Бақыттың кілті


көршілеріңді мазаламаңдар»



Pdf көрінісі
бет96/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   184
көршілеріңді мазаламаңдар» деген. Қазіргі таңда адамдар 
тағамдардың иістерін мүңкітіп, оларды баршаға көрсету 
арқылы айналадағы адамдардың мазасын алады. Әрине 
әлгі желінген тағамдардан азапталады. Кейін «стресс» деп 
дәрігерлерге барады. Үйдің тағы бір әдебі бар, ең маңыздысы 
да осы болса керек. Үйдің ішінде болып жатқан ұрыс-
керістер, әртүрлі жағдайлар сыртқа шықпауы тиіс. Бұл да 
үйдің әдептерінен бірі болып саналады. Сондықтан бұрын 
келеңсіздіктер үйдің ішінде оңай шешілетін еді. Онсызда 
сүйікті пайғамбарымыз әсіресе ерлі-зайыптылардың 
арасында болатын ұрыс-керістерді сыртқа жаюдың үлкен 
күнә екендігін қаншама рет айтқан, солай емес пе Айсұлу!- 
деп келініне қарайды. Келіні ұялғанынан: «Иә анашым»- 
деп жауап береді. Немересі: «Әжетайым, қазір фэйсбук, 
инстаграм деген нәрсе шыққан. Адамдар барған кафелерінде 
жеген тағамдарын суретке түсіріп, мыңдаған достарына 
көрсетеді!»-дейді. Әжесі: «Не деген сұмдық. Адам жеген 
тағамдарын көрсете ме?»-дейді. 
Немересі: «Әжетайым, сосын әрбір әрекеттерін суретке 
түсіреді. Қыдырған жерлерін, жеген тағамдарын, ішкен 
сусындарын, сатып алған киім-кешектерін де суретке түсіріп, 
достарымен бөліседі» -дейді. Әжесі: «Балам, не айтып 
тұрсың? Қиямет қайым басталды десеңші» деп көзжастарын 
сүртіп, сөзін жалғастырады: «Біз күйеуіміздің жанында 
жүруге ұялатын едік. Қаншама жесір қалған әйелдер, тұрмыс 
құра алмаған қыздар бар. Олардың көңіл жараларына тұз 
баспайық, деп ерімізден бір қадам артта жүретін едік. Қазір 
ұрыс-керіс те, жақсы көру де адамдардың көз алдында 
болуда. Әрине құпиялық қалмаған соң, адалдық та қалмайды. 
Үйдің берекесі - үлкендерге құрмет көрсетуде. Үйдің әдебі – 
жабылған перделерде. Махаббаттың әдебі – жасырын болуда, 
көздің әдебі – көздің қабақтарында. Дененің әдебі – оранған, 


ЖАНҰЯ
- 138 -
киінген болуында. Ал ұят – иманнан. Мен сендерге анамның 
айтып берген бір ғибратты оқиғасын айтып берейін. Негізінде 
бұл бір хадис құдси: «Аллаһу та’ала Адам алеһиссаламды 
жаратқан кезде Жәбрейіл алейһиссалам оған үш сыйлық 
алып келеді. Ілім, ұят және ақыл. Аллаһу та’ала оған: «Ей 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет