Бақыттың кілті


«Құранды ашықтап түсіндір»



Pdf көрінісі
бет119/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   184
«Құранды ашықтап түсіндір» деп бұйырған. Барлық нәрсе 
Құранда ашық жазылмаған. Сондықтан хадис шәрифтер 
және ғалымдардың түсіндірмелері де дәлел болады. 
Бұл тақырыпта Құран кәрімдегі аяти кәрималар: 
«Ажырасқан әйелдер үш ай иддет мерзімін күтеді.» 
(Бақара 228) 
«Ажырасу екі рет. Жақсылықпен ұсталады немесе 
жақсылықпен босатылады.» (Бақара 229) 
«Егер еркек әйелімен үшінші рет ажырасатын болса, 
одан кейін әйелі басқа еркекпен үйленбейінше онымен 
үйленуі өзіне халал болмайды. Егер кейінгі үйленген кісі 
де бұл әйелден ажырасатын болса, (екі тарап та) Аллаһтың 
сырларын сақтайтынына сенімді болса, қайтадан 
үйленулерінің зияны жоқ. Бұл Аллаһу та’аланың қойған 
шектеулері.» (Бақара 230) 
«Бұл айтылғандар Аллаһтың қойған шектеулері. 
Абай болыңдар бұл шектен аспаңдар. Кім Аллаһтың 
шектеулерінен асатын болса, міне солар залымдар, 
кәпірлер.» (Бақара 229) 
Сұрақ: Бір атеистпен талақ туралы сөйлесіп отырған едік. 
“Бір сөзбен талақ бола ма?” деді. Не деп жауап беру керек? 
Жауап: Бұл үкім мұсылмандарға тиісті үкім, мұсылман 
болмағандарға емес деп айтуыңыз жеткілікті. Дініміз солай 
деген болса, солай. 
Бір мұсылман үшін үкім мынадай: Бір сөзбен (ажырастым 
деумен) адамның әйелі бөтен әйелге айналатыны секілді, бір 
сөзбен (неке арқылы) бөтен қыз адамның әйелі болады. Бір 
сөзбен (шәһадат кәлимасымен) мұсылман болады. Бір сөзбен 


ЖАНҰЯ
- 174 -
де (мәселен Аллаһ аспанда деумен) адам иманын жоғалтады.
Заңдар бір “иә” деумен шығады, бір “жоқ” деумен 
қайтарылады. Бүкіл өміріміз “иә” және “жоқ” сөздерімен 
өтуде. Күнделікті жұмыстарында мұны атеист те біледі және 
қолданады. Бірақ мәселе дінге келгенде атеисттігін көрсетеді. 
Адам мынаны ұмытпауы керек: Аллаһу та’ала жаннатты 
босқа жаратпағаны секілді, жаһаннамды да босқа жаратқан 
емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет