Бақыттың кілті


Қаталдық па, еркіндік пе?



Pdf көрінісі
бет159/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   184
Қаталдық па, еркіндік пе?
Бала тәрбиесінде шамадан тыс қаталдық та, еркіндік 
те зиян. Тым қаталдық көрсету баланың пассив, ынжық 
болуына себеп болады. Жасаған әрбір қылықтарын ұнату да 
үлкен қате. Бұл, баланы пәлекетке итермелеуден басқа нәрсе 
емес. Мамандар бала тәрбиесінде баланы ұрудың сирек және 
қысқа мерзімді жаза түрі екендігін, ал тұрақты және ұзаққа 
созылатын жағдайда одан теріс нәтиже алынатындығын 
білдіруде. Баланы ұрып тәрбиелеудің балаға физикалық әсері 
бар. Психологиялық тұрғыдан алғанда үнемі таяқ жеп өскен 
балалардың агрессивті сезімдері дамиды. Оның ашушаң, 
қызу қанды және ынжық адам болуына жол ашады.
Балаларға қалағанын істету, бос жіберу дұрыс емес. 
Жас кезінде тәртіпті, жүйелі өмір сүрулерін қамтамасыз 
ету керек. Бала белгілі бір уақыттарда, белгілі нәрселермен 
айналысуы керек. Осылайша бала тәртіпке, жүйелі өмір 
сүруге бейімделеді және кейін жүйелі түрде өмір сүреді. Тек 
ойын ойнап жатқан кезде оны өз халіне жіберу керек. Бірақ 
бұл да өз білгенін істетіп қою деген сөз емес. 
Ойнап жатқан кездерінде немен айналысып жатқанын 


ЖАНҰЯ
- 234 -
байқау керек. Бала өзіне және айналасына зиян келтірмей, өз 
білгенінше ойнап жатқан болса мәселе жоқ. Бірақ осындай 
бос уақыттарында өзіне және айналасындағыларға зияны тиіп 
жатқан болса, бұл істің алдын алу керек. Бос уақыттарында 
шаттануына, ойнауына мүмкіншілік беру керек. Бірақ істеген 
зиянды нәрселерін балаға, түсіне алатындай түрде білдіріп, 
оларға бөгет болу керек.
Өз айтқанынан қайтпайтын балалар
Қарапайым мәмілемен және ұстамдылық, табандылық 
танытып, баланың қырсықтығын кетіруге болады. Бала бір 
нәрсеге қырсығып қалған кезде, оған сол нәрсеге қол жеткізе 
алу сезімін бермеу керек. Бала «Егер жыласам, айғайласам, 
шу шығарсам, шешемді ұялтсам... қалаған нәрсемді береді» 
деген сезімдерге түсіп қалмауы керек. Жас кезінен әр 
қалаған нәрсесін істететін бала, келешекте бұл қырсықтығын 
оңайлықпен тоқтатпайды. Оны сәби кезінен бастап тәрбиелеу 
керек, жылап, қырсықтық етуіне мән бермеу керек.
Егер әр қалаған нәрсесі орындала беретін болса, бала да, 
үлкендер де ешқашан тыныш болмайды. «Соған қалаған 
нәрсесін беріп құтылайыншы» дегенмен, бұл қалауларының 
соңы бітпейтінін түсіну керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет