ЖАНҰЯ
- 89 -
Әйел көшеге оранбай,
ашық шығатын болса, кәпір
болмайды. Күнәһар болады.
Бірақ жабынудың керегі жоқ
деп айтатын болса, яғни орану керектігіне сенбесе исламға
сенбеген болады. Күнә және күпір екеуі екі түрлі нәрсе.
Сұрақ: Жалпы мұсылман әйелдің киім үлгісі қандай болу
керек (мысалға: киімінің түсі, көлемі т.б)?
Жауап: Расулуллаһ алейһиссаламның әдеттеріне
байланысты сүннеттеріне мойынсұну да үлкен мәртебе және
үлкен сауап. Бірақ оны орындамау күнә емес,
тіпті мәкрух
та емес. Мәселен пайғамбарымыз түйеге мінетін еді. Түйеге
мінбеу күнә немесе мәкрух емес. Араптардағы әдет бойынша
мүбәрак тобықтарына дейін жететін ұзын көйлек (антари)
киетін еді.
(Ибн Асакир)
Дін кітаптарындағы берілген үкімдерде былай делінеді:
«Әйелдердің дене пішінін белгілі етпейтіндей (обтягивающий
емес) кез келген киіммен киінуі парыз. Ислам діні жабық
жүруді (екі қолы мен жүзінен
басқа барлық жерлерін
жабық ұстауын) әмір еткен, бірақ белігілі бір киім түрін
білдірмеген.»
(Дурәрул-мултәқита)
«Жабуы (көрсетпеуі) керек болған мүшелерді жабатындай
және дене пішінін белгілі етпейтіндей болу шартымен әйелдер
өз қаласының әдетіне сай киінеді.
Өйткені киім секілді
мубахтарда, қаланың әдетіне мойынсұнбау тахриман мәкрух
болады. Зәру (мәжбүр) жағдай болмайынша харамдарда
ешбір жердің әдетіне мойынсұнуға болмайды.»
(Хадиқа)
Достарыңызбен бөлісу: