ЖАНҰЯ
- 169 -
16) Иддет – ажырасқаннан кейін әйелдің жаңадан үйленуі
харам болған уақыт. Бірінші таза болған күннің басынан
үшінші хаиздың соңына дейінгі уақыт. Хаиз көрмесе талақ
үшін үш ай, өлім үшін төрт ай он күн күтіледі.
17) Күйеу әйелімен жақсы мәміледе болуы, оған күлімдеп
қарап, жылы жүз танытуы, әдемі сөздер айтуы тиіс. Оның
қате әрекеттеріне, ақылға қонымсыз сөздеріне сабыр етуі
тиіс. Оның дәрежесіне, түсінігіне бейімделуі қажет. Онымен
қалжыңдасып ойнауы керек. Азық-түлік, киім-кешек
мәселесінде қолдан келгенше кең болуға тырысу керек.
Дінімізде әйелдердің білуі парыз болған нәрселерді әлбетте
үйретуі керек.
Әйелдің киінуінде, үйден сыртқа шығуында, өте мұқият
болуы керек және өз бетімен жібермеу керек. Өзін және әйелін
күмәнға, жалаға түсіретін жағдайлардан сақтануға қатты мән
беру керек. Әйелін бөтен еркектер болған жерге жібермеуі
керек, бөтен еркектерді көруіне кедергі болуы керек.
Үй істерімен уақыт өткізуі оның зауқы болуы керек.
Онымен қатал мәміледе болмауы керек. Қалжыңдап та,
ашуланғанда да ешқашан “ажырасу” деген сөзді ауызға алмау
керек, ешқашан “екіншіге үйлену” сөзін қозғамау керек.
Достарыңызбен бөлісу: