Бақыттың кілті


барлығы бірге дауыстап жылап, ата-анасын сұрайды



Pdf көрінісі
бет65/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   184
барлығы бірге дауыстап жылап, ата-анасын сұрайды. 


ЖАНҰЯ
- 93 -
Бұлардың жан дауысы ата-аналары қастарына келгенге 
дейін және әрқайсысы ата-аналарының қолдарынан 
ұстап, жаннатқа кіргенге дейін жалғасады.» (И. Ғазали)
2) Үйленбеген адам көзін харам нәрселерден сақтай 
алмауы мүмкін. Үйлену адамды шайтанның азғыруынан 
алыстатуы және дінін қорғауына көмек беруі мүмкін. Хадис 
шәрифте былай делінді: «Үйленген адам дінінің жартысын 
қорғайды. Қалған жартысын қорғау үшін Аллаһу 
та’алаға қарсы шығудан сақтансын!» (Табарани)
«Шүкір еткен көңілге (жүрекке), зікір еткен тілге және 
ахирет жолында сендерге көмекші болатын салиха (жақсы) 
әйелге ие болуға тырысыңдар!» деген хадис шәрифтегі 
салиха әйелдің зікір және шүкірмен бірге айтылуы оның 
бір ниғмет екендігін көрсетуде. Салиха әйел дінін қорғауда 
көмекші болып табылады. (Тирмизи)
Хазреті Омар былай деген: «Иманнан кейін жақсы 
әйелден де артық ниғмет жоқ.»
Қазіргі заманда бойдақ болып дінін қорғау қиын. Үйлену 
дінді қорғауға көмекші болып табылады. Хадис шәрифте 
былай делінген:
«Бір жас жігіт үйленген кезінде шайтан оған: “Қап, 
дінін менен қорғады” дейді.»  (И. Асакир)
Басқа хадис шәрифте де үйленген адамның екі рәкат 
намазы бойдақтың 80 рәкат намазынан да артық сауапқа 
қауыштыратыны білдірілген. (Рамуз)
3) Әйелдерінің жаман мінездеріне және олардың 
қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін сабыр ету үлкен 
ғибадаттардан болып табылады. Хадис шәрифте:
«Күнәлардың ішінде сондай бір күнә бар, отбасылық 
қиыншылықтарынан басқа ешнәрсе оған кәффарат 
(жаза, өтеу) болмайды.» (Табарани)
Жаман әйелдердің ортасына түсіп, нәпсіне алданып 
күнәға батудан қорыққан жігіттің салиха, таза мұсылман қыз 


ЖАНҰЯ
- 94 -
тауып үйленуі парыз. Мұндай қиын жағдайға тап болмаған 
жастардың білім алуға, жақсы мінезді болуға тырысып, 
әйелдерге қатысты жеке ілімдерді үйренгеннен кейін үйленуі 
қажет болады. Бала-шағасына нафақасын (тамағы, киімі, 
тұратын жерін) халал жолдан қамтамасыз ете алмайтын 
адамның үйленуі дұрыс емес.
Мұсылман жігіттің ең әуелі дінін жақсылап үйренуі қажет. 
Содан кейін сүннетті орындау ниетімен үйлене алады. Әдепті, 
ұятты, жақсы мінезді, дінін, иманын, исламның шарттарын 
білетін, исламға мойынсұнатын, көшеде діннің әміріне 
сай киінетін қызбен үйлену қажет! Арлы және дініне берік 
қыз іздеу керек! Міндетті түрде бай болсын, сұлу болсын 
демеу керек! Байлығымен сұлулығы үшін ар-намысты және 
діндарлықты қолдан жіберіп алмау керек! Хадис шәрифте 
былай делінген:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет