Бақыттың кілті



Pdf көрінісі
бет59/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   184
ӘЙЕЛДЕРДІҢ ОРАНУЫ ПАРЫЗ
Сұрақ: Әйелдердің қалай орану керектігі дінімізде 
ашық білдірілсе де неліктен әлі күнге дейін бұл жөнінде 
талас-тартыстар болуда? Жабынуды жоққа шығарып, 
мойындамайтын адам діннен шыққан болмай ма?
Жауап: Дінімізде әйелдердің орануы, яғни бетімен 
қолынан басқа барлық мүшесін жабу керектігі анық, ашық 
түрде білдірілген. Әйелдердің орануына байланысты 
түскен аяттарды пайғамбарымыз ашықтап түсіндірген, 
ғалымдарымыз оны бізге жеткізген. Бұл тақырыптағы талас-
тартыстар әдейілеп жаман пиғылмен жасалуда. 
Құран кәрімде жалпы барлық нәрсе қысқаша түрде 
білдірілген. Оларды пайғамбарымыз кеңінен ашып 
түсіндірген және содан бері оның үкімдері жүре бастаған. 
Құран кәрімнің “Исра” сүресінің 23-ші аятында: «Байқа, 
ата-анаңа “уф” деме! » делінген. Егер бір кісі ата-анасына 
“уф” демесе, бірақ таяқпен соққыласа, «Мен “уф” демедім, 
Құранның әміріне мойынсұндым» десе, ол кісі Құранның 
әміріне бағынған есебінде бола ма?.. Хазреті Байдауидің 
тәфсирінде бұл аяттың мағынасы: «Ата-аналарыңды 
ренжітпеңдер, тіпті оларға “уф” деп те айтпаңдар!» деп 
түсіндіріледі.
Сондықтан Құрандағы бір аяттың үкімін үйрену үшін 
Құранның аудармасына қарау үлкен қателік болып табылады. 
Әркім өз бетімен Құраннан үкім шығара алғандарында, хадис 
шәрифтердің керегі қалмас еді. 
Мәселен ұрлық жасау қылмыс болып табылады. Сот 
төрешілігі ұрлықшының жазасын заңдарға жүгінбей, тек қана 
Конституция бойынша бере алмайды. Себебі ұрлықшыға 
берілетін жаза Конституцияда анық көрсетілмеген. Көптеген 
үкімдер конституцияның тармақтары болған заңдармен 
анықталады. 


ЖАНҰЯ
- 87 -
Сол секілді кез келген адам дініміздің үкімдерін тікелей 
Құран кәрімнен түсіне алмайды. Өйткені Құран кәрімді 
пайғамбарымыз хадис шәрифтерімен ашықтаған, түсіндірген. 
Ал хадистерді түсінудің өзі де үлкен ғылымды талап етеді. 
Яғни бұларды да ислам ғұламалары ашып түсіндірген. 
Сондықтан ешкімге де тікелей Құран кәрімнің аудармасын 
оқуға кеңес бермейміз. Бір оқырманымыз: «Құран кәрімнің 
аудармасын оқимын деп, таза дінсіз болдым» деп өкінішімен 
бөліскен еді.
Медициналық кітаптан оқып, дәрі жасау немесе науқасқа 
диагноз қою қате нәрсе. Ал Құран кәрімнің аудармасынан 
үкім шығару одан да үлкен қателік. Себебі қате дәріні 
қолданған адамның өлуі мүмкін. Алайда қате үкім шығарған 
адам болса, иманынан айырылып, мәңгі азапқа душар болуы 
мүмкін. Хадис шәрифтерде былай делінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет