ЖАНҰЯ
- 130 -
жағдайда үйге келген күйеуі ең болмағанда жылы шыраймен
жағымды сөз күтеді, өзіне көңіл бөлуін қалайды. Бұны да көре
алмаса жағдайы одан төмен түсіп кетеді. Сөздері әрекеттері
де өзгереді.
Ислам ғалымдары «үйінде
тыныштығы болмаған еркек
дүние жаһаннамында жүргенмен тең» деген.
Осыншама азапта жүрген адамнан әртүрлі нұқсан
әрекеттер күтуге болады. Әйел онсыз да толып келген жүйке
ыдысын тасытатын соңғы тамшы болмау керек. Керісінше
дереу жылы шырай танытып, көңілін аулауға кірісуі керек.
Оны түсінуге тырысуы, сабыр етуі керек. Ол үйде болған
кезде үй
тірлігіне де қарамау керек, оның көңілін көтеріп
оны қуанту керек. Үй тірлігі т.б. жұмыстарды ол болмаған
кездерде жасауы керек.
Тұрмыстағы әйелдерге әрдайым айтатын кеңесіміз мынау:
сыртқы дүние отқа толы, күйеулеріңе ие болыңдар,
жақсы
мінездеріңмен, жылы сөздеріңмен, дәмді тағамдарыңмен,
үй тазалығы, тиянақтылығымен немесе күйеулерің ұнататын
амалдар арқылы оны үйге байлаңдар. Ол үйге қарай қадам
басу үшін жанталасып асығатын болсын. Ұяны ұрғашы құс
жасайды, үйді де үй ететін әйелдер осыны ұмытпаңдар.
Ислам ғалымдары «шайтан кәпірлерді емес,
мұсылман-
дарды адастырумен айналысады» деген. Нәпсіміз қатты
құтырады. Қалай құтырады? Орануға, намазға, дұрыс
сенімге қарсы құтырады. Шайтан әскерлерін таңертеңгісін
адамдар
арасына жіберіп, кешке олардан есеп алады екен.
Біреуі «намазын бұздырдым» десе, «жарайсың» депті. Біреуі
«оразасын бұздырдым» десе, оған да «жарайсың» депті.
Біреуі «харам жегіздім» дегеніне де «жарайсың» депті. Басқа
біреуі «күйеуімен әйелін араздастырдым» дегенде шайтан
қуанып, орнынан атып тұрып, «қандай жақсы, жарайсың»
деп, маңдайынан сүйіп, «ең үлкен істі сен атқардың, ерлі-
зайыптылар
араздасатын болса, қалғанының бәрі уақыт
ЖАНҰЯ
- 131 -
өтуімен бұзылады» деген екен. Сондықтан әрдайым сақ жүру
керек, шайтанмен нәпсінің мұндай әрекетіне жол бермеу
керек.
Ислам тек әйелдерге келмеген, тек еркектерге де келмеген.
Тек ата-анаға да жіберілмеген. Ислам бүкіл адамзатқа келді.
Барлық адамдар Исламға мойынсұнуға міндетті. Кім Ислам
бойынша жүретін болса, дүниеде де, ахиретте де бақыт
табады, пайдасын көреді. Егер
машинаның бір дөңгелегі
жарылған болса, машина жүрмейді. Сағаттың да бір тісі сынса
істемейді немесе дұрыс жүрмейді. Сол сияқты жанұяда да
бір адамның қатесі, кемшілігі бүкіл жанұяның тыныштығын,
бақытын бұзады, тіпті ақыр аяғында ұяның бұзылуына да
әкеп соғуы мүмкін.
Сондықтан әркім өзіне мұқият болуы керек, өз міндетін
білуі керек, шектен аспауы керек, кемшілігі болса, кешірім
сұрап, өмірде жаңа парақ ашып қуанышпен тату өмірді ары
қарай жалғастыруы керек. Дінімізде кісіні ренжітуге тыйым
салынғаны секілді, бостан босқа ренжуге де тыйым салынған,
Мұсылманға үнемі жақсы көзбен қарау керек,
кемшілігін
көрмеу керек. «Мен білмейтін бір себебі болса керек» деп
оны кешіру керек, тілімен де оны ренжітпеу керек. Кешірімді
болғандар кешіріледі, жақсы көзбен қарайтындар да жақсы
көріледі.
Күйеуіне қолынан келгенше жылы шырай көрсетіп,
сүйіспеншілігін білдіру керек, тілімен де оны ренжітпеу
керек. Хадис шәрифтерде былай делінеді:
Достарыңызбен бөлісу: