Бай әКЕ, кедей әКЕ



Pdf көрінісі
бет7/50
Дата17.01.2023
өлшемі1,32 Mb.
#61682
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50
 
 
 
 
 
Бірінші серіктестік
Келесі күні әкеммен болған әңгімені, ең жақсы досым Майкке 
айттым. Майк екеуімізде, осы мектепте оқитын кедей отбасыларынан 
едік. Ол да мен сияқты, тағдырдың қызық қалтарыстарына 
байланысты, осы мектепке окуға келген еді.
Біреудің мектеп шекарасын біз тұратын кӛше арқылы ӛткізуіне 
байланысты, байлардың балаларына арналған мектепке бардық.
Шындығында, біздер соншалықты кедей де емес едік, бірақ бізге 
солай кӛрінетін, себебі: бізден басқа балалардың барлығында да жаңа 
бейсбол қолғабтары, жаңа велосипедтері барлығы жаңа болатын. Әкем 
мен шешем бізге қажеттінің бәрін берді: ас, киім, үйіміз болды. Бірақ 
одан артық ештеңе жоқ.
Менің әкем: “Егер саған бірдеңе қажет болса, оны сен еңбекпен 
табуың керек”, -дейтін. Бізге кӛп нәрселер қажет еді, алайда 9 жасар 
балаға кӛп жұмысты кім береді?
Біз ақшаны қалай істейміз?, -деп сұрады Майк.
Мен білмеймін, -дедім. Ал, сен маған серік болғың келе ме?
Ол келісімін берді, сӛйтіп сол сенбінің таңында маған тұңғыш 
бизнес-серіктес пайда болды.
Біз таңертеңнен бері, ақшаны қалай жасау керектігі жӛніңде 
жоспар құрумен болдық. Кей уақытта, біз теңіз жағалауында тұратын 
Джимми сияқты “байларды” еске алдық. Бізге бұл біршама ӛкінішті 
еді, бірақ осы ӛкініш бізді баю жолына ынталандырушы күш болды. 
Бір кезеңде, бізге түстен кейін бір ой келді. Бұл пікірді Майк бір 
ғылми кӛпшілік кітаптан оқыған екен.
Біз бір-бірімізге үлкен үміттілікпен қарастық, сӛйтіп біздің 
серіктестігімізде-ӛз ісіміз пайда болды.Содан кейін, біз бірнеше апта 
бойынша кӛрші-кӛлемдерді, үйлерді аралап, босап қалған тіс 


27 
тазартқыш пасталардың тюбиктерін (шӛлмек) бізге берулерін ӛтіндік. 
Алдымен бұған үлкен адамдар таң қалып, содан кейін күлімсіреп 
келісімдерін берді. Кейбіреулері біз не істемекшіміз, -деп білгілері 
келді. Оларға біз: “Оны біз сіздерге айта алмаймыз. Бұл 
коммерциялық құпия” , -дедік.
Бір кезде шешем мазасыздана бастады, себебі: біз жинаған 
заттарымызды коюға, оның кір жуатын машинасының тұрған жерін 
қалап алып едік. Әртүрлі қажетсіз заттар салынған қағаз жәшіктің 
жанында, біздің жинаған тюбиктеріміз күннен-күнге кӛбейе бастады. 
Бір күні шешемнің шыдамы таусылды. Оны күнде ӛздері лас әрі 
майысқан тюбиктерді кӛру тойдырған білем.
-Бізден, осы сендер не істеп 
жүрсіңдер?”-деп сұрады. 
Маған қайдағы бір “коммерциялық құпия” дегенді қойыңдар. Бәрін 
тез шығарыңдар, әйтпесе мен барлығын лақтырып тастаймын”,- деді.
Біз, Майк екуіміз жалынып, жақында ойымызды іске асыру 
мақсатында, әліде болса жеткілікті материалдарды жинап алу үшін, 
уақыт керек, -деп түсіндірдік. Шешем бізді аяп тағыда бір аптаға 
рұқсат етті.
Осылай ісімізді тездетіп бастауға сыртқы жағдайлар түрткі 
болды. Ӛйткені, жұмыс атқарушы серіктестік ретінде, қойма жӛнінде 
менің шешемнің тарапынан алғашқы ескерту алдық. Енді Майкке 
кӛршілерді тездетіп паста тюбиктерін босатуды, ол үшін тістерін жиі 
тазартуды ӛтіну міндеті енді. Мен ӛндіріс орнын жинақтауға кірістім. 
Бір күні әкем, бір досымен үйге келіп, аулада бар ынтасымен 
жұмыспен айналысып жатқан тоғыз жасар екі баланы кӛреді. 
Маңайымыздың бәрі ақ ұнтақтармен қоқыстанған еді. Ұзын үстелдің 
үстінде пайдаланудан кейін, мектептен алып келген бос сүт 
пакеттерін, жанында грильде алаулап тұрған қызыл шоқтарды кӛрді. 
Әкем баяу қимылдап, бізге жақын келді. Машинасын есік алдында 
тастауға тура келді, себебі гаражға қоюға біздің ӛндірісіміз жол 
бермеп еді.
Ол досымен жақынырақ келіп, шоқ үстіндегі қазандықта тіс 
тазартқыш тюбиктердің балқып еріп жатқанын кӛрді. Ол кезеңде паста 


28 
тюбиктері пластмассадан емес, жезден жасалатын. Олардың бояуын 
отпен ӛшіріп, қазындыққа салып балқытып ертіп, содан кейін оны сүт 
пакеттеріне арнайы тесік арқылы құя бастадық. Картонды жәшікте 
гипс бар болатын. Сумен араластырылған сол ұнтақ маңайымызды 
аппақ қылған еді. Мен абайсызда қапшықты құлатып алғанмын, 
сондықтан маңайымызда ақ боран соққандай еді. Гипстен біз құю 
қалпын жасадық.
Әкем біздің балқыған жезді, гипстен жасалған қалыпқа қалай 
құятындығымызды бақылап тұрған.
-Ақырын, байқа, -деді. Мен үндемей басымды изедім. Бір 
уақытта жұмысымызды аяқтап, қазындықты орнына қойып, әкеме 
қарап жымиып.
-Балалар, сендер не істеп жатырсындар?, -деп сұрады ол 
күлімсіреп.
-Біз сенің айтканыңды жасап жатырмыз. Біз бай болғымыз 
келеді, -дедім мен.
-Солай, -деді Майкте басын изеп. Біз серіктеспіз.
-Ал, мынау гипстік қалыптарда не бар?, -деді ол қызықтап.
-Абайла, -дедім мен. Жақсы партия болуға тиіс. Содан кейін 
кішкентай балғамен, қалыптың екі жымдасқан жерінен ұрып, жоғарғы 
бӛлігін босаттым. Қалыптан жез тиын түсті.
-О, Құдай, -деді әкем. Сендер жезден ақша жасап жатырсыңдар 
ма! -деді таңданып.
-Дәл ӛзі, -деді Майк мақтанышпен.
-Біз, 
Сіздің айтқаныңызды, істеп жатырмыз. Біз ақша 
жасаудамыз. Әкемнің досы теріс айналып, шек-сілесі қатып күлді. 
Әкем жымиып, басын шайқады. Ол жанып тұрған грильді, 
тюбиктермен толы қағаз жәшікті, үсті-бастары ақ ұнтаққа былғанған, 
ӛз істеріне мәз, біз екеуімізді кезімен шолып шықты.
Әкем, бізге істеп жатқан жұмысымызды тоқтатып, ӛзімен бірге 
есік алдына келіп, отыруымызды сұрады. Ол бізге жалған ақша 
жасаушылардың 
кім 
екенін 
байыппен 
түсіндірді. 
Біздің 
арманымыздың тас-талқаны шықты.


29 
-Сіз мұны заңсыздық дегіңіз келе ме? -деді Майк даусы дірілдеп.
-Ойнай берсін, -деді әкемнің досы.
-Мүмкін бұл олардың табиғи қабілеттіліктері болар. Әкем оған 
ренішпен қарады.
-Ия, бұл заңсыздық, -деді ол , ақырын. Дегенмен, сендер ӛз 
ойларыңды кӛрсете білдіңдер, ерекше ізденістерін мен жан-жақты 
ойлану қабілеттіліктеріңді кӛрсеттіңдер, -деді. Ойлануды осылай 
жалғастыра беріңдер. Мен, шындығында сендерді мақтан тұтам.
Біз, Майк екеуіміз ренішті түрде 20 минуттай үнсіз отырдық та, 
сонан кейін заттарымызды жинастыра бастадық. Сӛйтіп, біздің 
ӛндірісіміз ашылған күні жабылды: Қоқыстарды жинастыра жүріп, 
мен Майкке қарап: “Ия Джимми және оның достарынікі шындық. Біз 
кедейміз”, дедім. Бұл уақытта менің әкем кетіп бара жатқан.
-Балалар, -деді ол- егерде сендер тез берілсеңдер, онда кедей 
боласындар. Ең негізгісі, сендер бірдеңе істедіңдер. Кӛп адамдар бай 
болғысы келетіндіктерін армандап айтумен ғана болады. Ал, сендер 
бұл үшін бірдеңе істедіңдер. Мен қайталап айтамын, мен сендерді 
мақтан тұтам. Тоқтамаңдар. Күресті жалғастырыңдар. Біз, Майк 
екеуіміз үнсіз тұрдық. Мұны есту бізге қуанышты еді, сонымен бізге 
не істеу керек?
- Ал, папа сен неге бай емессің?,- деп сұрадым мен. Мен мұғалім 
болуды ойлағанмын. Мұғалімдер баю туралы ойламайды. Бізге оқыту 
ғана ұнайды. Мен сендерге кӛмектескім келді, бірақ, шындығында 
ақшаны қалай жасау керек екенін білмеймін. Біз алаңды жинастыруды 
әрі қарай жалғастырдық.
- Балалар егер сендер бай болғыларың келсе, менен сұрамаңдар. 
Майктің әкесіне барыңдар,- деді сӛзін жалғастырып.
- Менің әкеме ме?, -деді Майк таңданып.
- Ия, сенің әкеңе,- деп жауап берді менің әкем күлімсіреп. 
Екеуіміздің банкиріміз бір адам. Ол сенің әкең туралы ең жоғарғы 
пікірде. Сенің әкең ақша жасаудың жолдарын тамаша біледі, -деп 
айтқанын бірнеше рет естідім.
- Ол, менің әкем бе? -деді Майк сенімсіздікпен.


30 
- Ал, олай болса, онда бізде бай адамдардың мектептегі балалары 
секілді тамаша машина немесе үлкен үй жоқ?
- Жаңа машина және үлкен үй, қайткенде де сенің бай және 
ақшаны калай табу керектігін білетіндігінің белгісі емес,- деп жауап 
берді әкем.
Джиммидің әкесі қант плантациясында жұмыс істейді. Оның 
менен айырмашылығы шамалы. Ол компанияға жұмыс істесе, мен 
мемлекетке кызмет етем.
- Компания оған машина сатып алып берді. Бұл компанияның 
қазіргі кезеңде қаржылық проблемалары (қиындықтары) бар, енді 
жақында Джиммидің әкесінде ештеңе болмайды.
Ал, Майк, сенің әкең ондай емес. Ол меніңше ӛз империясын 
құруда, бірнеше жылдардан кейін, ең бай адам болады. Бұл сӛздер 
Майк екуімізді қайта қызықтыра түсті. Біз қосылып жасаған 
шаруамыздың қалдықтарын тездетіп жинастырып, Майктің әкесімен 
қашан және қай жерде кездесіп сӛйлесуіміз туралы ақылдастық. Оның 
қиындығы, ол кісі кӛп жұмыс істейтін, үйіне ӛте кеш оралатын. Ол 
кісіге кӛптеген қоймалар, құрылыс компаниясы, бірнеше дүкендер 
және үш ресторан қарайтын. Осы ресторандар үшін, ол жұмыста 
түнге дейін болатын. Ауланы жиыстырып болғаннан кейін, Майк 
автобусқа мініп үйіне кетті. Ол сол күні кешке әкесімен, бізге қалай 
бай болуды үйрете ме, әлде жоқ па?- соны сӛйлесіп, білуге асығып еді. 
Ӛте кеш болсада, Майк әңгімеден кейін маған телефон соғуға уәде 
етті. Кешкі 8.30 телефон соғылды.
- Тамаша,- дедім мен, келесі сенбіде, деп телефонды орнына 
қойдым. Майктің әкесі бізбен кездесіп, әңгімелесуге уәде қылды. 
Міне, сенбі күні таңғы 7.30 мен автобусқа мініп, қаланың кедейлер 
тұратын бӛлігіне тарттым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет