Бақыттың кілті


сұрадым. Бірақ оны ренжіткенім үшін жылап тұрмын



Pdf көрінісі
бет94/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   184
сұрадым. Бірақ оны ренжіткенім үшін жылап тұрмын. 
- Қызым білмейтін бе едің, Аллаһу та’аланың разы-
лығы күйеуіңнің разылығына байланысты. Әрдайым 
күйеуінің разылығын іздейтін, күйеуі де одан разы болған 
әйел ең бақытты әйел. Әйелдер үшін ең үлкен ғибадат 


ЖАНҰЯ
- 133 -
күйеуіне мойынсұнуы. Күйеуі әйелінен разы болса, ол 
әйел қалаған есігінен жаннатқа кіруге құқылы болады. 
Күйеуін ренжіткен әйел оны разы еткенге дейін Аллаһу 
та’аланың лағынетінде болады.» (Р. Насихин) 
Күйеуінің ақысына мән беріп орындаған әйел Аллаһ 
жолында соғысқа аттанғандай сауапқа кенеледі. Хадис 
шәрифтерде былай делінеді: 
«Күйеуінің ақысын орындау Аллаһ жолында соғысқа 
барумен бір.» (Табарани) 
«Әйел күйеуінен рұқсатсыз нәпіл ораза тұта алмайды. 
Егер рұқсатсыз тұтса аш және сусыз жүрген болады, 
сауап жазылмайды. Күйеуінің рұқсатынсыз сыртқа шыға 
алмайды. Шықса көктегі періштелер үйіне қайтқанға 
дейін лағынет айтады.» (Табарани) 
«Еркек қажеттілігі үшін әйелін шақырса, әйелі тандыр 
басында болса да дереу жауап берсін!» (Тирмизи) 
«Күйеуі шақырғанымен төсекке келмеген әйелге 
періштелер таңға дейін лағынет айтады.» (Бұхари) 
«Әйел, күйеуінің рұқсатынсыз өз малын да жарата 
алмайды.» (Табарани) 
«Рұқсатсыз үйден шыққан әйелге күйеуі разы болғанға 
дейін жер бетіндегі барлық нәрсе лағынет айтады.» 
(Дәйләми) 
«Әйел күйеуінен рұқсатсыз ешкімді (әке, шеше, 
бауырларын да) үйіне кіргізе алмайды, нәпіл намаз оқи 
алмайды.» (Табарани) 
«Әйелдеріңнің сәнді киінулеріне тыйым салыңдар! 
Бәни Исраил әйелдері сәнді киініп мешітке тәкаппарланып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет