ЖАНҰЯ
- 176 -
10) Рижи талақта Ила, зыхар өтеді. Қазф етсе (жезөкшесің
деп жала жабылса) лиан керек болады.
Ила: Әйеліне төрт ай немесе
одан да көп уақыт айтып
немесе уақыт айтпай «саған жақындамаймын» деп ант ету.
Төрт ай ішінде жақындамаса бір талақи баин болады. Төрт
ай ішінде антын бұзатын болса ант кәффаратын беруі керек
болады.
Зыхар: Еркектің әйелін немесе әйелінің жүзін, басын,
әурет жері секілді мүшелерін махрем туысының қарауы харам
болған жеріне ұқсатуы. Мәселен «Сенің басың анамның
арқасына ұқсайды» деген секілді сөздер. Кәффаратсыз
әйеліне жақындауы, құшақтауы, сүюі,
бірге жатуы харам
болады. Зихар кәффараты оразаның кәффаратымен бірдей.
Лиан: Әйеліне зина еттің немесе бұл бала менен емес
десе, әйелі әкімнен лиан сұраса, әкім лиан жасауын әмір етеді.
Лиан жасау үшін алдымен еркек «сөзім рас» деп ант етеді.
Төрт рет қайталайды. Бесіншісінде «Өтірік
айтып тұрсам
Аллаһтың лағынеті маған болсын» дейді. Кейін әйел төрт рет
«Аллаһ куәм болсын бұл адам маған зина еттің деумен өтірік
айтты.» деп ант етеді. Бесіншісінде «Оның айтқаны рас болса
Аллаһтың ашуы маған түссін» дейді. Кейін әкім бұларды бір
талақ баинмен ажырастырады.
Достарыңызбен бөлісу: