ЖАНҰЯ
- 235 -
Баланы осындай жаман мінездерден арындыру үшін, ең
бірінші жақсы дос табу керек. Сондай-ақ әкесінің байлығымен,
атақ-даңқымен, ерекше қасиеттерімен мақтанудың қажет
еместігін, негізгі жақсы көрілетін
және ұнамды болған
нәрсенің жақсы мінез және жақсы тәрбие екендігін айтып
түсіндіру керек.
Жасқаншақ балалар
Жасқаншақ болып өскен бала өмір бақи мұның қасіретін
шегіп өтеді. Ондай балалар ойын толық жеткізе алмайды.
Қате сөйлейтінінен немесе айыпталатынынан жасқанып,
тұйық болады.
Жасқаншақ, ынжық болудың ең басты себебі – ата-ананың
балаға үнемі қатал мәміледе болып, әр нәрсеге киліге беруі.
Баланы
бақылауға алу керек, бірақ еркін жіберу керек.
Тартыншақтықпен қоса еркелік және тәкаппарлық та
жаман мінез-құлықтарға жатады. Балаға қай жерде қалай
сөйлеу және қалай әрекет ету
керектігін білетіндей етіп
тәрбиелеу керек.
Үйлесімді ата-ана
Өз-өзіне деген сенімсіздік, ынжықтық көбінесе жеткін-
шек шақта немесе кіші жаста
отбасы ішіндегі тұрақты
үйлесімсіздік, ұрыс-керістердің нәтижесінде орын алады.
Ата-ана қаншалықты тату, үйлесімді, сенімді, байсалды
болса, балаларын да сол күйде тәрбиелейді. Қызу қанды болу,
баланы үнемі жазаландыра беру және отбасы ішінде балаға
екі
бөлек тәлім, екі тараптық ықпал ету үрдісі, жұптардың
арасындағы кикілжіңдер балаға едәуір мөлшерде кері әсерін
тигізеді.
Ата-ананың ойлары бір-біріне үйлеспей, тиянақсыз
шығатын болса, бала да тиянақсыз ойлайтын болады.
Ата-ананың ұстанымдары
баланың мінез-құлығының
ЖАНҰЯ
- 236 -
қалыптасуында өте маңызды роль ойнайды. Жеткіншек
шақтағы ұл балалар әкесінен, қыз балалар анасынан үлгі
алады.
Достарыңызбен бөлісу: