікті, тыныштықты бұзбайтын 
орта жолды ұстану керек. Хадис шәрифтерде де «Істердің 
ең жақсысы – уасат (орта жолда) болғаны», «Тым асыра 
сілтеген адам құриды» делінген. Ата-ана да балалар да 
хақ-хұқықтарының шегін біліп, бұдан аспауға мән беруі 
керек. 
Әйелдердің жүректері (көңілдері) өте нәзік сезімтал 
болатындықтан бір-бірлерін көре алмай, қызғанатындары, 
күндейтіндері де болуы мүмкін. Сондықтан, әсіресе жаңа 
үйленген жастардың бұл тұрғыда көздері ашық болуы 
керек. Анасының, әпке-қарындастарының және басқа да 
әйелдердің өз әйелін жамандағандарына алданбауы керек. 


ЖАНҰЯ
- 160 -
Мұндай әңгімелерге жол бермеу керек. Мұндай сөздерге 
еріп, әйелін ренжітуден сақтануы керек. Анасы және әпке-
қарындастарына қарсы әйелінің айтқан сөздеріне де сақ 
болуы керек. Ата-анаға қорлық көрсетілуіне жол бермеуі 
керек. Ата-анасына өзі, әйелі және бала-шағалары міндетті 
түрде құрмет көрсетуі керек. Ата-анаға және қайын атамен 
қайын енеге құрмет, қызмет етуді бірінші міндет деп білу 
керек. Үлкендердің разылығын, дұғасын, батасын алуға 
тырысу керек. Олардың игі дұғаларын алуды үлкен олжа 
деп білу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет