ЖАНҰЯ
- 231 -
көбірек әсер етеді. Өзіміз халімізбен, әрекеттерімізбен
жақсы үлгі, өнеге бола алсақ тәрбие
ісі жартылай атқарылды
деген сөз. Сосын пайғамбарымыздың, сахабалардың, дін
ұлыларының, әулиелердің
өмірбаяндарын айтып, ғибратты
оқиғаларын айтып оларға деген сүйіспеншілікті ұялату керек.
Бұл сүйіспеншілік берілсе олардың атын айтып Аллаһу
та’аланы түсіндіру, дініміздің әмірлерімен тыйымдарына
дағдыландыру оңай болады.
Адам жақсы көрген адамдарына ұқсағысы келеді, жақсы
көрген адамдарының сөздеріне мойынсұнады. Дін ұлылары
шәкірттеріне
ең бірінші намаздан, оразадан, харамдардан
айтпайтын еді.
Мәселен хазреті Имам
Раббани өз ұстаздары туралы
айтатын, соларды жақсы көргізетін. Одан кейін олар құрлықта
да, теңізде де, ауада да яғни барлық жерде намазды, дініміздің
әмірімен тыйымдарын ойлайтын еді. Дін ұлыларына деген
сүйіспеншілік дәрі секілді. Олардың сүйіспеншілігімен,
берекесімен дінімізге мойынсұну өте оңай болады.
Аллаһ жақсы көрмейді деп айту
Сұрақ: Баланы тәрбиелеуде “Ұрлық
жасаған адамның
басына Аллаһ тас жаудырады, өтірік айтқан адамды тозақ
отымен азаптайды” деген сияқты сөздер айту дұрыс па? Әлде
мұның теріс түрін айту керек пе? Мәселен “Ұрлық етпеген
адамды, өтірік айтпаған адамды Аллаһ жақсы көреді” деу
керек пе? Қалай айтқан дұрыс?
Жауап: “Ұрлық жасаған
адамның төбесінен тас
жаудырады” делінсе, бала ұрлықшыларды көргенде “неге
бұлардың басына тас жаумады” деп ойлап әке-шешесіне
деген сенімі қалмауы мүмкін. Оның үстіне Аллаһу
та’ала шынында да жамандық еткендердің бастарына тас
жаудырып жатқан жоқ. Сондай-ақ үнемі “былай етпесең
Аллаһ сені жақсы көрмейді” деп айта бергенде де “жақсы
ЖАНҰЯ
- 232 -
көрмесе көрмесін” деуі мүмкін.
Жақсылық істегендердің
жаннатқа, жамандық істегендердің жаһаннамға түсетінін
дұрыс сөздермен түсіндіру керек. Әрбір қате істеріне Аллаһ
сені үйтіп жібереді, бүйтіп жібереді деп айту дұрыс емес.
Жақсылық істегенінде марапаттау керек, ал жамандықтардың
кей біреуін көрмегендей болу керек. Жамандығына шектен
аспайтындай, көңілін түсірмейтіндей жаза беру керек.
Достарыңызбен бөлісу: