ЖАНҰЯ
- 228 -
Мінез өзгере ме?
Сұрақ: “Жан шығады, бірақ мінез шықпайды” деп
айтылады, сонда жаман мінезді өзгертуге болмай ма?
Жауап: “Жан шығады, бірақ мінез шықпайды” деген сөз,
шәһуат, ашу секілді адамның жаратылысындағы қасиеттердің
толығымен жойылмайтындығын білдіру үшін айтылған.
Тәрбие ету басқа, жоқ қылу, жою басқа. Адам насихатпен
тәрбиеленуі мүмкін.
Құран кәрімде:
«Насихат мұсылмандарға әрине пайда
береді.» делінген. (Зарият 55)
Мінез-құлықты өзгертуге болатындықтан, бала тәрбиесі
туралы айтылған хадис шәрифтерде былай делінген:
«Баланы жақсылап тәрбиелеу баланың әкесіндегі
ақыларынан.» (Бәйһақи)
«Балаларыңа ізет етіңдер, оларды әдепті, тәрбиелі етіп
жетілдіріңдер!» (Ибн Мажә)
«Баланы тәрбиелеу тонналап садақа беруден де артық
сауап.» (Тирмизи)
Бала тәрбиесінің маңызы
*Балаға дерт, қиындықтарымызды айтпау керек, қуанышы-
мызды айтуға болады.
*Балаға отбасы ішіндегі біреу ұрысып жатса, басқасы оны
жақтамау керек.
*Оның қасында үнемі күлімдеген, жылы жүзді болуға
тырысу керек. Көңіліміз жабырқаңқы болуы, балаға тез әсер
етеді.
*Оны өзге адамдардың алдында ұрыспау, жазғырмау
керек.
*Кемшіліктерін мойындауды үйрету керек. Кемшіліктерін
біліп жөндеуге тырысуы - өмірде жетістікке жетуіне себеп
болады.
*Баланы өтірікшілікпен кінәламау керек.
ЖАНҰЯ
- 230 -
қадағалау керек.
*Сыр, құпияларды балаға естіртпеу керек.
*Балаға неғұрлым сабырлықпен, түсіністікпен қарайтын
болсақ, соғұрлым болымды нәтиже аламыз.
*Сөздеріне мән берілмейтін немесе үнемі сынға алынатын
бала – тұйық, өзіне сенімсіз және қызба мінезді болады.
*Баланың жанында басқаларды жамандамау керек.
*Баланы күш қолданып, ұрып жөнге салуға тырысқан ата-
ана, баланың қызба мінезді, мейірімсіз, жауыз болып өсуіне
және өз қиыншылықтарын күштеп шешуге тырысуына себеп
болады.
*Баланың бетінен және басынан ұрмау керек.
*Балаға айтылатын сөздің өзінен бұрын оның
қашан және
қалай айтылуы маңызды.
*Жақсы істері мен сөздерін мақтап, марапаттау керек, ал
жамандықтарының зиянын жұмсақ тілмен түсіндіру керек.
*Сын айту дұрыс болмағанындай асыра мақтау да дұрыс
емес. Тым қатты жақсы көру және мақтау – баланы еркелетіп
жібереді.
*Баланы кіналау, лақаб ат қою, мазақ қылу, қорқыту дұрыс
емес. Бар! Кел! деген секілді бұйрық сөздердің орнына
барасың ба? келесің ба? деген сөздерді қолдану керек.
*Бала әдепті сөйлеу керек. “Өтініш, рахмет, кешіріңіз”
деген секілді сөздер қолдануын үйрету керек.
*Қателескен кезіміз болғанда қатемізді мойындап, кешірім
сұраумыз, баланың да қатесі болғанда кешірім сұрауды
үйренуіне жол ашады.
Достарыңызбен бөлісу: