Бақыттың кілті


Қазф: Намысты қызға немесе әйелге “зина еткен” деп  жала жабу. Мас адамның сөздерінің үкімі



Pdf көрінісі
бет122/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   184
Қазф: Намысты қызға немесе әйелге “зина еткен” деп 
жала жабу.
Мас адамның сөздерінің үкімі
Сұрақ: Мас адамның талақ беруі және күпірлікке себеп 
болатын сөздер айтуының дінімізде бір күші бар ма, яғни 
оның сөзі өте ме? 
Жауап: Жындының, баланың, алжыған адамның, 
ұйқыдағы адамның және аурумен және ашу үстінде не айтып 
тұрғанын білмейтін адамның айтуымен талақ болмайды. Бұл 
екі түрлі болады: Мағынасын білмей, олай айтуды көздемей, 
қаламай айтылғанда талақ болмайды. Және мағынасын біліп 


ЖАНҰЯ
- 177 -
тұрып және өзі қалап айтып, кейін айтқанын ұмыту, білмеу. 
Бұл сөзін екі куә естіп кейін айтса ажырасқан болады.
Талып қалған, жынданған, дәрі немесе спиртті ішімдік 
ішу арқылы мас болған адамның дәреті бұзылады. Талақ 
беретін еркектің көзі ашық болуы керек. Мастың сөзі немесе 
хатымен талақ өтеді. Шафии мазһабында мастың сөзімен 
талақ өтпейді. 
Мас кезінде білмей күпірге себеп болатын сөз айтқан 
адамның иманы кетпейді. Мүртәд болмайды. Бірақ мас 
кезіндегі әйелінен ажырасуы және сауда-саттығы сахих болады.
Күйеуінен ажыраспаған әйел басқаға 
тұрмысқа шыға алмайды
Сұрақ: Бір жағдайға байланысты түрмеге түстім. 
Әйелім ұзақ жылдар бойы түрмеде қалатынымды ойлап 
басқа біреуге тұрмысқа шығыпты. Бұл жағдайдан мүлдем 
хабарым болмады. Көп ұзамай түрмеден шықтым. Әйелім 
жаңа күйеуінен ажырасып қайтадан менімен үйленді. Бірақ 
ажырасқаннан кейін иддет мерзімін күту деген нәрсе бар 
екен, біз иддет уақытын күтпедік. Күнә болды ма? 
Жауап: Ол онсыз да сіздің әйеліңіз еді. Сіз одан ажырасқан 
жоқ едіңіз. Оның басқаға тұрмысқа шығуы жаиз емес еді. 
Қайтадан сізбен бірге болуы үшін иддет мерзімін күтуі керек 
емес, тіпті неке қидыруы да керек емес. Бірақ қашанда некені 
жаңартып тұру жақсы болады. Сіз одан ажыраспайынша 
әйеліңіз басқаға мүлдем тұрмысқа шыға алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет